Мақпал Исабекова (1984 жылы 21 ақпан)

 Мақпал Исабекова (1984 жылы 21 ақпан)

Мақпал Исабекова 1984 жылы 21 ақпанда Жаркент қаласында дүниеге келген. Әншінің әкесі оның есімін ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ұқсасын деп қойған екен. Мақпал қалың көрерменге 2003-2004 жылдары ұйымдастырылған «SupersStar kz» жобасы арқылы танылды. Ол финалға шыққан 12 қатысушының бірі болғанымен, жетінші кезеңде жобадан шығып қалды. Бұдан кейін Мақпал продюсер Эрик Тастамбековтің қолдауымен өзінің жеке карьерасына кірісті.
Мақпал үлкен сахнаға шыққан алғашқы жылдары көрерменге «Аяла мені», «Кто остановит дождь?», «Мен жайлы», «О тебе», «Холода», «Была ли любовь» әндері арқылы кеңірек танылды. Ал, оның 2005 жылы Юрмалада өткен «Новая волна» фестивалінде «Көрермендер көзайымы» атануы ТМД елдеріне де жақсы танылуына себеп болды. Әнші одан кейінгі жылдарда өткізілген «Новая волна» фестивальдеріне құрметті қонақ ретінде шақырылып, Доминик Джокер, Нюша, Ирина Дубцова, Тимати және тағы басқа ресейлік әншілермен бірге ән шырқады.
Мақпал Исабекова 2008-2009 жылдары ресейлік продюсер Доминик Джокер және Сергей Жуковпен бірге жұмыс істеді. Ал, 2009 жылдың көктемінде әнші Алматыдағы Республика сарайында өзінің алғашқы есеп беру концертін өткізді.
Мақпал – өте ізденімпаз ару. Ол қазір көпшілікке әнші ғана емес, актриса ретінде де танымал. 2014 жылы ол «Загнанная» деп аталатын экшн-фильмде (режиссері – Сапар Төлеген) басты рөлді алып шықты. 2015 жылы Мақпал Маңғыстау облысында түсірілген «Қазына» сериалына түсті. Ал, 2016 жылдың соңында қазақ тіліне аударылған голливудтық «Моана» мультфильмінде басты кейіпкерлердің бірін дыбыстады.
Сахнаға алғаш шыққан жылдары Мақпал көбіне орыс тілінде ән салатын. Сол кезеңде оның қазақтілді баспасөз өкіліне берген «Мен қазақ әншілерін тыңдамаймын» деген сұхбаты оқырмандар арасында біраз шу тудырды. Ал, бүгінде әнші ару қазақ тілінде де, орыс тілінде де әп-әдемі ән салып, сұхбат беріп жүр. Соңғы жылдар бедерінде Мақпал тыңдарманға «Хабарласпа», «Сеземін», «Обними», «Сағындым» сияқты әсем әндерді ұсынды.
Мақпалдың әнші ретінде тапқан алғашқы табысы – 30 доллар. Ол бұл қаражатқа джинсы белдемше мен кофта сатып алған екен.
Оның екі дипломы бар (экономист, актриса).
Мақпал «SupersStar kz» жобасында Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы «Отан-ана» әнімен финалға шықты.
Әншінің өз бойындағы ұнатпайтын кемшілігі – қырсықтығы.
Әзірше Мақпал Исабекованың үш үнтабағы бар. Олар: «Первый поцелуй», «Мен жайлы», «Улетаю».


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?