Әйгерім Рақыш (Ayree)

 Әйгерім Рақыш (Ayree)

Жас әнші (шын есімі – Әйгерім Рақыш) Ayree 1992 жылы музыканттар отбасында дүниеге келген. Әйгерімнің әкесі саксофонда ойнайды, анасы вокалдан сабақ береді. Бауырларының бәрі де музыкаға жақын. Әйгерімнің өзі музыкалық мектепте 10 жыл бойы домбыра сыныбында сабақ алған. Одан кейін Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдады.
Ayree-ді көрермендер 2013 жылы өткен «Қазақстан даусы» жобасы арқылы таныды. Ол кезде Әйгерім финалға дейін жетіп, жоба соңында 2-орынға ие болған еді. Ал жеке әнші ретінде үлкен сахнаға 2016 жылы 1 наурызда «Шоу» әнімен (авторы – Бауыржан Бимахан) шықты. Сол аралықта жас әншінің алғашқы бейнебаяны да түсірілді. 2016 жылды жас орындаушы үшін толассыз ізденістер жылы болды деуге болады. Дәл осы жылы ол «ABU» телевизиялық әндер фестиваліне қатысып, Франция мен Қытайға гастрольдік сапармен барып келді.
Ал, 2017 жыл Ayree үшін одан бетер жемісті жыл болды. Ол Қазақстанның атынан «Славян базары» байқауына қатысып, 5-орын алды. Әншінің өзі дәл осы жобадан үйренгені көп екенін сұхбаттарында жиі айтады. Сондай-ақ, Әйгерім осы жылы Еуразиялық музыка сыйлығында (ЕМА) «Ең үздік ән» және «Жыл жаңалығы» аталымдарында жеңіске жетті. Ayree мен талантты әнші Арай Айдарханның бірігіп орындаған «Қинама мені» әнін тыңдармандар жылы қабылдады. Осы әнге екеуі екі жақта жүріп түсірген бейнебаяны да ғаламторда көп мақталды. Ал, жақында Ayree Мәдина Сәдуақасовамен бірге «Өзгелер мендей бола ала ма?» дуэтін жаздырды.
Қазірге дейін Ayree «Үміт алдамайды», «Кешір мені», «Сенемін махаббатқа», «Шоу», «Жолыңа мен қараймын», «Мінезім солай», «Бақыт деген», «Алға», «Үндемедің», «Жасайықшы selfie» және тағы басқа әндер орындап үлгерді. Ол өз шығармашылығынан бөлек, басқа орындаушыларға да ән жазады. Бүгінде Әйгерім күніне кем дегенде 5-6 сағатын студияда өткізеді. Алдағы уақытта тек қана рок әндерден тұратын бір альбом жарыққа шығаруды армандайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?