Сынып сағаты тақырыбы: «Арулар асыл жандар»


 

Сынып сағаты тақырыбы: «Арулар асыл жандар»

1- жүргізуші Асқат:

Білімді оқу озаты сыныптағы,

Талай қиын істерді құрықтады.

Елдананың алдында талай іс тұр,

Болашақта үміт отты жандырады.

2- жүргізуші Еркебұлан:

Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы да сай келетін

Екінші келе жатқан –бұл Зарема

1- жүргізуші Асқат:

Жақсыдан артта із қалмақ,

Данадан айтар сөз қалмақ,

Еркеназдай аруға қарасаң,

Жайнап бір тұрған қызғалдақ.

2- жүргізуші Еркебұлан:

Жанель деген арудың,

Суреттесең келбетін

Шартарапқа шашып нұр,

Аспанның айы жерде тұр.

1- жүргізуші Асқат:

Мінезі жұмсақ мақпалдай,

Көргенде таңдай қақандай.

Каусар ару қайда бар

Арайлап атқан ақ таңдай.

2- жүргізуші Еркебұлан:

Сабырлы әрі салмақты,

Өзі өнерлі, жан-жақты.

Келе жатқан Мадина

Мерекені бүгін жалғапты.

1- жүргізуші Асқат:

Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Илана қыз ұстазының айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

2- жүргізуші Еркебұлан:

Инабатты ибалы

Достыққа ол шынайы

Қарсы алайық Інжуді

Жарқын жүзді жайдарлы

1- жүргізуші Асқат:

Сыпайы оның мінезі

Жанға шуақ лебізі

Ортамызда Алқажан

Сұлу қыздың үлгсі

2- жүргізуші Еркебұлан:

Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Сыныптың мақтанышы бұл ару

Алтынайдай қыз табылмас

1- жүргізуші Асқат: Армысыздар, гүлдей құлпырған, даланың лала гүліндей жайқалған қыздар! 

2- жүргізуші Еркебұлан: Бүгінгі келіп жеткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні, аналар күні, қыздарымыздың төл мерекесі құтты болсын!

1- жүргізуші Асқат: Аналарым, әжелерім ақ маңдай, 

Сүйсіндіріп, ағарып таң атқандай. 

Бар табиғат құлпырып-ақ кетіпті, 

Сұлулыққа басын иіп жатқандай. 

2- жүргізуші Еркебұлан: Па, шіркін! Қандай өлең, арнадың, 

Өлеңіңді өлеңіме жалғадым. 

Мың сұлудың алдындамыз қарашы, 

Бар ма, айтшы, бүгін сенің арманың 

1- жүргізуші Асқат: Иә, арман демекші, армандау әрбір оқушының қасиеті. Болашақ түлектер, білімді ұрпақ. Ал сол білімді ұрпақты тәрбиелеуші кім?

2- жүргізуші Еркебұлан: Ұстаз! Ұстаздың қолына әкеліп, бізді тапсыратын кім? 

1- жүргізуші Асқат: Аналар! Анамыздан тығып сарқытын беретін кім? 

2- жүргізуші Еркебұлан: Әжелер! Әжелерінің сүйікті әрі сұлу немерелері кім? 

1- жүргізуші Асқат: Қыздар! Барша әйелдер қауымы БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Біздің бүгінгі сіздерге арнап отырған «Әлемнің асылы – сұлулар» атты концертімізге қош келдіңіздер! 

2- жүргізуші Еркебұлан: Концертімізді бастамас бұрын Жігіттеріміз дайындаған видеороликке кезек берейік. Шапалақпен қарсы алыңыздар! 

1- жүргізуші Асқат: Аналар демекші, анаңа осы мереке күні қандай сыйлық берейін деп жатырсың? 

2- жүргізуші Еркебұлан: Білмеймін әлі. Бәлкім гүл алатын болармын. 

1- жүргізуші Асқат:  Әпкең мен әжеңе ше? 

2- жүргізуші Еркебұлан:Айта бермеші, онсыз да басым қата бастады. Тез өтіп кетсе екен... 

1- жүргізуші Асқат:Жылына бір келетін мерекені тез өтіп кетсін дегені несі, қой қайта қуану керек. Аналардың мерекесі ғой. 

2- жүргізуші Еркебұлан:Бір нәрсе айтайыншы, қызыңа не аласың? 

1- жүргізуші Асқат: Ойбу, мереке тез өтіп кетсе екен... 

2- жүргізуші Еркебұлан:Әрине, мұның бәрі әзіл. Біз концертімізді әрі қарай жалғастырамыз. Ортада өздерінің қыздарға деген ән шашуымен сыныбымыздың сері жігіттерін қошеметпен қарсы алыңыздар. «16 қыз» әні.

1- жүргізуші Асқат:Қыздар, қыздар, сұлу қыздар... ( әнін әндетіп сахнаға жүргізуші шығады) 

2- жүргізуші Еркебұлан:Әлемнің жарығын, 

Сыйладың сен маған... (екінші әнді орындап екінші жүргізуші шығады). 

1- жүргізуші Асқат:Шынымен, әлем ақындары таң қалатындай, қыздар қауымы сұлу ғой шіркін. Олардың күлкісі аққан бұлақтың сыңғыр дауысындай. 

2- жүргізуші Еркебұлан:Көздері мөлдір, жаңа жауған жаңбырдың тамшысындай. 

1- жүргізуші Асқат:Жүздері жұлдыздан жаралғандай, жарық шашып тұрады. 

2- жүргізуші Еркебұлан:Жә, осы жерден тоқтатып, келесі өнерпаз жігіттерге кезек берейік. Өздерінің қағытпа-қалжыңдарымен жігіттерден құралған жайдарман құрамасын қарсы алыңыздар. 

(әзіл ойнайды. 5-10 минут арасы) 

1- жүргізуші Асқат: Нағыз қазақ, қазақ емес – домбыра демекші, ортада күмбірлеген күйімен Маулет Ағанасты______________________________ қарсы алыңыздар! 

2- жүргізуші Еркебұлан:Осы қыздар қауымын «әлемнің сегізінші кереметі» десем сенесің бе? 

1- жүргізуші Асқат:Қалай сонда? 

2- жүргізуші Еркебұлан:Әлемнің жеті кереметін бәріміз білеміз, сол секілді қыздарды білмейтін адам жоқ қой. 

1- жүргізуші Асқат:Сен қызықсың, жігіттерді де біледі ғой.

2- жүргізуші Еркебұлан:Жоқ, бізді біледі. Бірақ біз олар секілді еленіп-ескерілмейміз ғой. Олардың сұлулығына тамсанып қанша ақын жыр жазды, ән жазылды, күй шықты, тіпті, білмеймін енді. 

1- жүргізуші Асқат:Қой, олай көңіліңді түсірме. Сен негізі білмейді екенсің. Олар тек бүгін, 8 наурыз күні ғана еленеді. 365 күннің бір күні ғана нәзік жандылардың, ал қалған 364 күн біз секілді нәзік емес жандардың күні ғой. Қайта мақтан! 

2- жүргізуші Еркебұлан: Оны ойламаппын. Жарайды. Қарсы алыңыздар, ортада өз өнерлерімен жігіттерді қарсы алыңыздар. «Тренд билер»

1- жүргізуші Асқат:Көктемменен құлпырып, 

Жүректерге нұр тұнып. 

Қайта жарды бүршігін, 

Бәйшешектер бұлқынып. 

2- жүргізуші Еркебұлан: Мерекесі асылдың, 

Мерейін ал асырдым. 

Сұлулары әлемнің, 

Сұлулары ғасырдың. 

1- жүргізуші Асқат: Сіздерге шын жүректен бақыт және сұлулық тілейміз. Қартаймаңыздар. Мәңгі жасыл шыршадай құлпырып қасымызда жүре беріңіздер! 

2- жүргізуші Еркебұлан: Құрметті арулар тағы да мерекелеріңізбен! Келесі күнде жолыққанша сау болыңыздар! 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу