Өткен күннен алыс жоқ, Келер күннен жақын жоқ (қазақтың халық мақалы)
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш......
Сценарий тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! Сценарий мақсаты: Наурызмейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сценарий көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Сабырбаева Лаура Жанасбекқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы №116 орта мектептің "Ер Төстік" шағын орталығының тәрбиешісі
Тақырыбы: «22 - Наурыз» Ұлыстың ұлы мейрамына орай ұйымдастырылған «Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізің сценарийі. Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық , инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін.......
«Ана тілің – арың бұл» атты Тіл мерекесіне арналған кештің сценарийі Ана тілің – арың бұл, Ұятың болып тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Қадыр Мырза Әлі
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл - стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер. 1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен....
Өтетін күні: Өтетін орны: колледждің мәдениет залы. Сахнаның безендірілуі: Абайдың портреті, мультимедиалық проектор, көрініс құралдары, шараның эпигрофы:
«Өлді деуге болама айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.» Мәдениет залына дөңгелек үстелдер кіргізіліп, айналасына орындықтар қойылады. (қатысушылар мен көрермендерге арналып)....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сабақ тақырыбы: Өнер алды-қызыл тіл Қарлығаш әулие Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады Көпшілік оқушылар: Нақыл сөздерді пайдаланып, сөз өнері туралы ойын айтады Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады....
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін аймақтық - 5 - ші «Жарқын болашақ» байқауының сценарийі
Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жаңа Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қастерлеуге баулу.
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады. Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады.....
Пән: Әдебиеттік оқу Тарау: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: Киіктің айласы Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу 3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп,мәнерлеп оқиды Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады Кейбір оқушылар: мәтіндерді салыстыра отырып өз ойын айтады.....
Тақырыптың бүгінгі күн талабына сай келуі: Қазақстан өз тәуелсіздігінің қысқа кезеңіңде экономикалы жекешелендіру процесінде мәнді дамуға жетті. Қазақстан мемлекет экономикасына инвестицияны тарту жөнінде басқа елдер арасында алдынғы қатарда келеді. Қазақстан тек маңызды өнімдер түрінің экспортері ғана емес сонымен бipгe инвестицияны icкe асырға қажетті құқықтың негізі бар және оған қолайлы жағдай жасалған мемлекет. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының негізгі инвесторлары болып АҚШ, Азия және Европа елдерінің компаниялары табылады. Егер бұл жобалардың инвестициялық сиымдылығын ескерсек, бұл Қазақстан дамуының ұзақ мерзімге арналған ерекшеліктерінің бipi "Қазақстан халқына арналған Президент үндеуінде" көрсетілгендей (Қазақстан 2030) "жоғары деңгейлі шетел инвестициясының дамыған экономикасына негізделген, экономикалық даму" болып табылады. Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақты өcyi, оның барлық ресурстарының барлық құраушылары, жоғары технологияны пайдалана отырып және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету инвестициялық мүмкін емес. ....
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: -Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар! 2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. 1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан.....
Сценарий мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Сценарий білімділігі: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Сценарий аты: 1 қыркүйек - Білім күніне арналған балабақшаға сценарий Мақсаты: 1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру; 2. сахналық мәдениетін қалыптастыру; 3. мерекелік көңіл - күй сыйлау.
І.«Көңілді балалар»биі орындалады. ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау» Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады. Бала: Балабақша есігін Үшке тола.....
Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді. Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл келді о, міне, Далама, қалама, жеріме Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің төріме. (Сиқыршы шығады) Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін? Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған.....
Балалардың кіруі. Тәрбиешінің сөзі: Тақпақтар. Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды. - Асығамын деп жүріп Сыйлықтарды шашып алдым.
Сценарий Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Сценарий Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сценарий Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Сценарий мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Сценарий әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойыны, ой-толғау, полиглот , жат оқу т. б. Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар....
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды......
Сценарий тақырыбы: Ауған оқиғасы Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету Сценарий көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер, слайдтар Сценарий түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру, сайыс )
1 Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн, Бақытты боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той деп жаңа жыл, Құтты болсын жаңа бақыт достарым. 2 Жүргізуші: Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа 2015 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер 1 Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы....
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)
Өмірбаяны
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер.....
СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омар-ұлы (18.5.1936 ж. т., Алматы) — ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин- тын бітірген. 1962 — 84 ж. "Казахстанская правда" газетінде, "Простор" журналында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясыңда сценарийлік-редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының хатшысы, ҚР Кинематография жөніндегі мемл. к-т төрағасы қызметтерін атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі к-ттің, 1989 — 95 ж. Халықар. "Невада — Семей" қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылдан Қазақстанның Венгриядағы, кейін Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі. Түңғыш өлендер жинағы "Арғымақтар" 1961 ж. жарық көрді. Олжас С. шығарм-ның алғашқы кезеңі (1961 — 65) жалынды рухқа толы болды, ол тұстағы шығармалар мазмұнынан қоғамдық дағдарыс пен руханият мәселесін, жаман мен жақсының тайталасын, қоршаған орта мен адам табиғатының сырын ашуға, үлт тарихының тереңнен тартқан тамырын тануға деген ұмтылысты байқауға болады. Оның алғашқы поэтик. туындылары қоғамда үлкен резонанс туындатты. "Адамға табын, Жер, енді" поэмасы (1961, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйл., 1964) ғарышкер Ю.Гагариннің ғарышқа ұшу «өтіне арналған, онда аспан кеңістігін бағындырған адамзат санасының салтанат кұруы марапатталған. 60-жылдардың орта тұсынан бастап Олжас С. шығарм-нда жаңа түр ізденістері, эпик. суреттеулер, шығармаларының сан түрлі жанрды қамтуы, сөз бен оның дыбысталуына ерекше мән беру, сөз өнері мәселелерінің түптамырын көне дәуірдегі тарихи кезеңдерден іздеу мәселелері орын алды. Осы тұста акынның "Қыш кітап" (1969), "Кактус", "Өлмейтін құмырсқа" поэмалары дүниеге келді. 70-жылдардың ортасынан ақын шыгарм-ндағы басты тұжырым, негізгі бағыттар дами түсті, оның поэзиясы бейнелілігімен, филос. тереңдігімен, астарлы ирониясымен ерекшеленді. Бұл кезеңнің басты шығармасы — "Көгершін кітап" еңбегінде алдыңғы туындыларында бой көрсеткен ұлттық сана жайындағы талдаулар жарасымды жалғасын тауып, әлемдік мәдениетпен үйлесімде синтездедді. Архив дереккөздеріне сүйене отырып, бірнеше тіл сөздерінің этимол. құрылымына жасалған талдаулар "Аз и Я" (1975), "Язык письма" (2000) атты филол. зерттеу еңбектерде көрініс тапқан. О.С. поэзиясының көркемдік әлемін тануда қаламгер шығарм-на тән екі түрлі дүниенің бір арнада тоғыса нақты көрініс табу ерекшелігін атап айтуға болады. Ол — орыс тілінде жазатын қазақ ақыны, екі бірдей эстет.-философ дүниетанымдық жүйеден сусындаған: туған халқының фольклорлық дәстүрінде, рухани-адамгершілік ұстанымдар үрдісінде тәрбиеленген, сондай-ақ орыс мәдениетінің рухани мұрасынан тәлім алган. Кейбір зерттеушілер оны "дуализмді" біріктірген билинг (қостілді) санап, орыс тіліндегі мәнерлі тіл айшықтары негізінде кең-байтақ даласының тарихын таныды деп бағалайды. Оның тілі "екі бірдей жалпыұлттық дүниетаным мен екі түрлі кұрылымдық тілдік жүйенің әрекеттесуі" негізінде көрініс тапқан дейді. Екінші бір зерттеушілер оны монолинг санап, орыс жазушысы деп те атайды (М.Д. Жүсіпов, А.Ж. Сәрсембаева). Сүлейменовтің поэтик. тіліне паронимик. аттракция құбылысы, афоризмдер, бейнелілік, халықтық поэтик. тілдің этимологиясын тануға деген ұмтылыс тән. Қазақ және орыс тіл дерінің поэтик. ....
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар, Басталады Жаңажылдық карнавал, Маска да бар, би де бар, асығыңдар, Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды, Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (Балалар билеп залға шығады)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке? Балалар: Жаңа жыл! .....
Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтың творчествасында үлкен орын алған тақырып. Жазушының Абай өмірі мен творчествасына ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу жолында сіңірген қыруар еңбегі өз алдына бір төбе. Ол 1939 жылы өз Л. Соболевпен бірге «Абай» атты трагедиясын 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толуымен байланысты «Абай» операсының либреттосын және «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды. Алайда жазушының Абай образын кемеліне келтіре суреттеп, сомдап соққан классикалық шығармасы – «Абай жолы» атты төрт томдық эпопея. Қоғам құбылыстарын бойына мол сіңірген. Бұл эпопея елдің рухани үлгісі болған Абайдың өмірі, үміті, арманы, айтысы, тартысы, халқына еткен еңбегі жайында сөз қозғайды. Халық қамқоры, «Қалың елім, қазағым» деген Абайдың адал өсиетті ойлы жандардың көкірегіне ұялап, оларды болашаққа мезгеген. Абай жайында рн жазу жолында жазушыға кездескен кедергілер мен қиындықтар аз емес. Ең алдымен материал тауып, жинаудың өзі қияметтей қиындық келтірді. Сондықтан да жазушы өз жағдайын қоналқаға кем жетіп, өшіп қалған күл арасынан болар-болмас шоқ тауып, оны өз демімен үрлеп, жылытып, от тұтатқан жүргінші жолаушыдай сезінгені мәлім. Құнанбай, Абай, Бегеш, Жиренше, Оразбай, Базаралы тағы өзгелер туралы көп білетін көнелер, ақылгөй ақсақалдар халық шежіресі қариялардың айтқандарын жазушы әр кезде жалықпай жазып отырған. М. Әуезов бұл жайды былайша баяндайды: «Жас шағында Абайдың іні-досы Кәкітай, Көкпай, Мұқа сияқты кісілерден естігенім романды шындық мәліметтермен толықтыра түсуге көп себеп болды. Абайдың әкесі Құнанбаймен көп алысқан Жігітек сияқты рулардың қарт-қариясымен көп кездескенім бар. Абайдың өмір бойы досы болып өткен ертегіші Баймағанбет те көп қызық жайларды баян еткен еді» ....
Балалар әуенмен ішке кіреді Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді. .....
Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер. Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге ....
Балалар әуенмен ішке кіреді Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді.
Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем не? Балалар: Шырша! Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен? .....
Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу. Күлкі естіледі. Шырша: Бұл кім? Ұлпа қарлар Бұл біздер Ұлпа қарлар. (аяқтарында ролик киіп шыршаны айналып ән айтады. Шырша көңілсіз тыңдап тұрады. Ұлпа қарлар. Шырша, шырша қыс келді, ауа райы ақ жамылды сен неге көңілсіз тұрсын. Шырша: - Қыс пен бірге жаңа жылда келеді. Ал мен болсам әнделген жоқпын, Тұрысым мынау. Қар жамылып. Сыпыртқы ұстап, аққалалар кіреді .....
Жүргізуші: Міне, көптен күткен жаңа жыл босаған аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2013 жылан жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіндер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директоры Ш. Т. Қожахановаға беріледі. Құттықтау сөз ата аналарға беріледі. Бүгінгі біздің мерекеміздің демеушілері - ата аналар. Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік? - Жаңа жыл. Жүргізуші: Кәнеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық. Балалар шырша әнін орындайды. Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді. Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде ол бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сосын аласың. Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған сыйлық кәмпит беремін......
Мақсаты: Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; балаларды ұғымды әңгімелерге қатыстыру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа үйрету. Жүргізуші: Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді, Бақыт шаттық, молшылық әкелін, Бәрімізге мына жыл арайлы. Аяз ата әні. Жүргізуші: Жақсы, балалар. Ал, енді, айтындаршы, балалар. Жаңа Жылдың сәні не? Балалар: Шырша! Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шышрамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын болар. Шырша әні. .....
Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке,әсемділікке,шығармашылыққа тәрбиелеу. Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге,аялауға,еңбек етуге үйрету,тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян. Жүргізуші:Армысындар, ағайын! Бармысыздар,ағайын! Сіздерді жаңа 2013жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін! Ақ көңілмен айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады. Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі. .....
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімінің балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. .....
Дайындағандар: Орынгазиева Дамира Орынгазиевна, Бекмухамбетова Салтанат Койшыбековна, Саты ауылы, «Әйгерім» бөбектер бақшасы Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл! Өткізілетін күні: 28 желтоқсан Өткізілетін уақыты: Сағат 1100 Мақсаты: Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету. Қатысатындар: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, сиқыршы, аю, қоян, клоун, пират, көбелек, гномдар. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Әйгерім» бақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз. Балалар әндетіп, қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады. Құттықтау сөз Ауыл әкімі Ербол Ғазизұлына беріледі. Балабақша меңгерушісі Дамира Орынгазиевнаға беріледі. Ата-ана Ләйла Ерсінқызына беріледі. Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді? Балалар : Аяз ата! Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі? Балалар: Сыйлықтар. .....
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі. Жүргізуші: Міне, көптен күткен жаңа жыл босаған аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2013 жылан жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіндер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директоры Ш. Т. Қожахановаға беріледі. Құттықтау сөз ата аналарға беріледі. Бүгінгі біздің мерекеміздің демеушілері - ата аналар. Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік? - Жаңа жыл. Жүргізуші: Қанеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық. Балалар шырша әнін орындайды. Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді. Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде ол бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сосын аласың. Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған сыйлықа кәмпит беремін.....
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ, Келген жылға қарамаңдар тосырқап. Жаңа жылың құтты болсын, аталар. Сергек ұрпақ өздеріннен нәр алар. Жаңа жылың құтты болсын, аналар, Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар. (ортаға балалар шығады). Жүргізуші: -Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане, алдымен амандасып алайық! Қош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында жауқазындай құлпырған, Біз - алаңсыз балғын шақты балалар! (Қол ұстасып шыршаны айналып, өлең айтады.) «Аппақ, аппақ жапалақтап». Жүргізуші:.....
Тәрбиеші: Айнаш Атмаевна Найманова, Қызылеңбек бөлімшесі, Қазақстан ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: «Келді міне, Жаңа Жыл» Мақсаты: Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; балаларды ұғымды әңгімелерге қатыстыру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа үйрету. Жүргізуші: Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді, Бақыт шаттық, молшылық әкелсін, Бәрімізге мына жыл арайлы. Аяз ата әні. Жүргізуші: Жақсы, балалар. Ал, енді, айтындаршы, балалар. Жаңа Жылдың сәні не? Балалар: Шырша! Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шышрамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын болар. Шырша әні. Жүргізуші: Өте жақсы. Балалар, енді біз шыршамызға арнап тақпақтарымызды айтып берейік......
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы Тақырыбы: Жаңа жыл Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян. Жүргізуші: Армысындар, ағайын! Бармысыздар,ағайын! Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін! Ақ көңілмен айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады. Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі. Бауырсақ: Тимеші мені, Жемеші мені. Жаңа жылды тойлауға барамын. Асыр салып, би билеп, .....
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық қызмет жасау Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады. Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954 жылы) сәйкес келеді.....
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
• бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
• құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет. ....
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. ....
КІРІСПЕ Диплом жұмысында инвестициялық жобаны бағалаудың экономикалық мәні, критериилері мен әдістері және шетел тәжірбиесіндегі инвестициялық жобаларды бағалау мен талдау қарастырылған. Жұмыста инвестициялық жобаны бағалау мәселелері мен оны жетілдіру жолдарына тоқталған. Тақырыптың өзектілігі. Елбасының жолдауында білім және жаңа технологиялар трансферті үшін шетелдік инвестицияларды тартуды толығымен пайдалану және шетелдік компаниялармен бірлесіп, инвестициялық жобалау және инжинирингтік орталықтар ашу қажеттігі атап көрсетілді.Бұл орайда шетелдік әріптестерге өндірісті оқшаулау және технологиялар трансферті бойынша қарсы талаптар қойылуы, сонымен қатар бұған отандық инженерлер мен ғалымдарды тарту міндеттелуі тиіс. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Елбасының отандық кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігіне сенімі мол. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.[1] Инновациялық- инвестициялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Президент Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы негізінде бірқатар тапсырмалар берді. Инновациялық- инвестициялық индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек. Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту үшін инвестициялар тартылуда.[3] Қазіргі кезде Қaзақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.....