Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 3
Ұзақ мерзімді жоспар: 4-бөлім – Қазақстандық ұлттық ойынындағы шығармашылық қабілеттілік | Мектеп:Тараз қаласы"Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" | ||
Күні: | Сынып: 10 | Апта: | Мұғалімнің аты жөні: Агадилов Т.Д. |
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: | Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары | ||
Оқыту мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.5.5. Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту | ||
Сабақ мақсаттары: | Ұлттық ойындар арқылы тобына деген сүйіспеншілікті дамыту, ойынды талқылау және бақылау қабілеттерін арттыру. | ||
Жетістік өлшемдері: | -ұлттық ойын негіздерін біледі -ойын барысында озге топтарын іс әрекетін бағалайды, талқылайды -ойын барысында белсенділік таныту | ||
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
| Бұның ішінде:
Қауіпсіздік ,арақашықтық, жылдамдық | ||
Құндылықтарды бойға сіңіру: |
| ||
Пәнаралық байланыс: | Тарих,биология,математика | ||
ИКТ пайдалану дағдылары: | «Ұлттық ойындар» бейне жазбасы. | ||
Алдыңғы білім:
| Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс уақытта қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдері бар деп саналады Оқушылар ұлттық ойын шарасында әдіс(тактика) пен мақсатқа жету үшін басшылық ету өнерін (стратегия) меңгереді, сонымен қатар ережеге сай зерттеу жүргізеді. Сонымен бірге таңдау беріледі, түрлі рөлдерге кіретін сыныптағы ойындар: ойыншы, бапкер, төреші. Оқушылар адал ойынның үлгілерін және бірлесіп жұмыс орындау қабілеттерін бағалайды және сараптайды. | ||
Сабақ барысы
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Құрал жабдықтар Ресурстар | ||
Сабақтың басы | Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу. Оқушылар пульсометрияны жүргізеді: Олар сабақ бойында жаттығуларды орындау немесе жаттығулар сериясы аяқталғаннан кейін, сабақтың қорытынды бөлігінде жеке- жеке жүрек соғысын өлшеп, дәптерлеріне жазады. Дене қыздыру, сергіту жаттығуларын жасайды. | Үлкен бос кеңістік, таяқшалар, инвентарь, ысқырық, фишкалар, бор | ||
Сабақтың ортасы | «Миға шабуыл» әдісімен оқушылардың қазақтың ұлттық ойындары туралы не білетіндіктерін сұрау:
Ауызша кері байланыс беру.(Мұғалімнің экспресс-сұрақтары) Бейне жазба көрсету. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен оқушылардың таңдаған Тұмақ ұру,қан талапай,ақсүйек,шалма ойын түрлерімен танысу үшін сол ойын туралы мәтін таратып беріледі. Олар мәтінді жеке-жеке оқып танысады, жұбымен талқылайды және топта талқылайды.Барлық топтардың өзара талқылауы. Тапсырма№1 Тымақ ұру – қазақтың ұлттық ойыны, оған ат үстінде отыра алатын кез келген қыз-жігіт қатыса алады. Ойын жазық кең алаңда ойналады. Ойын шартына сәйкес, біз еденге биіктігі салт аттының қолының деңгейінен аспайтын фишкаға құрық қадаймыз. Оның басына тымақ, не малақайды іліп қоямыз. Оқушыға таяқтың басында ілулі тұрған тымақты (не малақайды) көрсетеміз де, орамалмен көзін көрмейтіндей етіп мықтап байлаймыз. Сонан соң қолына қамшы немесе таяқша ұстатамыз да, бірер айналдырып: «Тымақты ұрып көр!», - деген сөздермен басын тымақ ілінген таяққа қаратып қоя береді. Көзі байланған оқушы қамшысымен тымақты ұрып жерге түсіруге тырысады. Тымақты үш әрекеттен кейін ұрып түсіре алмағандар айып ретінде ән, тақпақ,спорттық жаттығулар орындап, ойынға қайта қатыса алады. Тымақты бірінші болып ұрып түсірген ойыншы жеңімпаз атанады. Оқушылар әрбір жүрек соғысын есептегеннен кейін, алдын ала ұстаз әрбір оқушыға таратқан пульсометрия хаттамасын толтырады. Одан кейін оқушылар жұппен немесе жеке кескін түрінде жүрек соғысы динамикасының суреттік кескінін құрастырады. Алынған деректерді талдап, өзінің физикалық жағдайы бойынша қорытындылар жасайды. Сұраңыз:Физикалық жүктемелердің ағзаның функционалдық қызметін қалай әсер ететіндігіне талдау жасай аласыз ба? «Түйілген орамал» Ойынның барлық қатысушылары шеңберге тұрады. Ойынды жүргізуші бастайды. Шеңбердің ішінде тұрып, ол кез келген ойыншыға орамалды лақтырады және өзі оның ізінен жүгіреді. Орамалды алған ойыншы оны жылдам, бірақ орамалды жетекші (жүргізуші) қағып алмайтындай етіп басқаға беруі тиіс. Ойыншылар орамалды үнемі бір-біріне лақтырады. Орамалдан айырылған қатысушы жүргізуші болады. Жүргізуші орамалды қағып алып, өзі жаңа жүргізушіні тағайындайды. Ойын аяқталғаннан кейін орамалды бірде-бір рет жібермеген үздік ойыншылар белгіленеді. «Түйілген орамал» ойыны басқа ұлттық ойындардан онда ойнайтын балалар рөлдерінің ерекшелігімен өзгешеленеді. Осы ойынның мақсаты әрекет жылдамдығын, қол ептілігін, зерделілікті дамыту болып табылады. Бас бармақты, екі жұлдыз бір тілек көрсету арқылы өздерін бағалайды | https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I
Тұмақ ұру «Түйілген орамал» ойыны | ||
Сабақтың аяғы | Оқушылардың зияткерлік рефлексиясы: -нені білдім............нені үйрендім........ -маған ұнады.........қиындық туғызды...... Менің көңіл күйім....Кеспе парақтарын ұсыну. Үй тапсырмасы: Қосымша баспаөз беттерінен, ғаламтордан ұлттық ойын түрлері туралы ақпараттар іздеу,танысу. | Кері байланыс | ||
Саралау – Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай мақсаттар қоюды жоспарлайсыз? бойыншаоқушыларға тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай беріледі.Әрбір оқушының жеткен жетістіктері мен нәтижелері есепке алынады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі. Оқушылар ЖАДА сүйенеді. Саралау үшін бірінші«Түйілген орамал»1минутта орындатамын.Оқушылар ойынды топ болып ойнайды, олардың ойынын бақылай отырып, «Температураны өлшеу» әдісімен бағалаймын. Тапсырманы саралау үшін «Тұмақ ұру» ойынында әр оқушының 3 -5 м қашықтықта тұмақты ұрып түсіруі қажет. Бір оқушы тұмақты ұрып түсіруге ұмтылса, қалғандары оқушының дұрыс баруын қарап тұрады. Ал өте жылдам қимылдайтын оқушыға 5 м қашықтықтағы тұмақты ұрып құлатуды тапсырамын. | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Сабақтың соңында оқушылардың зияткерлік рефлексиясын анықтау үшін сұрақтар жазылған парақтар таратылып берілді. Онда нені білдім? деген сұраққа барлық оқушылар қазақтың ұлттық ойын түрлерін, соның ішінде «Тұмақ ұру», «Түйілген орамал» ойындары туралы мәлімет алғандарын, ойын ережелерін білгендіктерін атап көрсеткен. Нені үйрендім деген сұраққа ойын ережесіне сәйкес «Тұмақ ұру» және «Түйілген орамал» ойындарын ойнап үйренгендерін жазған. Маған ұнады бөлімінде «Тұмақ ұру» мен «Түйілген орамал» ойынында бірлесе әрекет ете отырып, ойын әдістерін меңгере отырып ойнағандары ұнағандығын, осындай ойындар ойнау арқылы қимыл қозғалыстарының жылдамдайтынын айтқан.Сонымен қатар жекелеген оқушылар, сыныптағы баяу қозғалатын оқушылар «Тұмақ ұру» ойынында ұрып құлату қиындық туғызғанын, «Түйілген орамал» ойынында қолдарының икемге келуі қиындық туғызғанын жазған.Барлық оқушылардың көңіл күйі көтеріңкі. Бағалау – Бас бармақпен бағалау. Ауызша кері байланыс беру.Топтардың бірін- бірі бағалауы: Шапалақпен мадақтау.Өзін-өзі бағалау. | Денсаулық және ұлттық ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. «Түйілген орамал», «Тұмақ ұру»ұлттық ойын әдістері,сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлерін жақсарту. | ||
Сабақ бойынша рефлексия | Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған. | |||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында класс немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? | ||||
Оқушылардың зияткерлік рефлексиясы:
Нені білдім............... | |
Нені үйрендім........... | |
Маған ұнады............. | |
Қиындық туғызды.... | |
Менің көңіл күйім.... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру