Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
сабақ жоспары №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім – Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру Күні: Сынып: 11 | Мектеп: Мұғалімнің аты жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. | |
Оқу мақсаттары: | 11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу. | |
Сабақ мақсаты: | 1. Спорттық гинастика және оның түрлерімен таныстыру.2. Өткен сыныптағы акробатикалық жаттығуларды еске түсіру. 3. Оқушылардың акробатикаға керекті дене қасиеттерін дамыту. 4. Дененің дұрыс дамуымен денсаулықтың нығаюына қолғабысын тигізу; | |
Жетістік критерийлері: | Оқушылар мыналарды орындай алады:
| |
Тілдік мақсат | Тақырыпқа байланысты академиялық тіл мен қосымша тілді дамыту. Оқушылар ойынға байланысты негізгі термин сөздерді үш тілде білуі, жаза алуы және қосымша тіл арқылы ашып түсіндіре алуы. | |
Құндылықтарды дарыту: | Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды. | |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыс. | |
Акт қолдану: | Сілтемелер бойынша материалды көрсету | |
Бастапқы білім: | Оқушылар алдыңғы сыныптарда сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда меңгерген жылдамдықты - күштік дайындық пен төзімділіктің командалық ойындарға қатысу тәжірибесіне ие. | |
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | құрал жабдықтар (ресурстар) | |
Сабақтың кіріспе бөлімі: 10 мин | Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу, түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру. Оқушыларға бүгінгі сабақ мақсатына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл)!!! 1. Гимнастиканың қандай түрлерін білесіңдер? 2. Спорттық гимнастика деген не? Оның қандай салаларын білесіңдер? Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Спорт зал бойынша айнала жүгіру: 1. Тізенені жоғары көтеріп жүгіру. 2. Өкшені артқа сілтеп жүгіру. 3.Тіркеме адыммен қолды айландырып жүру. 4. Жанымен қайшылап жүру. 5. Рет оң жақ, рет сол жақпен тіркеме адыммен жүру. 6. Секіріп тізені кезек көтеріп, қолды айландыра секіру. 7. Артқа өкшені сілтеп жүгіру. Демді қалпына келтіру жаттығуы. Сынып болып жалпы дамыту жаттығуын орындау. - Б.Қ. негізгі тұрыс: 1-терең демалып аяқтың ұшына тұрып қолды жоғалы көтереміз, 2-демді сыртқа шығарып қолды төмен түсіреміз. - Б.Қ. аяқ бірге қол белде: 1- қолды иыққа қоямыз, 2-қолды жоғары көтеріп аяқ ұшына тұрамыз, 3-қолды иыққа қойып өкшені түсіреміз, 4-Б.Қ. - Б.Қ. негізгі түрыс: 1-қолды алға созамыз, 2-қолды екі жаққа созамыз, 3-аяқ ұшына тұрып қолды жоғары көтеріп алақанмен шапалақ ұрамыз. - Б.Қ. аяқ иық кеңдігіндей қол белде: 1-қол иыққа, 2-қолды жоғары көтеріп аяқ ұшына тұрамыз, 3-тізені бүкпей еңкейіп қолды аяқ ұшына тигіземіз, 4-қолды алға созып толық отырамыз, 5- Б.Қ. - Б.Қ. аяқ иықтан кең, қолды белге қоямыз: 1-2 солға қарай денені еңкейтіп оң қолды созамыз, 3-4 оңға денені еңкейтіп сол қолды созамыз. - Б.Қ. қолды алға созып аяқты иықтың кеңдігіндей қоямыз: 1-2 оң аяқпен сол қолға тигіземіз, 2-сол аяқпен оң қолға тигіземіз. - Б.Қ. аяқ бірге қол белге: 1-таянып отырамыз, 2-таянып екпетінен жатамыз, 3-таянып отырамыз, 4-аяқты оңға жіберіп жанына таянамыз, 5-таянып отыру, 6-аяқты солға жіберіп жанына таяну, 7-таянып отыру, 8-қолды жоғары көтеріп, жоғары керіле секіру, 9-таянып отыру, 10-Б.Қ. Назарды қалыптастыратын активити. | Бос кеңістік, Бос кеңістік, ысқырық Жаттығу орындау үшін бос кеңістік Бос кеңістік, ысқырық Жаттығу орындау үшін бос кеңістік Бос кеңістік, ысқырық Жаттығу орындау үшін бос кеңістік | |
Сабақтың негізгі бөлімі 23 мин | I. Оқушыларға спорттық гимнастика түрлері туралы жалпы ақпарат беріп өту. II. 3-4 рет алға домалады қайталау. III. 3-4 рет артқа домалауды қайталау. IV. Секіріп алға созыла домалауды қайталау: V. артқа тербеліп жауырынға тұруды қайталау.
VI. «көпірге» түсуді қайталау. Дифференциация: Оқушылар акробатикалық жаттығуларды орындайды. Алға, артқа домалау, жауырынға тұру жаттығуларын арындауға қиналған балалар жаттығуды бөлшекпен және көмекпен орындайды. VII. Топпен акробатикалық элементтер жиынтығын құру: 1) Оқушылар 3 топқа бөлінеді 2) Мұғалімнің дайындаған таратпа материалдарымен оқушылар үйренген акробатикалық элементтерден жаттығу жиынтығын құрайды. 3) Топта бір-бірін үйретіп жаттығуды орындайды 4) Топта талқылайды 5) Мұғаліммен талқылап қортындалайды (кері дайланыс)
Оқушылар өз идеяларымен бөлісіп, зерттеушілік әңгіме жүргізіп, олардың шығармашылық ойлауы және бақылау дағдылары тұрғысынан пікір бір-біріне білдіреді Жетістігі. Оқушылар акробатикалық жаттығулардың түрлерінің айырмашылықтары мне ерекшеліктерін, ережелерін түсініп бір – біріне түсіндіріп, бағалай алады. | Жаттығу орындау үшін бос кеңістік, гимнастика матылары Жаттығу орындау үшін бос кеңістік, гимнастика матылары Жаттығу орындау үшін бос кеңістік, гимнастика матылары Жаттығу орындау үшін бос кеңістік, гимнастика матылары Жаттығу орындау үшін бос кеңістік, гимнастика матылары 1. https://www.youtube.com/watch?v=JDpCf0jh6Cs –ұлдар 2. https://www.youtube.com/watch?v=mb1H85ntnLY-қыздар | |
Сабақтың соңы: 7 мин | Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығу жасатып, сапқа тұрғызу. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: -нені білдім, нені үйрендім. –нені толық түсінбедім. Үй тапсырмасы - дене қабілеттерін дамыту жаттығулары | Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін қадағалау. | |
Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. | Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |
Сабақ бойынша рефлекия: 1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? | |||
2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | |||
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | |||
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ? | |||
Жалпы оқушыларды бағалау: | |||
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) | |||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) | |||
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?) | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру