Экономик | Ақша айналысы заңы

Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс таурлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшінқажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісінбір аттас ақша өлшемінің айналым санына ( айналым жылдамдығына ) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырысқандаөтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы,төлемеушіліктің тізбегінде әлеуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.
Сөйтіп,айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. ....
Рефераттар
Толық

Организм ішікі ортасы

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.
Ұлпа сұйықтығы
Ұлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.
Лимфа
Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.
Қан
Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.
Қан құрамы
Қан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады.
Қан плазмасы
Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады.
Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары Шоқан Ыбырай Абай

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып, танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .
« Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....
Рефераттар
Толық

Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (1984 жылы 23 мамыр)

Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (23 мамыр 1984 жыл Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген) — Қазақстандық поп әнші, композитор, биші.

Өмірбаяны
Ю. А. Гагарин атындағы №4 орта мектеп түлегі (1990-2001). Атырау Мұнай және Газ институтынн және (2001-2006) Нұр Мүбәрак Ислам университетін аяқтаған (2006-2011). 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән сайысына қатысып, "Көрермен көзайымы" наминациясын жеңіп, лауреат атанған. 2003 жылы Ренат Гайсинннің шақыруымен KZ тобында Рүстем Нұржігітпен өнер көрсеткен. 2007 жылы KZ тобымен "1" атты үнтаспа жазған. 2009-2010 жылы Египет елінде араб тілін дамытып және 2011-2012 жылы ағылшын тілін дамыту үшін Малазия елінде білім алған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, продюсер Ғалымбек Исмбергеновпен жеке шығармашылық бастаған. 2015 жылы Халықаралық Turkvision байқауының лауреаты. 2015 жылы бірінші "Қайтесің өзгені" атты бейнебаяны жарық көрген. 2015 жылы Muzzone арнасының санауы бойынша "Қайтесің өзгені" атты әні жылдың ең үздік маxаббат әні болып номинациясына иеленген. Кейін, "Аяқты қимылдат", "Елім деп соқсын жүрегің", "Лаула (бүйтіп биле)" бейнебаяндары жарық көрген. "2017 жыл таңдауы" наминациясының иегері. 2018 “Stars of Asia” номинация иегері. Отбасын құрған. Төрт баланың әкесі. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Технология | Мал өнімдері

Мал шаруашылығы мен мал өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорын¬дары облысымыздың аграрлық секторындағы негізгі салалардың бірі. Өйткені, облыс халқының әл-әуқатын көтеру және аймақтың өзін-өзі сүт және ет тағамдарымен қамтамасыз етуі осы саланың дамуына тікелей байланысты.
Біздің “Меркі-ет” жауапкер¬ші¬лігі шектеулі серіктестігі бүгін облыс бойынша ет өнімдерін өнді¬рістік өңдеудің толық циклын жү¬зеге асырушы жалғыз кәсіпорын ретінде ерекше қатардан орын алып отыр. Өйткені, еліміз “Жаңа әлем¬дегі жаңа Қазақстан” асуын алу¬ға бет алған шақта, ауыл шаруашы¬лы¬ғын қайта өңдеу кәсіпорын¬дарынсыз елестету мүмкін емес. Өскелең өркениет өресі – ауыл шаруашылығын бір ғана шикізат өндіру дәрежесінде қалдырып қоймай, оны сол шикізатты қайта және терең өңдеу арқылы үлкен өн¬дірістік-экономикалық және ин¬дустриялық-инновациялық кешенге айналдыруды, оларда өндірілген өнімдерді халықаралық рынок талап¬тарына сай шығаруды қажет етеді. ....
Рефераттар
Толық

Ерболат Тоғызақов Қасымұлы (1948 жылы 25 наурыз)

Ерболат Қасымұлы Тоғызақов (1948 жылы 25 наурызда Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Ерболат Қасымұлы Тоғызақов 1948 жылы 25 наурызда Алматыда дүниеге келген.
1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген
1974 жылы КСРО кезеңіндегі Госкин жанынан құрылған киноөндірісі ұйымдастырушыларының екі жылдық курсын аяқтады.
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында әкімші болды және түрлі жұмыстарды атқарып жүрді.
2008 жылы Ермек Тұрсыновтың «Келiн» фильміне түсіп, дебютті қадам жасаған ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты

Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең үзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сүз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.
Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сүйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай – ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның iшкi аудитi үзектi болып есептелiнедi.
Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рүлi зор.
Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiп бiлуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе – банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күруге болады.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бүлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Сараптамалық жүйелер (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі замандағы үрдістер.
Сабақтың тақырыбы: Сараптамалық жүйелер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.2.1 жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер туралы пікірталас (анықтамасы, қолдану саласы)
Сабақтың мақсаттары: - жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер не екенін білу;
- жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер қолдану салаларын білу........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК

Шақшақұлы Жәнібек (? – 1751) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауаты мол молда кісі болған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан. Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек», «Шақшақұлы Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оынң әкесінің де, руының да аты емес, үшінші атасының аты. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады.
Атасы шақшақ Аманжолұлы – қазақ ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. Есім Ташкентті шауып, Тұрсын ханды өлтіргенде Шақшақ соғыс олжасы ретінде еншісіне тиген Тұрсын ханның қызы Нұрбикені алып келіп, баласы Көшейге қосқан. Шақшақ жауға шапқанда арғынның ортақ ұраны «Ақжолды» айтпай, өз атасының атын атап: «Аманжолдап» шабады екен. Содан Аманжол Кіші жүз жақтағы арғындардың ұранына айналған. Жәнібек те жауға осы ұранмен шапқан. Ол – ұзақ ғұмыр жасап, қазақтың Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымен, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билерімен, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді батырларымен бір боылп, еліне елеулі қызмет еткен тарихта орны бөлек ерен тұлға. Абылай хан қашан ерлігімен танылғанша, үлкен қолбасшы Жәнібектің қарауында, қатардағы сарбаздардың бірі болған.....
Рефераттар
Толық

Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау
Сабақ мақсаты: • біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономика| Банк менеджменті

Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.
Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.
Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Қожа Бақтияр Абдуллаұлы (1957 жылы)

Қожа Бақтияр Абдуллаұлы - актёр.
1957 жылы Өзбекстанда туылған.
Т. Жүргенев атындағы Қазақ өнер институтына түсер алдында, эстрада бағытындағы миниатюра театрында ойнаған.
1979-1981 ж.ж. Кеңес Әскерінде болған.
1981 жылдан бері - М. Әуэзов атындағы Алматы Қазақ драма театрының актері. 30 жылдық қызметінде театрда 100-ден астам рөлдерді сомдаған.
Кинодағы рөлдері:
2015 Ауылдан қашу. «Махаббат» операциясы / Побег из аула. Операция «Махаббат» - Айсұлудың әкесі
2013 Бауыржан Момышұлы / Бауыржан Момышулы (Қазақстан)
2012 Құрбылар / Подружки (хикая, Қазақстан)
2011 Тонаушылар олимпиадасы / Олимпиада....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тарих | ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС

Қыпшақ Бейбарыс Египетті 17 жыл билеген. Оның толық аты-жөні әл-Мәлік аз-Зәкір Рух-ад-дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихли. Ғалымдардың пікірі бойынша Бейбарыс 1223 жылы Каспий теңізінің батыс жағалауында дүниеге келген .Қыпшақ тайпасынан шыққан. 1277 жылы Сирия қаласы \Дамаскіде\ қайтыс болған. Ол Египет пен Сирия сұлтандарының ішінде ең атақтысы, ең сыйлысы болған. 1260 пен 1277 жылдар аралығында осы мемлекеттерді басқарған. Ол халық арасында \118 крестшілер\ мен монғолдарды жеңген билеуші болумен қатар, игілік жасаушы \175 реформатор\ кейпінде де атағы шыққан болатын. Халық аузында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан "Бейбарыс сұлтан" әңгімесі араб ауыз әдебиеті творчествосы - \226 фольклордың\ озық шығармасы болып табылады. Ал Бейбарыс сұлтанның аты халық арасында билеуші, әрі батыр ретінде кең танымал екендігін көрсетеді. Ол жайлы шығарылған бұл әңгімені шежірешілер халық көп жиналған алау маңында айтып беретін.
1242 жылы монғолдар қыпшақ жерін жаулап алғаннан кейін бозбала Бейбарыс тұтқындалып, басқа да руластарымен бірге құлдыққа сатылып кеткен болатын. Түркі тілінде сөйлейтін жалдамалы әскерлер мұсылмандық |Жерорта теңізі бойындағы елдердің әскерінің қомақты бөлігін құрайтын жєне олардың құны үлкен ақша тұратын. Өмірдіњ әр түрлі тәлкегінен өткен Бейбарыс, Египет сұлтаны Ас-Салах Нажім-ад-Диннің қолына түседі. Оны сұлтанның өзге де әскерлерімен бірге, Ніл өзені бойындағы бір аралда ұстайды. Ол осы жерде өзінің қайсарлығы мен қаруды жақсы қолдана алатындығымен көзге түседі. Ол аралдағы әскери өнер мектебін бітіргеннен кейін, шайқастарға қатысып, ерлігімен көзге түседі. Бейбарысты соғыстағы ерліктері мен көзсіз батырлығы үшін сұлтанның күзет бастығы етіп тағайындалады. ....
Рефераттар
Толық

Химия | Күкіртті анықтау

Күкірт темір сульфиді және марганец сульфиді түрінде болаттарда болады. Болаттардағы күкірттің құрамын иодометриялық әдіспен, айдау, гидравликалық әдіспен анықтайды.
Көлемдік иодометриялық әдіспен анықтау (IV) күкірт оксидінің құрылған көлемін анықтау оттегі ағымында болаттың мөлшемін өртеу де күкіртті анықтау әдісі.
Күкірттің (IV) оксиді темір сульфидін, марганец және кейбір металдардың сульфидін қышқылдандыру кезінде болаттың қатысуымен құрылады

(IV) күкірт оксиді оттегі артықшылығымен күкірт қышқылы құрылатын суы бар ыдыстан өткізеді. Оның көлемі иод ерітіндісін титрлеумен анықтау.

Күкірт құрамын титрлеуге кеткен иод ерітіндісін мөлшерінің негізінде анықтайды. Теңдеуден көріп отырғандай 0,5 моль иод, яғни 126,92, 16г күкіртке сәйкес береді екен.
Әдіс дәлдігі ± 0,001%
Жұмыс мақсаты: Болаттағы күкіртті иодометриядық әдіспен анықтау.
Жабдықтармен материалдар:
1.Оттегісі бар баллон.
2.Газометр
3.Күкірт қышқылымен жуғыш ( көпіршіктерді есептегіш)
4.Кальций хлориді бар колонка
5. «Марс пеші» 1200°С
6. Диаметрі 18-20мм, ұзындығы 600 мм фарфор түтік
7.Шыңдалған фарфор қайықшалары
8. Иодпен титрлеуге арналған бюреткалар
9.Крахмалдың су ерітіндісі
10. Мыстан жасалған күршектер, қайықша мен түтікшені ұстап алуға арналған.
11. Пирометрлік милливольтметрмен термопара
12.Биіктігі 250мм және диаметрі 40 мм екі цилиндр
13. Аналитикалық таразы. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Абай өлеңдерiндегi кеңістік пен уақыт

Уақыт пен кеңiстiк ұғымының ауқымы шексiз. Екеуi Сиам егiзiндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсiбiр сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды.
Көркем әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң шағын моделi. Оны дүниеге әкелу үшiн де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негiзделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдерi де мекеншақ ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт және кеңiстiктiң перцептуалдық бейнесiн әдебиет мекеншақ тағандарына табан тiреп тұрып сомдайды.
Абай философиясының ең басты бағаналы терегi – Уақыт (әрине, кеңiстiк ұғымы өзiнен-өзi сана астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай объективтi табиғи құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүрiп, уақыттың түйткiл мәселелерiн шешемiн деп ойлау – өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу екенiн бiледi. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы тұрақтылық табуға ұмтылысы.
Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде ақын алғаш рет уақытты жанама кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш сезiмiне байланысты психологиялық уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi, кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс заматымен iшкi драматизм тудырады. Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн арттырады. Ақын үшiн алдыңғы буынның олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ болашағы да қауiпсiз емес. Ол кертартпа орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы кереғарлықты сезiнiп, қам жейдi. Лирикалық қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен, өзiнiң жекелiк қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен келiспеушiлiк тәрiздi сарындарға көшуiмен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелiктi аңғартады. Бұл тәсiл баяндау уақытының еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық үлгiдегi жыраулар поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсiз болмысын бойына сiңiре отырып, әлеуметтiк және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәрiптеу мен таңырқау әсерiне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегiн бұзады да, осы төңiректегi драматизм, лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы эмоционалдық полифония қалыптастыру нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк дүниесезiну дәстүрiн дүниеге әкеледi. Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан емес-тiн. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтiк себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты әшкерелеу интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар емес, азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар эмблематикасын алға тартады. Ұлттық идея ежелгiдей майдан даласындағы батырлық пен ел билеушiлерiн мадақтаудан iрге айырып, жатаған қалыптағы, бiрақ орыс мәдениетi түрiнде көрiнiс берген жаһандану үрдiсiн мақұлдау арқылы мазмұндық аясына жаңалық енгiзедi. Абай тарихи-әлеуметтiк мекеншақты психологиялық мекеншақпен тығыз араластыру нәтижесiнде соны сипаттағы iлгерiшiл ұлттық мұрат субстратын назарға ұсынад....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні

Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының мазмұны ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізілетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинскийдің «қандай да бір құқтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құқылықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне идеялық маңыз беріп, мектеп тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Сондықтан бүгінгі қоғамның талабына сай оқушыларды жан – жақты тәрбиелеу процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – оқу – тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі, мектеп- өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі негізгі бір әлеуметтік мекеме. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Микроэкономика

Үкіметтің тұтас микроэкономикалық саясаты жоқ. Үкіметтің ұсынған бағытындағы басты қателік - мемлекет иелігінен алу мен жекешелендруге иек артуы, тауар өндірушілерден, тұтыну рыногын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен тікелей қамтамасыз ететін меншік иелерінің ауқымды тобының пайда болуы үшін, экономикалық реформаларды жеделдету үшін халықтың өзін, әсіресе ауыл халқын қозғалысқа түсіретін нақты негіз қалыптастырудан өздігінен сырт қалғаны.
Бұрынғы және жаңадан құрылған салалық министрліктер осы уақытқа дейін өнеркәсіп саясатын жасамады. Айталық, энергетика және оның ресурстары министрлігі мен Мұнай-газ министрлігі өздерін мемлекеттік монополиялық энергокомпанияға және монополиялық көмір, мұнай, газ және «ЖЖМ» холдингтеріне біріктіріп жіберді. Мұндай ведомстволарға өздерінің өнімдеріне нарықка қарсы ішкі бағаларды өсіру, дайын өнімдерді емес, шикізатты сыртқа шығаруды арттыру тимді. Мұндай монополияшы-ведомстволар құрылымының өзі нарық идеологиясына және реформаның тереңдеуіне қарсы жұмыс істейді. ....
Рефераттар
Толық

Зерттеуді қалай жоспарлау керек? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Зерттеуді қалай жоспарлау керек?
Оқу мақсаты: 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.
Сабақтың мақсаты: Зерттеу жұмысын жүргізе білу дағдыларын дамыту......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономика | Қазақстанның инновациялық дамуының қазiргi жай-күйi мен проблемаларын талдау

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады; экономика мен қоғамды одан әрi серпiндi дамыту үшін инновацияларды толыққанды пайдалану мемлекет мақсатты инновациялық саясатты жүргізген кезде мүмкiн болады.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалар да кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жүйелiк сипаттағы ықпалдастықты, өзара байланысты шаралар кешенi, бiлiмдердi жинақтау, тарату және коммерциялау тетіктерiн өзiне қамтитын тиiмдi әрекет ететiн ұлттық инновациялық жүйе (бұдан әрі - ҰИЖ) арқылы қалыптастыру қажеттілігінен туған ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Екінші деңгейдегі банктің пассив операциялары

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Екінші деңгейдегі банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың екінші деңгейдегі банктер қызметіндегі ролі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары».
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтің операцияларына мыналар жатады:
 салым қабылдау (депозиттер);
 клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу;
 өзінің бағалы қағаздарын шығару (облишация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
 банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
 репо операциялары;
 еуровалюталық несие алу.....
Рефераттар
Толық

Электр энергиясы қайдан алынады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясы қайдан алынады?
Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу
Сабақтың мақсаты: Электр энергиясының көздерімен танысады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономика | Инфляцияға қарсы саясат

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржының мәні

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктердің дамуымен тығыз байланысты болады. Осы қаржы терминін енгізген адамын табу өте қиын , айту қиын. Бұл терминнің авторлығы 1577 жылы « республика туралы алты кітап » деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары , тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

 әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып , оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
 кез келген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржыбилеуші
таптың мүдделрін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
 өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен , құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе , мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
 егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса....
Рефераттар
Толық

Маркетинг | ҰЙЫМНЫҢ МАРКЕТИНГТІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ

КІРІСПЕ
Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1].
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс [3]. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы нарықтың даму тарихы

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құлиеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты-өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі - жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бала түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С.Бәкішевтің мәліметтері бойынша, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Қазақтардың күнкөрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды. ....
Рефераттар
Толық

Франция мемлекетінің бизнеспен қарым қатынасының эволюциялық құрылуы

Әлем мемлекеттері экономикасының даму кілті ретінде бизнеспен қарым-қатынасты күшейтуге бағытталып жатыр. Жеке меншік сектор үлесі күннен күнге көбейуде, ал жеке бизнес тұрақты табыс көзіне айналған.
Көпшілік үшін Франция – бұл ең алдымен атақты тарихы мен бай мәдени дәстүрі бар мемлекет. Алайда, осы сән мен романтика ошғында да іскерлік өмір қайнап тұр. Оны құраушы негіздерінің бірі – шағын және орта бизнес болып табылады. Европаның бұл ірі державасында мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас бүгінгі күні күшее түсуде.
Президент бағыттаған Қазақстанның 50 бәсекелестікке қабілетті елдің қатарына қосылуы бағытында үлкен шаралар жасалып жатыр. Алға қойылған мақсаттар да әлі көп. Осы мақсаттарға жету жолында Қазақстан экономикасы нық басқан, тәжірибелі елдердің қате-жетістіктерін зерттеу керек. Соның ішінде Францияның бизнеске көрсетілетін қолдауы: салық, қаржы, ұйымдастыру саясатындағы үлгітұтарлық жеңілдік-көмектері бар. Осы рефераттың мазмұны Франция мемлекетінің шағын және орта бизнесті қолдау шараларын көрсетуге бағытталған. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Адам экологиясы

Адам экологиясы дегеніміз – ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын сандық және сапалық құрылымын зерттеу, реттеу көпшілікке экология саласынан білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральді парасаттандыру адамзат баласының экологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемеларды жан-жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Адам экологиясы және халықтық экология дами түсуде.
Биосферада, ноосферада, экожүйелерде, биогеоценоздарда, табиғи және жасанды ландшафтарда фитоценоздардың, зооценоздардың, микробиоценоздардың тұрақты сақталуы – адамзат баласының ақыл-ойымен, іс-әрекетімен тікелей тәуелді екендігі айқындала түскені байқалады.
Сондықтан ХХІ ғасыр адамзат баласының ақыл-ойы, сана-сезімі кемелденген-нооэкология кезеңі деп атау орынды екенін айтпай кетпеуге болмайды. Өйткені биосфера компоненттерінің бүгінгі тағдыры мен болашағы адамзат баласының ақыл-ойының жетілуіне байланысты болады.
Экология ғылымының негізгі мақсаты – биосферамен ноосфера, экожүйе, биогеоценоз тұрақтылығын сақтап ол үшін халықтың барлық деңгейінің экологиялық білімі, мәдениеті мен тәрбиесі жоғары болу қажеттігі күн сайын көрініп отыр.
Келешек жеткіншектерге экологиялық тәрбие мен білім берудің жер жүзілік даму кезеңдерінде тоқталатын болсақ, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО білім және ғылым мәдениеті туралы проблемалардан туындайды. Францияға (Парижде) 1968 жылы халықаралық конференцияда (Донеско) «Адам және биосфера» атты бүкіл дүниежүзілік бағдарлама қабылданды. Онда бірінші рет халықаралық деңгейде биосфера биоресурстарды қорғау және рационалды түрде пайдалану туралы бағдарлама қабылдап, ол орынды түрде экологиялық сипаттама алды.
1971 жылы Швейцарияда бірінші Европалық конференция ашылып, онда «Айналаны қоршаған табиғи орта», «Табиғат қорғау» прблемалары талқыланды.
1972 жылы Швецияда Стокгольмде «Қоршаған ортаны қорғау» проблемалары туралы білім мен тәрбие беру, 1977 жылы Грузияда (Тбилиси қаласында) өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕН ұйымдары экологиялық білім және тәрбие беру проблемалары туралы 40-50-дей неше түрлі шешімдер қабылданған болатын.....
Рефераттар
Толық

Есмұхан Обаев Несіпбайұлы (1941 жылы 23 маусым)

Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында туған) — актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975). "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты. Барыс, Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.
Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1960 - 1964 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген.
Еңбек жолы
1965 - 1967 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы - режиссері болып, «Жаяу Мұса» (З.Ақышев), «Боран» (Т.Ахтанов), «Көзілдірік» (Б.Майлин) қойылымдарында режиссерлік қабілетін танытты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тірі табиғат дүниелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Сабақ тақырыбы: Тірі табиғат дүниелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.6.2.1 тірі табиғат дүниелеріне ағзаларды жіктейді
Сабақ мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
• тірі ағзалардың негізгі ерекшеліктерін ауызша тұжырымдайды
• тірі ағзаларды бес дүниеге олардың ерекшеліктері бойынша жіктейді, жазбалар және қорытынды жазады
• ағзалардың ерекшелік белгілерін атайды және олардың белгілі бір дүниеге жататындығын анықтайды....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық