Ұжымдас әріптес: туған күнге құттықтау, тілектер


Ұжымдастарға тілек, ұжымға арналған тілектер, жұмысқа тілек, ұжымға тілек, əріптестерге тілек, ужымдастар туралы андер, әріптестер туралы өлеңдер, әріптесіме тілек, касиби мерекеге тилек, Құттықтау тілектер ұжымдастар атынан


Туған күніңмен! Әр күн мереке сияқты болсын деп тілеймін. Бақытты күндер, қуанышты сәттер және жақсы жағдайлар. Сіздерге жарқын жеңістер, жұмыста табыс және отбасылық амандық тілеймін!




Сізге жұмыста табыс пен шабыт, отбасында махаббат пен жылулық, достар мен әріптестер арасында құрмет, түсіністік пен мейірімділік тілеймін! Туған күніңмен ұжымдас әрістесім, міндетті түрде армандарын орындалсын және бәрі ойдағыдай болсын!




Шаттық күнді талай бірге жырластық,
Қырға ассақ та ұжым болып қырға астық.
Замдарымыз болса-дағы бірнешеу,
Бастығымыз - бәрімізге бір бастық.

Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік,
Мамандармыз, болмайды істе білместік.
Бірімізге тілекшіміз бәріміз,
Жүрмейді мұнда пендешілік күндестік.

Таныс мұнда барлығы да ал саған,
Басқа ұжымды емессің сен аңсаған.
Әрбір жылың осында өткен бағалы,
Біледі соны осы жерде қанша адам.

Қарайлаумен мағыналы өткенге,
Құттықтаймыз төбең көкке жеткенде.
Мақсаттарың жүзеге ассын ойдағы,
Мақсаты жоқ бізде өйткені жоқ пенде.

Шын тілекші саған бүгін екен ел,
Жұмысыңда жетістікке жете бер.
Биіктерден қол бұлғасын марапат,
Еткен еңбек қашанда да өтелер.

Әрбір күнің сеніміңді ақтасын,
Аман болсын өз отаның - отбасың.
Тәжірибең тың ойларға жетелеп,
Бола берсін басыңда тек бақ басым.

Тағы лебіз айтайық жақсы болып кеш,
Сен де талай ұжымдасты дәріптес.
Саған табыс тілейді бүгін барлығы,
Құтты болсын қуанышың, әріптес!

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. әріптес туған күніңмен
    3 + 0 -
    Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
    Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз.
    Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін
    Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.

    Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
    Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
    Шаттықпенен көріп таңның арайын,
    Жаратушы төксін игі жақсылық.

    55 – мерейлі жас ер үшін,
    Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.
    Әлі талай қызықтарға кенеліп,
    Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісін.

    *********

    Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер, болашағынан үлкен үміт күттіретін білімді де білікті жас маман ретінде танимыз. Қызыққа құштар, сұлулыққа іңкәр жастық шақтың жалауын жықпай, жылуын мәңгі жоғалтпай, ақ махаббат пен таза достықтың адалдығына сүйеніп, еңбектің жемісі мен жеңісіне кенеліп, мақсат-мұратыңызға мүдірмей, армандарыңызға адаспай жетуіңізді тілейміз.
    Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз, өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын!

    *** *** *** ***

    Тізгіні өзіңізге сеніп тапсырылған .......................... бөлімінің жұмысын сапалы да ұтымды жүргізу ісіндегі еңбегіңізді аса жоғары бағалаймыз.
    Салаңыздың білгірісіз – санаңыз ілгері болсын, еңбектің озатысыз – ойыңыз озық болсын деп тілейміз.

    *** *** *** ***

    Туған күніңізге орай әріптестеріңіздің ақ көңілінен шыққан құттықтаулары мен жылы лебіз-тілектерін қабыл алыңыз. Жас та болсаңыз, өзіңіздің еңбек етіп жүрген салаңызда білікті де білгір маман ретінде танылып үлгердіңіз. Осы айтулы сәтте Сізге келешекте мамандығыңыздың үздік шебері атанып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз. Өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос-жолдастарыңа қадірле де сыйлы боп тек биіктерден көріне бер!

    ++++

    Сіз талантты, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.

    *** *** *** ***

    Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой-беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыз. Туған күніңіз құтты болсын! Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз.

    *** *** *** ***

    Ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы, қарапайым мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз үшін үлгі тұтып сыйлайтынын білдіргіміз келеді. Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын.