Қазақ әдебиеті | Сағи Жиенбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері

Мазмұны

І. Кіріспе
І тарау.
1.1.С. Жиенбаев лирикасының тақырыбы мен идеясы.
ІІ тарау.
1.2.Ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақтың бұлбұл үнді саршыл ақыны Сағи Жиенбаев өлеңдері бізде көп сөз бөле бермейді. Ол туралы сирек жазылады. Бірақ Сағи секілді ірі ақынның сый – сияпатқа бөлінуге әбден қақысы бар. Сағи туралы жарық көрген еңбектер бар болжаммен , поэзиясы толық зерттеліп болды деп айта алмаймыз. Сондықтан біз дипломдық жұмысымызда Сағи поэзиясы кең түрде ғылыми тұрғыда зерттеуді тақырыптың өзектілігі деп көрсетеміз.
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Талантты ақын С. Жиенбаевтың лирикалық шығармашылығына бұрын айтылған сын – пікірлерге шолу жасай отырып, оларға баға беріп лирикасының жетістіктері мен кемшіліктері тұжырым жасау.
Ғылыми болжамы: Келешек оқу үрдісінде ғылыми жобалармен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде , бақылау, курстық жұмыстарды және қазіргі дәуір әдебиеті пәнін өйткенде көмекші ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің нысаны: Диплом жұмысы орындау барысында көрнекті ақын С. Жиенбаевтың поэзиясының көркемдік ерекшелігіне тоқтап,қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, әдеби мұрасына қатысты материалдар арқылы ғылыми тұрғыдан талдап теориялық маңызына назар аудардық.
Диплом жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспе және екі үлкен тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақтың бұлбұл үнді сыршыл ақыны Сағи Жиенбаев жайында ең алғаш ақын ұсынған жыр жинағы арқылы оқып білдім.
Сағи -ағам-балалар ақыны емес. Бірақ балалық шақтың әсерін бойында сақтап қалған ақын. Қалам иесі үшін бұл үлкен бақыт. Бала шақ-Болашат аталатын үлкен университеттің алтын бастауы.
Жыр - адам жаның тазартады. Қалғып бара жатқан рухыңды сілкіп оятады. Жақсылыққа өмірге құлшындырады.Сағи ақын жырлары бейне мөлдір бастау. Шөліркеп келіп бас қойсаң сусының қанады, мұңдатып жүрсең өзің менсырласып шеріңді тарқатады. Бейне бір сырыңды сыртқа шашпас жан досыңмен сырласып отырғандай боласың. С.Жиенбаев өлеңдері үстіне кір жұқтырмас кірпияз жандай мұнтаздай таза болып келеді артық жол, басы артық бір сөз болсайшы. Әсемдікті сезіндіріп, әдемілік дүниесіне шомылдырып тұрып та терең ойланып, дүние ғаламға көзіңді ашып, көңіліңді оятып жатады.
Аңғар жақтан тұрады салқын жел есіп Күнгей бетің тебіндепті-ау көгі өсіп. Тағы да бір қимас жанды құндықтап, Тау басына қосылар бір төбешік. Осында табиғат суреті, тірлік мұраты, өлім бәрі де бар емес пе?! Және қалай жақсы, қалай ойлы айтылған.
Өнегелі жанның өмірінен қысқаша мәлімет. Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт деген ауылда дүниеге келген. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған руднигінде мұғалім болып қызмет істеген. Сол кездегі өлеңдері ц республикалық баста сөзде жариялана бастады.
1956 жылдан бірыңғай әдеби жұмыспен айналысты «Қазақ әдебиеті» Қазақстан пионері газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі болып, көп жылдар жазушы баспасының поэзия редакциясын басқарды. Кейін шығармашылық жұмыста болды.
Ақын өлеңдері мен поэмалары жеке кітап болып шыға бастайды. Атап айтсақҚарлығаш, өлеңдер, А. Жахушы 1959сыйлық, өлеңдер А.Жаузшы 1960, далагүлі (1961), теңіз сыры өлеңдер (1963), Тау алдында, өлеңдер (1964), менің көршім. Поэмалар (1965), Қайырлы таң. Өлеңдер (1966), Ақ қайың өлеңдер (1967), Ор киік. Өлеңдер (1969), Алтын қалам. Өлеңдер (1971), Жадымдасың жас күнем. Таңдамалы (1972), Әлия лирика. Поэма. (1973). Оймауыт. Жыр дастандар (1975), Ақ самал. Өлеңдер (1976), Құралай салқыны. Өлеңдер (1979), Бозторғай.Өлеңдер (1980), Іңкәр дүние. Таңдамалы (1981), Жарық жұлдыздар. Поэмалар (1983), Нан мен тұз. Өлеңдер мен поэмалар(1984) т.б. кітаптар да жарияланған. Ақын өелеңдері туысқан халықтар тілдеріне аударылған шет тілдерде басылған.
Ақынның көптеген өлеңдеріне қазақ қызметкерлері ән шығарады. Сағи Жиенбаев белгілі компазиторлар.
Ғазиза Жұмабаеваның «Еңлік - Кебек», Базарбай Жұмадияровтың «Махаббат» операларының либиритосын жазды.
Көрнекті ақын сағи Жиенбаев көркем аудармамен де шұғылданды. А. Пушкин, М. Лермонтов, О. Туманян, В. Брюсов, Р. Ғамзатов т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударып және кітап етіп бастырды.
Белгілі ақын, аудармашы Сағи Жиенбаев 1994 жылы қайтыс болды.
Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық - ақын шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық азаматтық кісілік, тазалық ұғымдарының қай-қайсысын да балалық бейнесінде береді. Демеқ, ақын шығармашылығында балалық - қарапайым тура мағынасында қолданудан, Дүние-тіршіліктің тірегі саналатын адалдыққа дейін баламаланып жетіп жатыр. Сондықтан да ақын соғыс аязы қарыған балалық шағына қарығыздар шығар. Ал біз ақынның балалық шақты басқыш етіп айтқан оймауыт ойлары мен жампаз жырларына қарыздармыз. Өйткені өзіңмен сырласып, өзіңмен мұндасып сөйлер ол жырлар бізді пендешіліктен тазартып періштелікке жетелейді. Ондай сәттері ақын да сезім құбылыс-құйылыстарын ойнақыландыра, қызындыра, қыздыра "жырлай келіп ...жас сәби қаз тұрғанда, Бар дүние кетті ғой сәби болып - деп аяқтап жатады. Ақын үшін Жер-дүниеде әділдіқ болуы үшін - бәріміздің, әрбіріміздің сәбилік сезіміміз өліп қалмауы керек. Сәбилік сезім ақын үшін кісілік кредосы! Ақын жыры бізді баурайды. Міне, осылай ақын өз оқырманын адалдыққа баулиды.
Үлкен, кіші деп жатар не бар, шыншыл жыр, сыршыл жыр - балғын бөбектерден бастап өлең сүйер өрендердің қай-қайсысын да бейтарап қалдырмайды, елітеді, ерітеді, тербейді, тебірентеді. "Кәмилаға» арналған мына бір өленді орып көрейікші:
Алғаш рет...
Қаз тұрады бүгін бөбек,
Басталады балапан ғұмыр бөлек.
Бел байлады балапан ұлы жолға,
Нәртәуекел!
Ал, кәні! Жүру керек! -болып басталады өлең! Осы алғашқы шумақтың өзінен-ақ нақты, затты сурет, өленге жан берер қимыл-қозғалыс, динамика, өлеңді өнер туындысына айналдырар ақындық философия көмейміз бе?! Ақын кішкентай ғұмырдың (бөбек) қаз-қаз тұруын әрбір адам үшін бөлекше сабақтағылар ғұмыр философиясына сабақтастыра жырлап отыр.
Бір бұл ғана ма, ақын соғыс қасіретін "Хат", "Оң аяқ" секілді өдеңдерде оңтайымен жьфлаған еді. Бүддфішн бала қара таныған соң қарттардың майдандағы жаумен жағаласып жүрген жауынгер ұлдарына хат жазып беріп отырады. Талай хат жазып, ата-ананы қуантады. Машықтанып алған лирикалық қаһарман:
Содан соң,
"Сырын" біліп ап,
Ұшырдым талай хаттарды.
Хат жазып беріп ұлына
Қуанттым қанша қарттарды -дейді.
Расында Ұлы Отан соғысы жылдарыңдағы қараңғы қазақы өмір картинасы емес пе? Жаңадан қара танып, хат жазуды үйренген бала үшін хат жазып беру, қарт ата-ана қуанғанын көргеннен артық бақыт жоқ қой. Сағи ақын өзі үшін жаңа "Америка ашқан бала психологиясын соншалық нәзік жырлайды. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа бармайды. Майданға жолдаған балақан хаттары "Сабылып майдан алабын" қайтып келіп тұр міне, ауыр тағдыр. Міне, өлендегі күтпеген бұрылыс. Бұл баласын күткен қарттардың үзілген үміті. Бұл - хат жазып беріп, үлкендер қажетін өтедім деген сәби көңілдегі қуаныштың күл-талқаны шыққаны. Соғыс картинасын, оның қан майданы мен тылдағы үміт-арманын жүрек бұлқынысымен, бұрылыс-бұрылысымен бұдан артық дэл елестету, бұдан артық дәл жырлау, эй мүмкін емес шығар-ау. Өз басым Сағи ағаның осы Хат", "Оң аяқ", Құлын" секілді бір шоғыр философиялық өлеңдерін қазақ поэзиясы классикасынан санаймын.
Мұндай жұтынып тұрған, үлкен тағдыр арқалаған өлендер ақында аз емес. Біз "жұпарым болса, жұртым ал" - дегендей, бар ғұмырын өлеңге арнап келе жатқан өнерпаз ағаға бар пейілімізбен қарыздар сезінеміз.
Бұл күнде Сағи ағаны ағаны таныстырған Әнуар аға Дүйсенбиев те жоқ мынау жарық жалғанда. "Жіпттің гүлі еді"деп атап, ақын досын есіне алып, естелік жазып, артындағы ұрпағына ақ адал пейілін беріп Сағи аға жүр. Досқа достық парызын деген. Ән-ағамды сағынғанда Сағи ағаға еркелегім келіп тұрады. Ақын Сағи Жиенбаев үлкен-кішіні бірдей жан бауыр тұтып, өзіңмен бірге мұндасып, өзіңмен бірге сырласып жақсылыққа жетелеп келе жатқан жорға ақын.
Біз жоғарыда лирикамыздағы жаңашылықпен дәсгүр сырын сөз еткен өленге динамика дарытып тұрган бүгінгі үрдстің осыңдай жан-жақтылығын елестетуді мақсат тұта талдадық. Дей тұрсақ өнедің негізгі өлшемі, критери осы
деп тастабандай тұрып қалуы мүмкін емес неге десеніз, бүгінгі рухани қажетімізді тек күрделіинтелектуал ғана өтейді деу әбестік. Талам мен рухани қажеттілікті мүмкіндігі де, талабда шекшіз, өсе береді, өзгере береді. Бірақ түп қазақ-өнер
қазығының мықтылығында гәп. Мәселен, Ю. Боңдаревтің, Залигиннің философиялық психологиялық анализін Евтушенконың, Айгматовтың фольклорлық тақырыпағы туыңдыпарынан жоғары қою мүмкін бе? Фольклор көне,
бүпнгі рухани қажетімізді өтей алмайды деуге болама. Сол секілді поэзиядада интелектуал ақын мыналар, деп белгі де соғаалмаймыз. Мұндай класификация өнер табиғатына жат. Алайда көркемдеу құралы тым күрделі бүгінгі ақындар сөзі – синтездік сапасы жоғары екенін байқатып отыр. Екшеу үшін шартты түрде басымдау белгілеріне қарапотырып, жіктегеніміз болмаса, орынды, орынсыз талшықтай беруді творчество көбінде көтере бермеуіде заңды.
Мәселен, Қ.Мырзалиевтің уақыт тездігін танытатын, зама шұшқырлығынан хабар беретін «ақылды» жырларының кейбір сілемдері Қадырдан стилі мүлде бөлек Жүмекеңде де жоқ дей аласызба? Немесе, Төлеген өлендерінде бүгінгі өмір сауалы, оқырман тілегі ескерілмеді деуге тіпті болмайды. Ендеше жаңа сөз ескі сөз дегеңде айрықша талғаммен бағалау ләзім. Өнердің прогресс жолы мен жүре алмауының бұлда бір айғағы деп білеміз. Олай болса, әдебиеттаңу ілімінің бүгінгі таңдағы өскелең талабы- математикалық логикалық тәсілмен поэзия талдау өнер мәселесіңде дұрыс нәриже бере алар ма екен? Мәселен С. Жиенбаевтің:
Еркелеп ойнап көктеммен Жас гүлдер бүршік жаршын Жазықта, Жасыл бөкгерде Алқызыл от боп жанатын. Солардан албырт кеудеңе
Есегін жулар қыр лебі.. Шыдайтн аттап желге де Кырмызы қырдың гүлдері Тұратын ылғи үлбіреп,- деген жолдарда ешбір тұр жаңалығы, сөз ойнату, образды сөйлеуге құштарлық мүлде сезілмейді. Алайда, ол өлең сапасьща нұқсан келтіріп тұр ма?
Рас, өлең-қарапайым өлең. Тілі, ойы қарапайым. Сөз жоқ, қарапайым қара сөз емес, поэзия қуаты молынан сезілетін, өмірлік тынысы кең, құны да өмірдің өзімен өзектес қарапайым. Өмірдің өзімен багалас мұндай қарапайымдылық қай жанарда болсын қолға сирек түсер сый. Ия, бұл бір әдісті екіншісіне қарсы қою емес. Әрбір көркемдік тәсілдің, стилдің өз сыры бар. Өз бояуы, өзіндік көркем шешімі бар. Мәннің бәрі көркемдік шешімге тіреледі.
Я, Сағи өлендерін оқу үстінде біз жаңа оралым, тың тіркестер іздеуден гөрі өзгеше бір лерикалық күй кешуге мәжбүр боламыз. Ақын өзінің сол жайсаң да сезімтал, шымыр да шынайы болмасынөлеңнің қалыпты формасын бұзбай-ақ, өзгеше түр іздемей-ақ жеткізе алады. Жеткізе алудың да көркем өнерде түрлері көп. Саги өлеңдері «жеткізе ауылдың» қатардағы емес, биігінен табылады.
Қарапайым тілде ұғысу-қазіргі көркемөнердің өзгеше бір белесіне айналғандай. Ол деген сөз көркем өнер жүгі жеңілдеді деген сөз емес, керсінше, көркемдеу құралдары нәзіктене түсті деген сөз. Қылдай тайса , қарабайырлыққа ұрынары анық. Жоғарыдағы Сағи өлеңдеріне зер салсақ сөз таңдаудағы талғам қиыннан қиысқан ішкі шеберлік «сөзде» екенін ақын тереңнен ұғады. Құлаш-құлаш ой айту, көл-көсір бейнелі тілді жайып тастаудан гөрі сол мол қазынаны сөзге сыйдыруға асып-таспай, ақын мінезбен бұрқ-сарқ етіп таусылмай, даурықпай сөзімді шымыр-шымыр қайнатуға ақын жақсы машықтанған. Сондықтан да Сағидан артық-кем мінез, басы артық сөз, бөтен қышықты іздесең таппайсың.
Сонша табиғи қабылданатын, еркін оқылып, еркіңді алатын жолдардың симметриялық реті бізді шландырады. Шеберлік сыларына тартады. Көптеген ғалымдарымыздың поэзиялық талдауды оның өнерімен өрелестігінен іздеуі тегін емес болуы керек.
Сағи өлеңдерін біз тек өнерлік тұрғыда қарастыру арқылы ғана маңызына жетеміз.Сағи өлеңдерінің эстетикалық тағлымы мол. Қалыпқа құйғандай сегіз буыннан шашау шықпай отырып-ақ өлеңнің зерін, көңілдің хошын қатар келтіреді. Өлең қанша табиғи болса сонша тұжырымды.
Иә, ол ежелгі поэзияның тепе-теңдік симметриясын сақтайды . Буын саны ғана емес; әрбір бунақ бір- бірімен дәлме-дәл үйлеседі. Көбіне алғашқы бунақ үш буын , екінші бунақ бес буын, тұрақты сегіз буын өлшемі.
Әр ақынның өз орны , өз өрнегі болумен бірге өзге ақындармен үндестік , творчестволық ортаға болатыны мәлім. Осы тұрғыдан келсек қазіргі қазақ поэзиясында Сағи, Өте жандарды бір қатарда қарастыру керек сияқты. Бұларды тұтастыратын көбіне таза лирикалық сипаты, жанрдың негізгі қасиетіне жете, тереңдете түсетіні болулары керек.
Сағи жырларына аға буын лириктеріміз Әбу Сәрсенбаев ,Ғали Орманов ықпал әсерін сезінуге болады. Мәселен, Сағи өлеңдерінен Әбудің «Ақша бұлты» мен Ғалидың лирикалық өлеңдерінің сарыны мен ырғағын жазбай танимыз.
Жарбиған жаман тон, тымақ
Жабысып кетті үстімде
Жанайын деген бір шырақ
Жалтылдап кетті ішімде,-деп ең алғаш Ғали жырлаған еді. Бұл кезінде лирикадағы жаңа сөз болатын. Әрбір жаңа сөз соңынан дәстүр ертеді. Осы сөйлеу әдісі, ырғақ Сағи өлеңдеріе етене жақын. Немесе, Ғали Ормановтың мына жолдарына зер салайық:
Сылдыраған тас бұлақ,
Көрдім таудан қайнаған.
Жағасында жас құрақ,
Суын сипап ойнаған.
Көрінді ыстық ол маған,
Жас күндегі бір кезімдей.
Жас жігітке қараған,
Жас сұлудың көзіндей.
деген жолдарын Сағидың:
Көктемнің балғын кезі еді, Әнші құс көкте ағылған. Жемнін; де жасыл өзегі Көгілдір мұнар жамылған. Сондай бір қүннің бірінде Жағаға келіп жаттым да, Саусағым басы дірілдеп, Атыңды жаздым ақ құмға,-
деген жолдарымен жалғастырсақ ұйқас та, ырғақ та егіз өлең сияқты. Ұйқас пен ырғақ қана емес, өлеңнің барлық болмысы, дүниені қабылдаудағы эстетикалық талғам, сезімнің нэзік сэттері сөз саптаудағы ұқсастыққа алып келеді. Әсіресе, өлеңнің басты элементі ырғақтың бір жерден шығуында да элгіндегі орталықтың ықпалы болған сияқты. Сонда, Сағидың осы өлеңін еліктеуден туған өлең дей аламыз ба? Жоқ, әрине. Ғалидың жыр -моншақтары бір кезде Сағиды қатты іңкәр етуі мүмкін. Талант күшіне еркін сенгендіктен де ол ақын ағаның өлең өлшеміне барып отыр. Ақын қателескен жоқ. Осы бір ырғақпен -ақ ақын не бір қайталанбас суреттер салды, сезімнің не бір нәзік қырларын ұштады. Осы жерде ол осы бір бастауды тереңдетті де, өзінің ақындық ерекшелігін даралай түсті.
Қай суреткер үшін де мэселе даралана алуында дедік жоғарыда. Сағи шын мәнінде бүгінгі қазақ лирикасында өзгеше орны бар ақын. Кірлі қолмен ұстауға болмайтын « бекзат» ақын. Әр бір ақынға айтатын сөзді Сағиға тілей аламыз. Өйткені, ол сырын тереңге жасыра білетін тым талғампаз суреткер. Иә, Сағи суреткер ақын. Әр ақын өзінше суреткер. Бірақ шынайы суреткерлікке көтерілетіндер сирек. Табиғаттың әсем көрінісін қағазға түсіріп берген ақынның бәрін суреткер дей алмаймыз.Белгілі деңгейде сезімге әсер өткенмен, болмыстан сұлу сыр түйіп, өмір философиясын тербеу ақыл мен сезімді бірдей талап етеді.
Ұлы істің барлығы да сүйюден басталады. Сағи сүйіспеншілігінің өзіне ғана тән өзгеше бір колориті бар. Ол қашанда абстрактылы ой, сезімнен аулақ. Оның сүйіспеншілігі қанша нақты болса, сонша нәзік. Ақынды эстетикалық биікке көтерійетін осы тұс. Ол өлшеусіз сезіміне өлшеусіз теңеу іздемейді. Сезімнің өз тілімен жеткізуге тырысады. Жүректің өз үнш тыңдатуға күш жұмсайды. Бұл жерде Сағидың өз стилі жол тартады.
Көктемдей нәзік сезіммен
Кеудені күйлер кернейді,
Қара бір жердің өзін де
Қаттырақ басқың келмейді,-деп ақын өз болмысын өзі жақсы ашады. Мұндай болмыс шынайы ақындарға ғана бітсе керек. Қейде сөз құдіреті, өнер теңізі дүниені жаулағанмен, болмыстағы өшпейтін адалдық шынайы сыр барлығынан да биік тұрмақ.
Ақын айтқыштықтан да гөрі осындай өміршең «пірлерге» көбірек сүйенетін,сыйынады.
Жыл сайын қырда гүл жүзіп,
Жайнаған кезде дүние_
Кеудемді желге сүйгізіп
Келемін туған үйіме. Жып-жылы сезім силаған осы жыр қаншама гуманистік арналарға бастау болары ақиқат. Осы қарапайым ғана баяндау стиліндегі жолдардың әрбір тармақтық тынысы қаншама кең десеңші. Тіпті, әрбір сөздің тасасында бір-бір өмір тұрғандай. Сөз тасасындағы тыныс қой шынайы поэзия белгісі. Яғни, ақын бір сәттік сезімін беру де ірілігінен хабар береді жоғарыдағы жолдар Сағидың суреткерлігін танытатын таңдаулы жолдары емес, алайдаф поэзия талабына толық жауап бола алады, өйткені, Сағи күнде өлең жазбайды. Ақындық қәсіп емес. Аз жазады, сақ жазады, саф жазады. Сондықтан өмірдің де, өнердің де нэрі ірілікке, жаңалықты ол эстетикалық экс.таздың ұшқырлануы деп біледі. Сөйтіп бабындағы байсалдьшық сезімнің ең жоғарғы нүктёсІнде де шығандатпайды, жалған пафос, артық сөзге орын жоқ. Ендеше, өсудің өзі табиғи . Жарқыл жоқ, өңкей маңыз. Ал, үңіліп қарар болсаңыз, сөз маңыздан қасандық емес арғымақ аттың жалындай маңдайлықты көресіз.Тұтынып тұрған муза бір эрпіне исеңіз, қатары бұзылатындай . Сұлулықты сезіну, оны жеткізу, қабілеті жағынан Сағиды Фетцен ғана теңестіруге болареді.
Бір уыс бұлттай бал дене Суырылып шығып ақ нұрдан, Көзімнен ұшқан сәуледей Зу ете түсті -ау алдымнан Еркелеп қырдың таңына Жанарың шықтай мөлдіреп Кездесермісің тағы да, Көрісермісің соңғы рет.
Осы бір даланың сұлу тағысын кезінде арқаның сирек серісі Сәкен де әдемі жырлаған еді, жеткізе айтқан еді.Сағи одан да гөрі лирикалық тэн шымырлықпен тұжырымдай түсті. Ақиқат пен әсемдікті қатар өріп, ңақты образ жасады, шындық шырайын піығарып, сұлулық бояуын қанықтырды. Хас өнердің өз тілімен сөйлеу поэзияның мәдениетін көтереді. Ендеше ақын жұртшылық талғамын тәрбиелеуге ондай шығармалардың әсері аз болмаса керек.

Осы бір даланың сұлу тағысын кезінде арқаның сирек серісі Сәкен де әдемі жырлаған еді, жеткізе айтқан еді.Сағи одан да гөрі лирикалық тэн шымырлықпен тұжырымдай түсті. Ақиқат пен әсемдікті қатар өріп, ңақты образ жасады, шындық шырайын піығарып, сұлулық бояуын қанықтырды. Хас өнердің өз тілімен сөйлеу поэзияның мәдениетін көтереді. Ендеше ақын жұртшылық талғамын тәрбиелеуге ондай шығармалардың әсері аз болмаса керек.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 197

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!