Ninety One тобы

 Ninety One тобы

Ninety One немесе 91 (/ˈnaɪnti wʌn/, қаз. "Тоқсан бір") — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.
Тарихы
Ninety One - миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы Қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы "Айыптама" әнімен дебют жасап, өздерін таныстырды. Ән көптеген музыкалық чарттардан алғашқы орындарды иеленіп, бейнебаяны мен топ мүшелерінің сырт келбеттері адамдардың қызығушылықтарын тудырды. Ары қарай, шығарылған күні-ақ хит болған мини-альбомдар мен синглдер халық назарына арты-артынан ұсыныла бастады. Бейнебаяндар YouTube желісінде көп қаралымдар жинап, 120 елдің музыкалық чарттарында бой көрсетті.
2015: Айыптама әнімен дебют алуы
Ninety One тобы 2014 жылы болған K-Top Idols жобасының негізінде KTI-boys деген атаумен құрылған. ZAQ пен A.Z бұл жобаның жеңімпаздары болған, ал ALEM мен BALA топқа кастинг арқылы қосылды. ACE SM-Entertainment агенттігінде 2,5 жыл стажер болып, топқа қосылды. KTI-boys 1,5 жыл бойы күрделі дайындықтан өтіп, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Ninety One атауымен алғашқы "Айыптама" синглын жарыққа шығарды. Дәл сол жылдың 8 қазан айында осы әнге бейнебаян түсіріліп, халық назарына ұсынылды. Клип Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы үздік атанып, 31 наурыз күні топқа Gakku TV арнасының арнайы сыйлығы табысталды[2]. 2015 жылдың 1 желтоқсанында топтың «Айыптама» атты дебюттік мини-альбомы жарық көрді. Альбомның презентациясы 1 желтоқсан күні Алматы қаласында өтсе, 8 желтоқсан күні Астана қаласында «Хан Шатыр» ойын-сауық кешенінде өткізілді.
2016: Қайтадан
2016 жылдың 3 ақпанында Ninety One тобының «Айыптама» альбомы «Apple Inc.» компаниясының iTunes медиаплееріне енгізілді[3]. 2016 жылдың 2 маусымында Алматы қаласында топтың «Қайтадан» әніне кезекті бейнебаян жарыққа шықты, ал 5 маусым күні Астана қаласында клиптің тұсаукесері өтті. Бұл бейнебаян да Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы 1 орында тұрып кезекті «Gakku Top Ten» арнайы сыйлығын иеленді. 2016 жылдың 4 қыркүйегінде Астана, ал 24 қыркүйек күні Алматы қаласында өнерлеріне 1 жол толуына орай жеке концерттерін берді. Сол жылы топ Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей, Петропавл, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларында өзінің жеке концерттерін беріп, 23 шілде - 5 тамыз аралығында Қытайда өткен Орда тобының жеке концертіне қатысты.
2017: "QARANGY ZHARYQ"
2017 жылдың 1 мамырында төрт айлық үзілістен кейін топ «QARANGY ZHARYQ» атты жаңа толық альбомына енген «Su asty» әніне түсірілген бейнебаянмен сахнаға қайта оралды (comeback). Әннің тұсауы НТК телеарнасында кесілді[4]. «QARANGY ZHARYQ» альбомының алғашқы бөлімінің тұсаукесерінде жігіттер аталмыш альбом бес шағын альбомнан тұратындығын және әр альбомға екі ән енетіндігін айтты. Сонымен қатар альбомның ішінде Қазақстандық алғашқы комикс - пайым («paiym») жарыққа шақты. Пайым атауы - Su Asty Corporation. Қазіргі кезде альбомның тек 2 бөлімі жарық көрді. 2017 жылдың 2 шілдесінде 91 тобы "QARANGY ZHARYQ" атты ресми турын Талдықорғанда бастап, Қазақстанның Тараз (4 шілде), Орал (7 шілде), Ақтау (9 шілде), Қостанай (11 шілде), Өскемен (13 шілде) және Семей (14 шілде) сияқты қалаларында өздерінің жеке концерттерін қойып, 16 шілде күні Қарағанды қаласында турларын аяқтады.
Топ атауы
Топ атауы алғашында KTI-boys болған. Одан 91- ге ауысты. Топтың "NINETY ONE" деп аталуын топ мүшелері Қазақстан Республикасының 1991 жылы алынған тәуелсіздігімен түсіндіреді. Топ бұнымен өздерін де, өз музыкасының, стилінің тәуелсіз екенін көрсеткісі келді.
Сын
Ninety One тобы құрылған сәттен бастап, сыртқы келбеттеріне сын айтушылар саны көп болды. Топтың алғашқы бейнебаянына әлемнің 120 мемлекеті назар аударып, 50-ден астамы видео-реакция түсіріп, өнерлерін мойындағанымен, Қазақстанның орта буыны қабылдамады. Мәселен, Жігіттер тобының мүшесі Бағлан Әбдіраймов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосынов, Төреғали Төреәлі сияқты өнер адамдары топқа қарсылықтарын білдірді. Ал Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев,Тұрсынбек Қабатов cынды әртістері және өнер жолындағы жас буын топты қолдап шықты. Сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды қалаларында ұйымдастырушылардың жауапкершілігінің төмен болуына байланысты топтың жеке концерттері болмай қалды. Шымкент және Ақтөбе қалаларында концерттерінің болмай қалған оған аға буын өкілдері қарсы шыққан болатын......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!