Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар барлық қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып, гимнастиканың еркін элементтерін орындай алады.

Оқушылар гимнастикалық жиынтықтардың эпизодтарын құрастыра алады.

Оқушылар еркін жаттығулар жиынтығын құрастырып, көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

Дене дайындығының дамуын жетілдіру.

Еркін жаттығулар жиынтығын ұсынып және көрсету.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу.

Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

• Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды?

• Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады?

• Қандай траекториямен қозғала аласыз?

• Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз?

• Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру

Құрмет, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыс

Биология.

АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=t8g-cyPt-2Q

Алдыңғы білім

Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 10 минут

Оқушылардың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Мұғалім, гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелерді сақтау бойынша нұсқаулық өткізеді. Оқушылар нұсқаулықтарды тыңдағаннан кейін қауіпсіздік ережелердің журналына қолдарын қояды.

Жүру, түрлі тәсілдермен.

Бір бағанмен, бір қалыпта жүгіру.

Жүру және денені қалыпқа келтіру.

ЖДЖ орында, жұпта жасайды. Әр жұп өздерінің жиынтық жаттығуларын орындайды.

Спортзал, ысқырық, уақыт өлшегіш, қауіпсіздік ережелерінің жунары.

Сабақтың ортасы

11 – 36 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Икемділік дегеніміз не? Икмекділікті жақсартуға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Оқушылар керекті құрал-жабдықтарға байланысты, топтарға бөлінеді.

Еркін гимнастикалық жаттығулардың элементтерін орындау: бір аяқта тепе-теңдікті ұстау, гимнастикалық көпірше, жауырында тұру, алдыға айналу, артқа айналу.

Саралау: бірінші оқушы көпіршені жату әдісінен орындайды, екінші оқушы тұру әдісінен орындайды. Оқушыларға түсінікті болса, айналуды жұпта орындайды.

Еркін жаттығулар жиынтығын құрастыру. Қажет болған жағдайда оқушылар интернет-ресурстарды қолдана алады. Мұғалім оқушыларға, еркін жаттығулар жиынтығын құрастыру үшін екі түсінікті айтады: гимнастикалық элементтерді таңдау және жиынтық құрастыру.

Әр топ өздерінің еркін жаттығулар жиынтығын құрастырады және жетілдіреді. Мұғалім оқушылардың құрастырып жасаған жиынтықтардың орындау техникасына түзетулер еңгізе алады және бағалайды.

Дескрипторлар: қауіпсіздік ережелерді сақтауы, икемділік, ептілік, жиынтықтарды нақты орындауы, қиындау элементтерді орындауы.

Саралау: еркін жаттығулар жиынтығының қиыншылығы; күрделенген элементтер - артқа айналып, қолды тіреп жату, жатып жанымен екі рет айналу, тұру және тұрудан көпірше әдісін жасап, отыру, баста тұру, алдыға айналу және отыру.

Бірнеше жиынтықтарды көрсету. Өзара бағалауды жүргізілу. Сұрақтар туындаған кезде оқушы өз көзқарасын қорғайды. Гимнастикалық жиынтықтың күрделілігі бағаланады.

Спортзал, ысқырық, ноутбуктар, гимнастикалық маттар.

Сабақтың аяғы

37 – 40 минут

Топтың жиыны: Сабақты талдау. Кері байланыс: Білгенім? Сабақта нені білдім? Келесі сабақта нені білгім келеді?

Спортзал, стикерлер, қаламсаптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Тапсырмалар қосымша талаптармен қиындатылады, мысалы: тұру әдісінен көпірші әдісін орындап және бұрылып отыру әдісі.

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Қосымша қолдау

Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады.

Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну.

Топтағы оқушылар пікірталасқа түсіп жатқанда, мұғалім барлық нәрсені дұрыс, қысымсыз дұрыс отыруы керек. Әркімнің өз нұсқасына құқығы бар, шешім көпшілік дауыспен таңдалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу