Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер

Өнер, білім және тіл

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Жүсіп Баласағұн

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Луций Анней Сенека
558,5 -302,5

Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып.....
146,5 -80,5

Қорқыт ата

Қыз ақылды ескермес-ана үлгісін көрмесе
Ұл жарлықап ас бермес-әке үлгісін көрмесе

Адам өмірі-қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбилеген ұтады екен.
183 -102

Мұхтар Әуезов

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Адам көркі – ақыл.

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.
199,5 -111,5

Өмір

Өмір — теңіз, тағдыр — кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.

Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында.

Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі-өнегесі көп-ақ, бірақ оған қорытынды жасап ойланбаймыз.
4,5 -1,5

Кун Фу Сзы (Конфуций)

Өмірде әйелдермен және төмен адамдармен дұрыс қатынас қалыптастыру қиын. Жақындап кетсеңіз - жабысып алады, алысиасаңыз - көрмей кетеді.
258 -141

Қанатты сөздер: Ұстаз, мұғалім, оқытушы

Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы

Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді.
Адольф Дистервег

…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани.

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек
В. Маяковский.

Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.
В.О.Ключевский.
122,5 -64,5

Ахмет Байтұрсынов

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Сөздің ең ұлысы – тарих.
184,5 -101,5

Достық

Жүргенде көп достық атын малданып
Алайда тек қалма оған алданып
Әл-Фараби

Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер
Жүсіп Баласағұни
149 -84