Кун Фу Сзы (Конфуций)

 Кун Фу Сзы (Конфуций)

Қазақша Нақыл сөздер жинағы, Кун Фу Сзы (Конфуций) - Қазақша Нақыл сөздер жинағыКонфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.

Өмірде әйелдермен және төмен адамдармен дұрыс қатынас қалыптастыру қиын. Жақындап кетсеңіз - жабысып алады, алысиасаңыз - көрмей кетеді.

Адамдар мені түсінбесе қапаланбаймын, керісінше мен оларды түсінбесем, қапаланамын.

Оқытуды тәжірибесіз жүргізу нәтижесіз болуы ғажап емес, ал тәжірибені оқусыз жүргізу - қауіпті.

Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді...

Өмірдің не екенін түсіне алмай, өлімнің не екенін қалай түсінбекпіз?

Өте ақылдылар мен өте ақылсыздар ғана өмірде өзін-өзі өзгерте алмайды.

Өте шыншыл бол, үйренгенді сүйе біл, өлімге дейін берік болып, жақсарған үстіне жақсара түс. Егер елге қауіп төніп тұрса, онда барма,ал бүлік шықса, онда тұрақтап қалма. Егер адамдар дұрыс жолмен жүрсе, әрқашан елдің көз алдында бол, ал жолдары дұрыс болмаса-жасырынып қал. Егер елде дұрыс бағыт болса, жарлы да елеусіз болудан қысыл, ал бағыты дұрыс болса, әйгілі де дәулетті болудан қысыл.

Кім қателігін түзетпесе, сол үлкен қателік.

Өзіңе тілемегенді адамдарға істеме, сонда мемлекетте де, отбасында да саған жауластықпен қарамайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. БАЙМАГАМБЕТ
    БАЙМАГАМБЕТ 11.01.2021 21:27
    0 + 0 -
    Негізі Кун Фун Сзы емес Кун Фун ЦЗЫ!!! Ал бірақ барлы жақсы, КЕРЕМЕТ!!! Маған ұнады. РАХМЕТ
    1. Санжар
      Санжар 11.01.2021 21:32
      0 + 1 -
      оте жаксы сизге косыламын!
  2. Malika Orinbayeva
    Malika Orinbayeva 12.01.2017 21:49
    0 + 1 -
    Гажап
  3. Asylzhan Zhakupova
    Asylzhan Zhakupova 07.09.2014 22:36
    0 + 1 -
    )))