Туған жер

Туған жер

Болатұлы Амандос
6 сынып, Нұрым орта мектебі
Кербұлақ ауданы, Нұрым ауылы


Менің туған жерім Нұрым ауылы. Мен Нұрым ауылында өстім. Ауыл құмдауыт жерде орналасқан. Біздің ауыл «Алтынемел» МҰТП-нің
аумағында орналасқан. Ұлттық паркте Айғайқұм, Қату, Ақтау , Бесшатыр қорғаны, Мыңбұлақ және қазақтың ғалымы, саяхатшы Ш.Уалиханов су ішкен «Шоқан бастауы» бар . Осы өңірде «Қызыл кітапқа» енген тораңғы ағашы мен бұталар, дәрілік өсімдіктері, уқорғасын, қызыл мия, қызғалдақ гүлдерінің сирек кездесетін сұрыптары кездеседі. «Алтынемел» МҰТП-не шетелден көптеген саяхатшылар келеді. Ауылымыз көркейген, көгалданған мекен болсын деп Құлжабаева Гүзел апай бізге үлкен-үлкен бақтар егіп берді. Осы ауылда өмірге келген ҚР халық әншісі Н.Нүсіпжановқа арналған үлкен бақ ашты. Бұл баққа алма, алмұрт, жаңғақ, жиде тағы неше түрлі жеміс ағаштарын отырғызды. Қоршау ретінде шетіне талдар мен көктеректер және жылдам өсетін қытай теректерін екті. Ауылдың солтүстік-батысына 5 гектар жерге күміс жапырақты теректі алқап егіп берді. Қылқанжапырақтылар ауаны жақсы тазартады және қыс мезгілінде де аулаға әдемі көрік береді.
«Гүлстан » журналының бас редакторы Құлжабаева Г.Ә. 2010 жылы күзде мешіттің жанына қылқанжапырақты бақ екті. Екі гектар жерге қылқанжапырақты шырша мен қарағайдың көшетін отырғызуға алып келді. Қылқанжапырақтыларды жерге отырғызуға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен мұғалімдері де көмектесті. Нұрым орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т.Т. Нурманова апаймен бірге қарағайларды санап, ұзындығын, арақашықтығын өлшеп, арамшөптен тазартып, күнделікке жазып жүреміз.

Қарағайлы алқаптың ені - 50метр, ұзындығы - 400метр, ауданы – 2 гектар. Барлығы -12 арық. Тас жол жақтан бастағанда бірінші, екінші қатарға - түгелдей шырша, 3,4,5,6,7,8,9,10-қатар қарағайлар, бас және аяқ жақтарына шыршалар егілген. 11,12 –қатарға шыршалар егілген.

Еліміздің көркейіп дамуына өз үлесін қосып жатқан ауылымыздан шыққан Құлжабаева Гүзел апайға кішкентай бүлдіршіндер, мектеп мұғалімдері , әкімшілік , ауылдың адамдары да риза. Қазір ауылымыз гүлденіп тұр. Тайыржан атамның үйіне 6-түп алма,10-түп шие,5-түп алмұрт және 4 -түп жаңғақ ектік. «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген мақал бекер айтылмаған ғой. Мен де ауылымның гүлденуіне, көгалдануына атсалысқым келеді.



Мұса Әсел 9 сынып
Отырар ауданы, Қоғам ауылы
Жетекшісі: Қазақбаева А.


  Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен,өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сон-дықтан да тіпті балалық шақтан бастап -ақ әрбір жеке тұлға адамда отанға деген махаббат езімі оянады.Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Отырар ауданы Қоғам ауылынан бастау алады.Дәл осы жерде менің көңілді де,шаттықты,уайымсыз балалық шағым өтті.Үйдің маңындағы аулада ойнаған достарым-мен өткен қызық күндерім әлі есімде.Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді.Туған жердің топырағы, суы мен ауасы,түтіні де қымбат. Адамның өскен жері адамның жанына,сана- сезіміне әсер етіп , мәңгілік есіңде қалады екен.Мен тұратын өлкенің табиғаты әсем. Ағаштар арасында серуендегенді ұнатамын.Құстары сан алуан әу-енге салып сайрағанда , адамның көңіл-күйін жақсар- тады. Жерге жабысып өскен түрлі құлпырған гүлдері бейне бір түкті кілемдей көзді қызықтырады.Салқын жел,таза ауа,жасыл желекке оралған дала деуге болады.Туған жердің түтіні де ыстық.
Отырар тарихи орта ғасырлық қала. Отырарда небір атақты, дүлділдер туылған.Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби,сазгер Шәмші Қалдаяқов, ақын Мұхтар Шаханов, сатирик Көпен Әмірбеков секілді ұлы даңқты тұлғалар дүниеге келген аймақ.Қоғам ауылынан шыққан, қазір де ерекше дарынымен көзге түскен, журналист, " Жеті күн" және осы "Орталық" бағдарламаларын жүргізіп жүрген Нұрсұлтан Құрманды айта кетуге болады. Осындай жерде туылғаныма әрдайым мақтан тұтам.Осы туған жер үшін қаншама ержүрек, батыр ұл-қыздарымыз жаулармен шайқасып , келешек ұрпақ үшін бабаларымыз жандарын қиған. Сондықтан да оны қадірлеп ұстауымыз керек . Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды.Отан табиғаты ерекше ыстық .Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады. Әр адам өз туған жерін құрметтеу және сүю керек.Туған ел,жер туралы ақын-жазушылар ұлы шығармалар, ән- жыр жазған. Ең алдымен адам, өз елінің перзенті, өзінің туған жеріне жан- жүрегімен берілген азамат болуы керек.
Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін- бүгінмен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады.Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп,оның жарқын болашағына сенеді.Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің барлық мүддесін,игілігінежұмсайды. Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп,бірақ адамның туған анасы да біреу, оның Отаны да біреу ғана.Біздің Қазақстан- көп ұлтты мемлекет.130- дан астам ұлттар мен ұлт өкілдері мекендейтін полиэтникалық мемлекет. Қазақстан-қазақ халқының мекені. Бұл жерде ата-бабамыз өмір сүрді.Оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Қазақстан даласы дарқан, топырағы қасиетті,қойнауы қазыналы.
Қазақ даласы кең байтақ ! Қай елдің адамы болсын,өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы- Анасына балайды.Туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен терең де ыстық сезімім тамаша! Байтақ ел, сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық
мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Біздің тәуелсіздігіміздің айғағындай,елдігіміздің белгісіндей,алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір патриоттық сезім билейді.
Адамның патриоттық сезімінің нысаны мен қайнар көзі Отан болып табылады. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүрі, тарихи құнды ескерткіштері, киелі жерлер- жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді бейтарап қалдыра алмайды.Елін сүю әркімнің жеке ісі,өз арының ісі. Біздің елде биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына кезекті жолдауы болды.Мен бұл жолдауды оқыдым.Президент мемлекет алдына он мақсат қойды.Еліміз бәсекеге қаділетті болу үшін эканомикасын дамыту керек. Мен өз елімді әлемдегі дамыған елдер қатарынан көргім келеді.
Мен елімнің патриоты ретінде елімді қорғаймын.Қазақстан -ның бас қаласы-Астана қаласы. Ол - жас қала, бірақ ол қазір өсіп, гүлденуде. Астанада "Бәйтерек","Думан","Ханшатыр" бар.Ол өте көркем қаланың бірі. Біз туған еліміздің - перзентіміз, сондықтан анамдай болған туған жерді әрқашан мақтан етемін!Қазақстанның жиырма екі жылдық ғұмырына көз салсақ,ауыз толтырып айтар-лықтай,көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктер. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.Қазақстаным өрлеп,мәңгі биіктен көріне бер! 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу