Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері даусыз. Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай - ақ қоғамға теріс ықпал жасауына әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп - жетілмеген міндеттерді алға тартуы ықтимал. Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның нормалары ұзақ бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың абыройына қарай, конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің негізгі идеяларының авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде барынша нәтижелі орындап шыққанын айту керек. Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың, елімізде жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол тәжірибесімен егжей - тегжейлі танысты. Оның " Ғасырлар тоғысында " кітабында мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзірленген кезде жинақтаған мол білімі өз алдына, ол конституция жөніндегі референдумның алдына (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің конституцияларын зерделген екен. 1993 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін де өмір бір орынында тұрып қалған жоқ. Назарбаев өмірдің өзі - ақ оның кемшіліктерін, әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсеткенін жазады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу объективтік тұрғыдан қажеттіліке айналды. Осындай жағдайда ол, егкр халық қолдайтын болса, онда конституциялық реформаларды ары қарай жүргізе беру жөнінде тоқтамаға келеді. Конституцияны өзгерту және толықтыру қажеттігін немесе жаңа Конституция қабылдау қажеттігін негіздегенде, ал Ата Заңның ұзақ мерзімнің ішінде тұрақты болуға тиіс екеніне, әрі қазіргі уақытта қанша сапалы болғанына қарамастан, Конституцияның, әсіресе, өтпелі кезеңде өзгермей тұрмасын да ескерусіз қалдыра алмады. Президент былай дейді: "... қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан қилы саплық деңгейлерге котерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен құжаттардың ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым. Ондай көптеген қоғам мен мемлекет өмірінде болып жатқан шын өзгерістерді бейнелеуге тиісті Конституцияның да қашып құтыла алмайтындығы даусыз. Сондықтан кез келген елдегі конституциялық процесс Конституцияның қабылдануымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің құықтық кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана қоймай, алға озып отыруға тиісті"....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму Сабақ тақырыбы: Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау Сабақ мақсаттары: • өз аймағының экологиялық мәселелерін анықтау; • өз аймағының экологиялық мәселелерінің пайда болу себептерін талдау; • өз аймағының экологиялық мәселелерді алдын алу жолдарын ұсыну......
Іс жүзінде Үкіметтің бағдарламалары мен жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштерінің базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткішінің болмауы — экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болады. Үкімет талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезіңде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік – экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары, әдетте, жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын жеткізушілер бағасынын өсу серпініне, Халықаралық валюта қоры кредиттерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде қалады.....
Денис Кузин - конькимен жүгіруден әлем және Азия чемпионы, қазақстандық конькимен жүгіруші, спринттік көпсайысшы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Коньки спорт түрінен әлем чемпионы атағына ие жалғыз қазақстандық.
Денис Кузин 1988 жылы дүниеге келген. Ол 1998 жылы коньки тебу секциясына баруды бастады. Алғашқы бапкері Пастушенко Николай Петрович болды
Кузин әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы. Конькимен сырғанау спортына Денисті әжесі Светлана Григорьевна Карайченцева әкелген екен. Ол – ата-анасы қаза болғаннан кейін баланың тәрбиесін толықтай өз қолына алған спортшының ең жақын әрі қымбат адамдарының бірі.
«Конькимен жүгіру спортына мені әжем күштеп әкелді. Ол мені мұнда темекіге, ішімдікке әуестеніп кетпей, спортқа деген қызығушылығымды ояту үшін әкелгені анық. Соның арқасында конькимен сырғанау спорты менің жұмысыма, өмірімнің мәніне айналды. Бұрын жай ғана сырғанау, жаттығуға келіп-кету ұнаса, қазір менің дайындығым басқа дәрежеге көтерілді», - деген ойымен бөлісті спортшы......
Экономикалық реформаларды жүргізу тікелей тікелей шет елдер инвестициясымен және жаппай жұмылдыруды қолданумен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірибенің дәлелі бойынша негізгі екі түрге бөлінеді: 1. Тікелей шет ел инвестициясы (ТШИ) Халықаралық реформада қолайлы(эффекті) Қаражат болуы мүмкін, бірақ ТШИ көлемі мен инвесторлардың мүддесі экономикалық өзгерістердің тиімділігіне байланысты. Сондықтан, Қазақстан бұл процессте экономикалық өзгерістерге жол беруде, шет Елдердің қатысуымен өзінің стратегиясын анықтауы тиіс. Шет ел капиталын қабылдауы мен қолайлы жүйе болып мемлекеттегі инвестициялық қал ахуалдың игілігінің құрылуын болжайды. Инвестициялық ахуал- саяси жиынтықтардан, әлеуметтік-экономикалық, қаражат- Тық, мәдени әлеуметтік, құқықтық-ұйымдық және географиялық факторлар, осы немесе сол мемлекеттің мәні, қарсы және тартымдылық қызығушылықтарын білдіреді. Инвестициялық ахуалды үш үлкен топқа бөлуге болады: - Саяси; - Экономика- қаражаттық; - Әлеуметтік; Берілген сарапшы сауалдамалары сәуір айының 2000 жылдағы Республика орталығының қызметкерлерімен өткен стратегиялық жоспарлау агенттігі жалпы ойлау білімділігімен бірігіп, басты фактор, шет ел инвестициясының шекті ағыны тұрақсыз заңдардың негізі және 66 проценттік заңды саладағы жиі өзгерістері тұрақсыз болып табылады. Инвестициялық ахуалдың факторларын негізгі ТШИ-ның жағымды және жағымсыз ағыны деп екі үлкен топқа бөлуге болады: Қазақстандағы шет ел инвесторлары жағымды факторлардың келесі түрлерін анықтап көрсетеді. 1. Табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігі біріншіден, үлкен табиғи ресурстардан басталуымен байланысты болады(мұнай және газ,АҚШ-тың 9трлн. долларымен бағаланатын түсті және сирек металлдар). Мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанның мұнай қоры Иран менИрактың мұнай қорымен тайталаста. Сонымен Қазақстан келесі ғасырдың басында мұнай державасына айналып, жылына жүз млн. теңге көлемінде мұнайды экспортқа шығаруы мүмкін. 2. Республиканың тиімді геостратегиялық орналасуы дамушы елдердің нарықта қатынасуымен байланысты( Ресей, Қытай,Оңтүстік Азия). 3. Қазақстан ТМД елдері арасында экономика мен қоғамды түрлендіруде алдыңғы шекте келеді. Қазақстанның 2030 стратегиялық жоспары бойынша Орта Азиялық барысқа айналады деп тұжырымдайды. 4. Үлкен нарық әлеуеті. 5. Мемлекеттің сыртқы саясаты. 6. Ішкі саяси тұрақтылық. 7. Пайданың әлеуеттік коэффициенті.....
“Геном және қоршаған орта, генетикалық токсикология” тақырыбында есімі әлемге әйгілі биолог Александр Холландердің халықаралық курсы басталды. Қоршаған ортаның мутагенезі бойынша халықаралық қоғамдас¬тық-тардың ассоциациясы жанын¬дағы Александр Холландер коми¬тетінің ұсынысы бойынша осымен 15-ші мәрте өтіп жатқан халықара¬лық семинарды Л.Н.Гумилев атын¬дағы Еуразия ұлттық университеті мен АҚШ-тың Техас медициналық университеті ұйымдастырды. Бүгінде Қазақстандағы өндіріс¬тік қазбамен айналысатын мекеме¬лер¬дің табиғатқа келтіріп жатқан за¬лалы, Семей ядролық полигоны¬ның салдары, сулардың ауыр ме¬тал¬дармен, пестицидтер және өзге де органикалық қоспалармен лас¬тануы, Арал теңізіндегі экология¬лық апат, қоршаған ортаның ра¬дио¬активті, химиялық және биоло¬гия¬лық мутагендермен залалдануы және басқа да факторлардың әсері, онкологиялық аурулармен байла¬ныс¬ты тұқым қуалайтын аурулар санының өсуі – осының барлығы генетика ғылымы зерттейтін өзекті мәселелер екені белгілі. Осы ретте курс аясында қазіргі экологиялық генетика және адам генетикасының көкейкесті мәселелері бағытында ғылыми қоғамдастықта өте таны¬мал болған АҚШ, Жапония, Түр¬кия, Польша, Румыния, Чехия, Иран, Үндістан, Таиланд және Қа¬зақстан ғалымдарының баяндама¬ла¬ры тыңдалуда. Бұл пленаралық баян-дамалар қоршаған ортаның му¬та¬генезі және оның шешілу жол¬дарына арналуымен өзекті дер едік. Халықаралық семинардың ашы¬лу салтанатында сөз алған Қазақ ҰҒА академигі, биология ғылым¬дары¬ның докторы Рахметқажы Бер¬сімбаев, Техас университетінің про¬фессоры, доктор Уильям Ау, Цин¬цинатти университетінің про¬фессоры Питер Стамбург қазіргі таң¬да генетик ғалымдардың зерттеу ны¬санына айналған мәселелер өзінің өзектілігімен ерекшеленеті¬нін, осы орайда, Александр Хол¬ландер кур¬сын өткізудің маңызы зор екендігін атап өтті. Бұдан кейін курстың бағдар¬ла¬масы бойынша түрлі тақырыпта баяндамалар тыңдалды. Семинарлар кезінде баяндама¬шы¬лар бүгінде барлығы 5000-ға жуық тұқым қуалайтын ауру бар екендігіне, олардың 2000-ға тарта түрі ауыр мүгедектік жағдай туды¬ратынына тоқталып өтті. Сонымен қатар, тұқым қуалайтын аурулар хромосомалардың санындағы өзге¬рістерге немесе олардағы мутация¬ларға байланысты пайда болатыны, осындай мутация-лардың басым көпшілігі мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа бері¬ліп, адам популяциясында сақталып келетіні де айтылды. Осы ретте атал¬ған ауру түрлерінің алдын алуға ғы¬лыми ой-сананы бағыттау, бұл жолда әлемнің озық ойлы мамандарының басын біріктіру қажеттігі де әңгіме өзегіне айналды. Бұл күні тыңдалған баяндама¬лар кезінде көптің назарын ауда¬рар¬лық қызықты жәйттер де ай¬тыл¬май қал¬мады. Адамның өзіндік генетикалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді білудің маңызы ай¬рық¬ша екені белгілі. Себебі, мұн¬дай мәліметтер нәрестенің дүниеге келгеніне дейін оның қандай тұқым қуалайтын ауруларға бейім екенді¬гін болжауға, алдын алуға және ем-деудің түрлерін анықтауға мүмкін¬дік береді. Сол себепті, соңғы жыл¬дары тұқым қуалайтын аурулардың белгілі бір түрлеріне шалдығуға бейімділікті анықтайтын, алдын ала болжайтын әдістер және емдеу шаралары ойлап табыла бастаған екен. Мәселен, бө¬тен қосылыстар¬ды зиянсызданды¬ратын кейбір ген¬дердің болуы бүйен ішектегі қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігін тө¬мендететін көрінеді. Қатерлі ісік ауруларының кейбір фор¬маларынан қорғайтын мұндай ген¬дердің табы¬луы – осының бір дәлелі. Бұл қор¬шаған ортаның мута¬гендік фак¬торлары мен клетканың генетика¬лық аппаратының өзара бай¬ланыс¬тарын зерттеуге әлемнің ал¬дыңғы қа¬тарлы зертханаларында айрықша мән беріліп жатқанын білдірсе керек. Генетика саласындағы түрлі түйткілдерді өзек еткен курс жұмысы 26 қыркүйекке дейін жалғасады. ....
Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді. А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар. Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» деген Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан, олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олардың елді кері тартпақ болған идеологиялары емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған екен. Олар екі жүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылады. Екіншісі, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әрқилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір – елді прогреске ұмтылдыру болды.....
Ертеде бір бай бар екен. Ол байдың үш баласы бар екен. Үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ екен. Ең кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп жолға шықты. Майлықараша айтты: «Ай, ағалар, мен бірге барамын». Ағалары айтты: «Жарайды, жүрсең жүр»,—деді. Үшеуі ата-шешесіменен амандасып кетті. Келе жатып бір үлкен тасқа келді. Сол тастың түбінде қонды. Үшеуі жатты. Майлықараша айтты: «Ай, ағаларым ортадарыңа жатқыз,—деді,—Мен қорқамын»,—деді. Екі ағасы жатқызады. Майлықараша үш күн, үш түн ұйықтайды екен. Екі ағасы қастық қылып бір үйдей тасқа байлап кетті. Ұйқысы қанды. Майлықараша оянды. Білді, екі ағасының қастық қылып байлап кеткенін. Біліп, тасты көтеріп, екі ағасына алып келді. Екі ағасы айтты: «Мұны не қыласың?»—деді. Майлықараша айтты: «Шешемнің ұршығының басы жоқ еді, соған бас қыламын»,—деді. Екі ағасы шешіп тастады. Тағы да келе-келе жатып бір терек түбіне келді. Үшеуі сол жерге қонды. Майлықараша айтты: «Ай, ағаларым, қорқамын,—деді,—Ортадарыңа жатқыз»,—деді. Екі ағасы жатқызды. Тағы да ол терекке байлап кетті. Үш күннен соң ұйқысы қанып оянды.....
Сергей Ан – NOMAD MMA ұлттық стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы.
Сергей аралас жекпе-жектің өз стилін құрып, негізін қалады. Ол 29 жыл бойы жаттықтырушылық қызметпен айналысып келеді. "Біз аралас жекпе-жектің ережесін он екі жыл жасадық. Бізде шет елдерден келген шығыс жекпе-жегінің басқа түрлері жетерлік. Сол үшін де солармен бәсекеге түсе алатын өзіміздің жеке, қазақстандық түрінің болғанын қаладық. Қазір Номадты Кореяда, Қытайда және бүкіл дүниежүзінде таниды. Енді біздің міндетіміз – осы түрімен айналысатын адамдарды көбірек тарту және танымалдығын одан әрі арттыру» – деді Сергей.
Сергей негізгі жұмысынан бөлек атқарушы органдармен бірлесіп, саябақтарды қалпына келтіру бойынша бірқатар жұмыстар жасап, гүлзарлар, спорт және аула алаңдары, футбол алаңдары салынды. ....
Бүкіл ғаламшардың халықтары, яғни жалпы адамзат дегеніміз – бүкіл әлемдік адам популяциясы. Адам популяциясының құрылымы мен санының өзгеруін демография зерттейді. Демография (грек. демос –халық)- халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Адамзаттың саны туу қарқынымен анықталады. Бұл жағынан адам кез келген биологиялық түрге ұқсайды. Қазақстан Республикасы халқының саны , 1997 жылғы дерек бойынша 15 млн. 33,4 мың болды. Ал, 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14 млн. 953 мың 126 адам, оның ішінде қазақтардың саны – 7 млн. 984 мың адам. Яғни табиғи өсімнің төмендігі байқалған. Табиғи өсім дегеніміз – 1000 адамға шаққанда туғандар мен өлгендердің айырмасы. Қазіргі таңда Қазақстандағы орташа табиғи өсімнің көрсеткіші - 13 адамға тең болып отыр. Ең жоғарғы Қазақстандағы табиғи өсімнің көрсеткіші 60 жылдардың ортасынан бастап 70 жылдардың басында байқалды.. Ол кездегі табиғи өсімнің көрсеткіші 32 адамға тең болған. Халықтың табиғи өсімі республика территориясы бойынша әртүрлі болып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда – 16 адам, Қызылорда облысы бойынша – 14, Маңғыстауда – 12 адам болса, табиғи өсім бойынша төменгі көрсеткіштер Ақмола облысы – 2 адам, Алматы облысы бойынша – 5 адамды көрсетеді. Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр. 5 жылдағы жалпы туылу коэффициенті 1000 адамға 19,1-ден 14,7-ге төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи өсім 2,1 есеге кеміді. Қазақстандағы халық санының өзгерісіне әртүрлі себептер әсер етті. Мысалы, 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылғы халық саны 4,2 миллион адам болуы тиіс болатын, бірақ 1932-1937 жылдардағы ашаршылықтан 2,5 миллион адам қырғынға ұшыраған, соның ішінде қазақтар 32 пайыз, украиндар 30 пайыз, ұйғырлар 50 пайыз, өзбектер 68 пйызға дейін азайып кеткен, халық саны 57 пайызға кеміді. Ал 1926-59 жылдардың арасындағы жүргізілген конфискілеу, коллективтендіру және индустрияландыру кезеңдерінде жер аударғандармен Қазақстандағы тың игерушілердің көптеп келуімен халық саны тағы өзгеріске ұшырады. ....
Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету; - монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты ....
Европалық бөлікте көптеген қорықтар кездеседі, олардың ішінде бұрыннан келе жатқандары: Астрахан, Воронеж, Лапланд, Кандалакш, Орталықорманды, Орталыққаражерлі, Окс, және т.б. Бұл қорықтардың жұмысы жақсы, жақсы дәстүрлі, ғылыми қоры көп және тағыда басқа жақсы жақтары өте көп. Оған қоса осы аймақтың жеті қорығы биологиялық мониторингтің глобальді жүйесіне кірді. Олар: Лапланд, Печеро-Илыч, Орталықорманды, Приокско-Террасный, Орталыққаражерлі, Воронеж, Астрахань. Сол қорықтардың бірі Кандалакш қорығына тоқталайық. Бұл қорық солтүстік теңізінің бағалы жүнімен атақты болған ірі үйрегі – қарапайым гагаларды қорғау мақсатында құрылған. Бірнеше ғасыр бойына Ресей гаганың жүнін экспортқа көп мөлшерде шығарған. Бірақ ол кезде оны жұмыртқалау уақытында жинайтын еді. Өндірісшілер жүнді ғана емес, сонымен қатар гаганың жұмыртқасын да дайындауға тырысып, құстардың өзін өлтіретін еді. Осындай жыртқыштық өндірістен кейін гаганың саны бірден төмендеп кетті. ХІХ ғасырдың екінші жартысындагагалық ұяларды сақтауға ұмтылғанымен, олар оң нәтиже бермеді. Құстарды аулау мен гаганың жүнін жинаудан қорғаумен қатар қорық Кандалаш бұғазысының орнитафаунасын зерттеу үшін ғылыми база болды. Соғыс жылдары қорықтың жұмысы тоқтаған жоқ. Кандалаш қорығы соғыс уақытысында фронттық сызықта болғанымен, қорықты қорғау тоқтатылған жоқ. Нәтижесінде 1945 жылы ггалардың ұя саны 1940 жылға қарағанда 1,5 есе өсті. Соғыс біте салысымен уақытша тоқтаған зерттеу жұмыстары өз жалғасын тапты. Бірінші кезде оны Мәскеу институтының Жануартану институты орындады. Осымен қатар 1945-1950 ж.ж. қорықта ғылыми қызметкерлердің штаты құрылды. ....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам Сабақ тақырыбы: Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау; Сабақ мақсаттары: Оқушы: • Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;.....
Жаңа еліміздің Конституциясы туралы мәселені көтерудің басты себебі- ол еліміздің қоғамдық және иеилекеттік өмірдегі оң елеулі өзгерістердің ықпалы мен Республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету. КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД құрылуы Қазақстан мемлекеті дамуының келесі бір себебі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды. Қазақстанның ең жаңа тарихындағы айтулы кезең болған маңызды екі күн –Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған 1990 жылғы 25 қазан мен 12-ші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған 1991 жылғы 16 желтоқсан туралы болғалы тұр. Әу бастан –ақ еске түсетіні, сонау 1920 жылғы Қырғыз Автономиялы Республикасының І-Бүкілқырғыздық құрылтай сьезіндегі қабылданған Қырғыз АКСР-і еңбекшілері құқығының Декларациясы, өйткені қазақ халқының тарихында алғаш рет оның ұлттық мемлекетінің құрылу дерегі сонда бекітілген болатын. Егемендік туралы Декларация Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық көзі, мемлекеттік биліктің ішіндегі үстемдігі мен оның халықаралық жария еткен алғашқы ресми бағдарламалық мәлімдемесі болып табылады. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация еліміз тәуелсіздігінің іргетасвн қалады. Мұның өзі мемлекеттілікті нығайтумен тығыз байланысты еді.Бұл шын мәнінде егеменді ел болу қазақтың ұлттық мемлекеттігін қалпына келтіріп дамыту жолындағы батыл қадам болатын. Тарихи-құқықтық маңызы бар сомадай екі құжат бірін-бірі жалғастырып, толықтырып тұрады, бұлар біріге келе еліміздің қоғамдық құбылыстардағы түбегейлі өзгерістерді еңсеретін 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабырғасын қалайтын ірге тасы, өйткені, кейініректегі уақыт көрсеткендей, жаңа Конституцияның бет пердесі осылардан бастау алған. 1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі себептері мен алғышарттарына тоқталайық. Олар Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 1 маусымдағы сессиясындағы «Конституцияның жобасы туралы» және 1992 жылғы 9желтоқсанда өткен сессиясындағы «Республика Конституциясының жобасы және оны бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы қарашадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық комиссиясының өзінде жасаған баяндамалары мен сөздерінде айтылады. 1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттарына келсек, ол терең қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясының орнына жаңа конституциялық ресімдеуді талап еткенін атап көрсетеді. Көнергенді кейінге ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра бастаған қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баянды ететін Ата заң қажет болды. ....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер Сабақ тақырыбы: Адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.2.1.4 - адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру 3.1.2.3 -экспериментті жоспарлау және жүргізу 3.1.2.4 - жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау Сабақ мақсаттары: адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсінеді зерттеу жұмыстары арқылы өсімдіктер әлемін қорғау керектігін түсінеді.......
Меншік қатынастары радикалды қайта құруда құрылатын Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау, салық жүйесін қалыптастыру және құру мәселелерінің ғылымдық қызығушылығын жоғарлатуды ынталандырады және оның трансформациясының табысының өзгертуін ұсынады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін радикалды түрде реформалауда ең алдымен, тиеселі салық жүйесін құру қажеттілігін ескерткен, меншік қатынастарын қайта құрумен анықталады. Сонымен қатар салықтар, еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің материалды және қаржылық сүйеніші болып келетін, ұлттық табыстың мемлекеттендірілген бөлігіндегі негізгі құралдары ретінде орындалады, ал салықтың потенциалы салық салу жүйесіне сай функциялары арқылы жүзеге асырылады. Салықтар салық әдістері арқылы капиталды барлық жаңғырту процессіндегі кезеңдерін жанап өтеді: салық қойылымдары, түсімдер, жеңілдіктер, өнеркәсіптің прогрессивті саласына ықпал ету мақсатымен мемлекет бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін жүзеге асырады. Салық салу сұрақтарына ғылыми әдебиеттерде үлкен көңіл бөледі, себебі, салық және салық салу арқылы ұлттық табыс бөлігінің мемлекеттендірілуі болады және олар бюджет құрылымы арқылы жүзеге асырылатын салық төлеушілермен мемлекет арасындағы қызығушылық өзара әсерін көрсетеді. Салықтар алымдар процессі ретінде де, әлеуметтік құбылысы ретінде де, экономикалық категория ретінде де қарастырыла алады. Бұл жерде төлие өзінің зерттеу жүргізу процессінде қандай мақсатты көздейтініне байланысты. Салықтың және салық салудың өзара байланысқан түсініктерінің көп мағыналы болуы, тура және жанама салықтардың арасындағы байланысын, салық аумағындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша пікірталасқа алып келеді. Қазақстанда салық салу мәселесіне үлкен мән беріледі, бірақ салық салу ұйымы жиі өзгеріп отырады, ал кейбір мәселелер іске асырылмаған болып қалады....
Ефрейтор Ғалымжан Әлеуханов – 61993 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметкері. Ғалымжан өртке оранған пәтерден екі баланы алып шыққан қайсар жан. Бірде жауынгерлік кезекшіліктен шығып, үйіне бет алған ефрейтор Ғалымжан Әлеуханов бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінің терезесінен шыққан будақтаған түтін мен отты көріп қалады. Дереу оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру сатысымен үйдің шатырына шығып, шатыр қаптамасын жұлып алып, подьезге кіреді. Үйдің есігі ашық болғандықтан ол еш кедергісіз пәтерге енеді. Алдымен айқайлап үйде адам бар ма соны білуге тырысады. Ешкім жауап қатпағаннан кейін, әр бөлмені тінтіп, мұқият қарай бастайды. Түпкі бөлмеден 4-5 жас шамасындағы екі баланың ес-түссіз жатқан жерінен тауып алады. Дереу балаларды сыртқа алып шығады.....
Кластастар басқосуы деп әлдекім телефон шалып шақыра қалды. Оларды көрмегелі де оншақты жыл өтіпті-ау. Оқу бітірген соң көп санды кластастарымның тасы өрге домалай бастады. Ешбір таныс-тамырым болмағасын мен бір зауытта жұмыс жасап жүрдім. Әйелім мектепте мардымсыз жалақымен сабақ береді. Екеуміз әр айда тапқан аз ғана ақшамен отбасымызды асырап келеміз. Бас қосуға бару ойымда жоқ еді. Бірақ, бала күнгі достардың көңілін қимадым.
Әйелім ұлымның сабақтарына қолғабыс етіп жүр. Бұл қаладағы деңгейі жоғары орта мектепте ақша төлеп оқытуға жағдаймыз белгілі. Алайда бастауышты жақсы нәтижемен аяқтаса, үкімет қаржысымен жақсы мектепте оқуға орай бар еді.
Бас алмай сабақ қарап отырған балама мейірлене қарап қойып, үйден шықтым. Бас қосу осындағы ең ірі «Салтанат» қонақсарайының оңаша бөлмесінде өтеді екен. Мен кірген кезде кластастарым жиналып қалыпты. Дастарқан қыза бастады. Көбі бастық болып алған. Тіпті класта ең нашар оқитын Балтабек те білдей бір соттың бастығы. Бір-бірінің мақтауын асырып, шалқып отырды. Үстелдегі тағамдарға қарап, өз тұрмысымды ойладым. Мына аста-төк дастарқан әйелім екеуміздің үш айлық еңбекақымызбен бірдей. Балтабек мына дастарқанды өзі жайып отырғандай жік-жапар болып, қонақтарға шарап құйып жүр. «Дастарқанды өзім жайып отырмын. Бүгін мен қонақ етейін. Ақшасын өзім төлеймін» дейді кеудесін қағып. Бастық болған қандай жақсы. Қыран-топан дарақы күлкі, сыңғырлап, босап жатқан қымбат бағалы арақ бөтелкелері........
Бұл мерекені ерте заманнан бері қазақтар, тәжіктер, түркмендер, ұйғырлар, өзірбайжандар, ассириялықтар және көптеген басқа халықтар мейрамдайды. Наурыз - Жаңа жыл, жерге наурыз айының 21-інен 22-сіне қараған түні, дәлірек айтқанда, түнгі сағат 3-те келеді Ежелден келе жатқан аңыз бойынша, бұл күні түнек пен жарың күштері теңеседі, сондықтан бұдан әрі қорқынышты кұбыжық көптен күткен шуақты күнді жұтып қоймас үшін, сөйтіп қысқы ызғардың бейнесі - қатыгез кемпір қайтадан кері оралмас үшін, жарыққа көмектесу керек. Наурызды калай қарсы алсаң, күллі жыл бойын солай өткізесің деген ырым бар. Сол себепті өркім бұл мереке қарсаңында барлық бітпеген істерін аяқтауға, ренжісіп жүрген адамдарымен татуласуға, өзін екпелеткендерді кешіруге тырысады. Үй іші мен ауланы тәртіпке келтіріп үлгеру қажет, жаңа да жақсы киім тігіп кию жөн, өзің мен меймандарың үшін дәмді тағамдар пісіру ләзім. Бұл күні, сондай-ақ, Күн мен Көктем өздерін жер бетіндегі ел-жұрттың күтіп жүргенін білуі үшін - ағаш пен гүл отырғызу әдетке айналған. Наурыз қарсаңында түні бойы алау жағылып, мейрамдаушылар үстінен секіріп жүреді. Жастар ағаш басында шырақ жағады. Әйелдер жиналып, түнімен жеті қоспадан (су, тұз, ет, бидай, тары, күріш, сүт) тұратын Наурыз-көже пісіреді. Көжені үлкен қазанда араластырып ән салады, ақ тілек тілейді. ....
Валентин Алифанов – «Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚКтеатр өнері бөлімінің оқытушысы Валентин адам саны бес мыңнан аспайтын жұмысшылар кентінде туып өскен. Жоғарғы сыныптардан бастап іс-шараларды ұйымдастырумен айналыса бастады. 10 сыныпта әртістік карьера туралы шындап ойлана бастады, бірақ туған ауылында және Шемонаиха ауданында театр бағыты мүлде болмады. 2007 жылы «Алтай мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының» «Театр қойылымы және актер шеберлігі» кафедрасының көркем шығармашылық факультетіне оқуға түсті.
Студенттік өмір өтіп жатты, ол үйіне келгенде ата-анасына: «Оқуымды аяқтағаннан кейін Отаныма қайтып келемін, жақсы өмір сүреміз» деп айтатын еді. Міне көп күткен түлектер оқуды аяқтады. Бірге оқыған курстастары Мәскеуге, Новосибирскіге, Красноярскіге, Екатеринбургке, Кемероваға кетіп жатты.......
Пән: Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометрияның алғашқы мәліметтері Сабақтың тақырыбы: Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы. Параллель түзулер Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.3.1.7 тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану; 7.3.1.11 берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу; 7.3.2.2 түзулердің параллельдік аксиомасын білу; Сабақтың мақсаты: - берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болу аксиомасын білу және қолдану; - параллель түзулер аксиомасын білу және қолдану......
Диденко Виталий Михайлович жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы (Ресей, 2005, Ресей, 2006) ерлер арасындағы әлем чемпионы (Италия, 2008 ж.) 23 жасқа дейінгі (Италия, 2008 ж.) ерлер арасында ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы (Украина, 2007, АҚШ, 2007, Эстония, 2009, Литва, 2012). Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Ресей, 2005) Ерлер арасындағы әлем чемпионатының жеті дүркін күміс жүлдегері.....
Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі. Кез-келген елді алға ілгерілететін ұлттық идея. Тіпті бүгінгі әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз – мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды. Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес-тін. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осы-тын. Алаш – жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді. Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің қосалқы аты Алаш (Алаш Орда, Алаш үкіметі, Алаш Республикасы) болатындығына иманымыз кәміл. Осы ретте бәзбіреулер «сонда олар қазақ атынан жеріген бе?» деп сұрақ қоюы мүмкін. Бұған «әрин, жеріген жоқ» деп жауап береміз. Есімізге олардың: Арғы атам – ер түрік Біз – қазақ еліміз, - деген әнұраны түседі. Сонымен бірге зиялылар: Азаматы Алаштың, Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды, деген жоқ па?! Осыған қарағанда, Алаш ұғымында рухтық, асқақтық, өрлік мағына бар. XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы – осы идея. Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары – ақыл һәм жүрек айбатымен күрескен 1907 жылдан 1937 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осындай мерзімді ғана қиыпты. Одан кейінгі жайы белгілі: айдалды, атылды, ресми тарихтан, ел жадынан аты өшірілді. Қазір жұрт парламентаризм деген ұғымды жақсы біледі. 1907 жылы Ресей патшасы «әлхамдулла, алты миллионға» (А.Байтұрсынұлы сөзі) жеткен қазақ секілді ұлттарды сайлау және сайлану хұқынан айырды. Зиялылардың табанды күресі осы шақтан басталды.
Петербор, Омбы, Ташкент, Семей тәрізді шаһарлар XX ғасыр басындағы монархиялық билікке бас көтерген алаштық күрестің шыңдалу мектебі болды.....
Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын қүрал болып келеді, себебі эрбір түлғаның сатып алатын, түтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын эр-түрлі салада қолдай отырып, сэйкесінше белгілі бір саясатты үхтанады. Мүнда элеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік жэне баға механизмі қызмет атқарады. Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік жэне бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің элеуметтік, экономикалық, қүдықтық, діни жэне қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті телемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді. Барлық салықтық жэне салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық жэне аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, келік, мүлік салықтары туралы бар мэліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмүны, экономикалық мэні, жүйесі, механизмі жэне меншікке салынатын салықтардың мэні туралы. Екінші бөлімде меншікке салынатын салықтарды жекеше қарастырып, олардың түрлерін, жалпы сипаттамасын, жүмыс істеу механизмін қарастырып өтеміз. Ал соңғы бөлімде біз меншікке салынатын салықтарды жетілдіру жолдары мен даму перспективаларына шолу жасаймыз. ....
В Послании Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана «Социаль-но-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахста-на»(28.01.12) поставлена задача к 2020 году трудоустроить на качественную работу 1,5 млн. человек. В нем отмечено: «Важный вопрос – обеспечение возможности для работающей молодежи получить специальное образование без отрыва от производства… Каждый молодой человек должен иметь воз-можность, не отрываясь от работы, получить профессию и образование» [1]. В этом мы видим, какую неустанную заботу проявляет Президент о молодом поколении казахстанцев. Однако ситуация на рынке труда в Республике Казахстан продолжает оставаться сложной и характеризуется наличием все еще большого числа безработных граждан, ростом структурной безработицы и сохранением масштабов скрытой безработицы. Рынок рабочей силы диктует сегодня для людей, ищущих работу, до-вольно трудные условия. Прежде всего, это новые условия социальной жиз-ни и социального поведения, к которым значительное число казахстанских жителей не привыкли. Это ситуация поиска работы и конкуренции, на рынке рабочей силы. Поиск работы – это проблема, известная не только в нашей стране. Все развитые страны знакомы с проблемой неустойчивости рынка рабочей силы, с периодическими колебаниями экономической активности, с большей или меньшей безработицей, а значит и с поиском работы. Актуальность темы исследования. Проблема поиска работы харак-терна, прежде всего, для молодежи. Многие из них, окончив школу, впервые ищут подходящую работу, не имея специальности, профессиональных навы-ков. То же самое можно сказать о вернувшихся из армии. В нынешних усло-виях к ним добавляются выпускники учебных заведений, по отношению к ко-торым государство сняло с себя заботу об их трудоустройстве. К тому же, в условиях перехода к рыночной экономике, предприятия испытывали избы-ток рабочей силы и молодежь оказывалась в первых числах среди увольняе-мых, поскольку многие из них не имеют достаточного опыта и квалифика-ции. Ситуация, складывающаяся на казахстанском молодежном рынке труда в последние годы, является достаточно напряженной, хотя и характеризуется тенденциями к определенному улучшению. Сохраняются масштабы реги-стрируемой и скрытой безработицы среди молодежи, увеличивается ее про-должительность. Между тем возможности молодых людей и без того огра-ничены в силу их более низкой конкурентоспособности по сравнению с дру-гими категориями населения. На протяжении семидесяти с лишним лет государство являлось един-ственным монопольным работодателем. До начала 1991 года действовало законодательство, закрепляющее принципы всеобщей занятости. На боль-шинстве предприятий имелись излишки рабочей силы, которые по различ-ным оценкам, к началу 90-х годов составляли от 10 млн. до 20 млн. человек, и, несмотря на это, администрации все равно предписывалось нанимать ра-бочую силу. Условия выхода молодежи на рынок труда были также жестко регла-ментированы. Приток молодых кадров происходил двумя путями: - для выпускников школ и лиц, окончивших профессионально-технические училища и решивших идти на производство; - выпускники других учебных заведений распределялись с учетом вакан-сий, с обязательным условием работы на данном месте в течение несколь-ких лет. Лишь Законом «О занятости населения в РК» было определено право собственности граждан на свою рабочую силу в полном объеме. Формиро-вание комплекса рыночных отношений в сфере занятости началось с измене-ния приоритетов государственной политики; отказа от конституционных га-рантий права на труд, сохранения за государством лишь функций содей-ствия трудоустройству граждан. Кроме того, расширялись права руководи-телей в вопросах найма и увольнения работников, что предполагало более эффективное использование рабочей силы. Проблема молодежной занятости имеет многоаспектный характер, ей посвящено немало исследований. Особенно много исследований проводится в области трудовой ценностной ориентации молодых людей. Эта проблема очень актуальна сегодня, так как происходящие в казахстанском обществе сдвиги обусловливают противоречивые тенденции в сознании и поведении молодежи. Разные аспекты вопроса молодежной занятости исследованы в трудах таких ученых, как Адамчук В.В., Берлин А., Гарсия-Исел М., Кравченко Л., Алимбаева С., Алшанов Р. Правовые проблемы трудоустойства молодежи нашли отражение в работах Димитрова С.А., Нурмагамбетова А., Рыбакова Л., Шолбаева Е. Так же о гендерных аспектах занятости на рынке труда ве-дет исследования Сарсембаева Р., о дистанционной работе пишет Чернухин В., о роли малого бизнеса в занятости молодежи Тутенов Б. и др. Научный подход к анализу проблем и изучению реального поведения вступающего в жизнь молодого поколения предоставляет возможность де-лать обоснованные выводы и прогнозировать состояние общества в настоя-щем и будущем. Объектом исследования работы является рынок труда г.Тараз. Пред-метом исследования являются вопросы молодежной занятости. Выделение этого сектора рынка труда для самостоятельного исследования обусловлено тем, что предложение рабочей силы постоянно пополняется разными катего-риями молодых людей: выпускниками школ и учебных заведений, уволен-ными из армии. В то же время трудоустройство их встречает определенные трудности, поскольку многие из них не имеют профессии или достаточного опыта работы в какой-либо отрасли деятельности. Целью дипломной работы является исследование вопросов молодеж-ной занятости на уровне региона с учетом его специфики, выявление про-блем, встречающихся в этой области. Поскольку молодежная занятость в настоящее время является одной из острых социально-экономических проблем, задачей исследования является: - анализ состояния молодежной занятости в г.Тараз; ....
Татьяна Немцан – Вячеславск үлгілі орта мектебінің директоры
Татьяна Николаевнаның мектебінде хлор мен дәретхананың емес, үй тоқаштарының иісі аңқып тұрады. Мектепте болып көрген қонақтардың барлығы осылай дейді. Ақмола облысындағы Вячеславск орта мектебінде халықаралық делегациялар, комиссиялар мен жоғары мәртебелі қонақтар, тіпті республика президенті де болып қайтқан. Өйткені директор кәдімгі ауылдың білім беретін мекемесін үлгілі мектеп дәрежесіне жеткізді.
Мектептің жылыжайы мен іргесінде жер телімі бар, сол жерде оқушылар ата-аналарымен бірге экологиялық және технологиялық стандарттарға сай көкөністер өсіреді – көзімен көргендердің айтуынша, бақшада өсетін картоптарының үлкендігі қырыққабаттай, ал қырыққабаттары – қарбыздай. Балалар өздерінің бақшасында тамшылата суару мен жаңбырлама саптамаларды енгізді.....
Интернеттің пайда болуын ғылым мен өркениеттің арғы-бергі тарихтағы ірі жетістігі десек, артық етпес. Осынау ғаламдық желіде сәт сайын жаңарып, толығып тұратын ақпараттардың толассыз легі арқасында дүниенің түпкір-түпкіріндегі маңызды уақиғаларды қалт жібермей қадағалайтын болдық. Әлбетте, жұмыр басты пенденің жылт еткен жаңалық атаулыны ерттеп мінуге ұмтылысы – табиғи, қалыпты құбылыс. Құптарлық, қуанарлық іс. Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес. Аз уақытта адамзаттың ортақ игілігіне айналып үлгерген интернеттің ұшан-теңіз пайдасымен қоса, зиянды тұстары да бар екені анықталған. Басқасын айтпағанның өзінде, «Интернетке тәуелділік» дейтін жүйке дертінің атауы ғылыми айналымға енгелі біраз жылдың жүзі болды. Таяуда АҚШ-тың бір азаматы онлайн-қызметтер үшін бар жиған қаражатын ысырап қылыпты. Бұл ештеңе емес-ау, соның кесірінен интернетқұмар пақырыңыз баспанасынан да айрылған. Үйсіз-күйсіз тентіреп, далада қалған ол ұрлыққа түскен жерінен ұсталыпты. Заң қызметкерлері оның өзінен мұндай теріс жолға түсуінің себебін сұрағанда, әлгі бәтшағар беті бүлк етпестен: «Мен үшін интернетте отыру – үйімнің болғанынан да маңыздырақ. Өйткені мен интернеттен көп достар таптым...», - деп «ағынан жарылыпты». Біз айтып өткен жағдай әлемде мыңдаған адам шалдыққан интернетке тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар және өртеңге шыққан шөптей қаулап өсіп келеді. Ғалымдар бұл терминді интернетте шамадан тыс көп отырып, жиі пайдаланатын һәм оны пайдалануға кедергі туа қалса, жүйкесі қозатын адамдарға қолданады. Олар үнемі виртуалды кеңістікті кезіп жүргендіктен шынайы өмірден алыстап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы бұзылатын көрінеді. Кейбір зерттеушілер бұл ауруды есірткіге, я болмаса, құмар ойындарға тәуелділікпен қатар қояды. Түрлі дерек көздерінде интернетке жіпсіз байланғандардың қарасыны мұқым қолданушылардың 10 пайызын құрайтыны айтылады. Телекоммуникация және IT саласында зерттеумен айналысатын ICT-Marketing тәуелсіз компаниясының мәліметінше, өткен жылдың аяғында Қазақстандағы интернет тұтынушылардың ұзын саны 3,16 миллионға жетіпті. Яғни, халқымыздың 20 пайызға жуығының интернетке шығуға мүмкіндігі бар. «2010 жылы Қазақстандағы интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 миллион адамға дейін өседі», – деген Елбасының сөзі де есімізде. Әйтсе де, бұл көрсеткіш Ресейлік Mail.Ru бағдарламасын, оның ішінде м-агент жылдам хабар алмасу қызметін пайдаланушыларға қатысты емес. M-агент – бұл ТМД көлеміндегі ең әйгілі жылдам хабар алмасу бағдарламасы. Mail.Ru компаниясының деректеріне жүгінсек, м-агентті айына 9 миллион пайдаланушы тұтынып, бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылып отырады екен. Соңғы бір жыл көлемінде м-агент бағдарламасын ел ішінде жаппай қолдану үрдісі байқалып отыр. Оны қолданушылардың жас мөлшері де, әлеуметтік мәртебесі де шұбар аттың жүніндей ала-құла. Жастар, үлкендер, мектеп оқушылары да агентті арзан әрі ыңғайлы қатынас құралы ретінде пайдаланады. Компьютерді қойып, қыл аяғы қалта телефонына дейін еніп алған бұл бағдарламаның, әсіресе, жастар арасында дәурені жүріп тұр. Бір құрдасымыз айтпақшы, дос ретінде танысса да, ғашығымен табысса да екі ортада осы бір «жеңгетай-агент» жүреді. Тіпті агент арқылы тағдырлары тоғысып, отау тіккендер де бар екенін ара-тұра желауыз жұрттан естіп қаламыз.....
Буриме (фр.bouts-rimés) — Француз поэзиясында 17-ғасырдан бастап орын алған өлең түрі. Алдын ала дайындалған ұйқастарды пайдаланып өлең шығаруды машық етуден туған. Айталық, бір ақынның дайындап берген ұйқастарын қолданып, басқа ақындар өлең шығарған. Ақындық шеберлікті сынасу ниетімен әдейі осындай өлең үлгісін алған. Бұл, әрине, өлеңнің қуатын логикалық, көркемдік сақтаудан гөрі түршілдікке мән беру. Өйткені алдын ала даярланған сөзге, ұйқасқа сәйкес етіп өлең шығару оңай емес, шығарған күнде де ақын қол-аяғы байлаулы болған соң, көркемдік қабілетін еркін көрсете алмайды, ұйқасқа тәуелді болып отырады. Басқа халықтар поэзиясында бұл өлең түрі аз тараған. Орыс поэзиясында революциядан бұрынырақ бір топ ақындар арнайы конкурсқа қатысып, осы үлгі бойынша өлеңдер жазған.
Өндірілген өнімді тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады, өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдау арқылы. Өнімді тікелей өткізу әрқашанда тиімді емес сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құрауға байсалды, байыпты қарауға тиіс....
Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз. А) Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат. Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде “берек елі мемлекет” (welfare state) деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамтамассыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық....