Жетіген аспабының шығу тарихы


Күй аңызы
Жетіген аспабының шығу тарихы
Баяғыда Жетіген деген қарияның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елге зобалаң келіп, ұлдары өмірден өтеді. Көп жылап, жанары суалған қария ағашты ойып, аспап жасайды. Оған әр баласы өлген сайын жылқы қылынан ішек тағып отырады.
Тұңғышы Қания қайтыс болғанда, бір ішекпен «Қарағым» күйін шертеді. Екінші ұлы Төреалымның өліміне екі ішекпен – «Қанат сынар» күйін шығарады. Үшіншісі Жайкелді өлгенде – «Құмарым» күйін үш ішекпен тартады. Төртінші ұлы Бекенге төрт ішекпен – «От сөнер» деген жоқтау шығарады. Бесіншісі Хауастың қайғысына – «Бақыт көшті» деген күй арнайды. Алтыншысы Жұлзарға ажал жеткенде – «Күн тұтылды» деген күй туады. Кенжесі Ілияс қайтқанда, қарт жетінші ішекті тағып, жетінші күйін шертеді.
Қарттың жеті ұлын жоқтап жасаған аспабын ел «Жетіген» деп атапты. Ал оның ұлдарына арнап шығарған күйлері «Жетігеннің жетеуі» деген атпен ел арасына тарапты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Источник: bilimsite.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу