_ҚҰқық_бұзушылықдың_алдын_алу_презентация
Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет
Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптасуы
Міндеттері:
1. Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.
2. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау.
3. Оқушылармен байланысты туындаған дау-дамайды шешу үшін педагогтарға көмек көрсету.
1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? 4. Оларды орындау үшін не қажет? 5. Адамның негізгі құқығы? 6. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі.Бостандық – деген не?
7. Бостандықты не шектейді?Заңды кім қалай бұзды?
“Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар” бейнеролигі
Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады?
Оларды қылмысқа қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, әлде тәрбие таяз ба?
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын қалай алуға болады?
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің
көбею себептері:Отбасындағы ақау тәрбие;
Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;
Жұмыссыздық;
Баланың бос уақытының шамадан тыс көп болуы;
Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;
Мінез-құлқының ауытқушылығы;
Рухани құлазуы
Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл- құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады
Бала тәрбиесі
“Құқық бұзушылықтың алдын алу”
бейнеролик
Жағдаят №1
Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.
Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.
Сұрақтары:
Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
Класс жетекшісінің орнында не істер едіңіз?
Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?
Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?
Құқық бұзушылыққа жол жоқ!!!
Өйткені, біз бақытты бейбіт елде өмір сүреміз!
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.
Назарларыңызға рахмет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?