Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №6
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қазақстандық ұлттық ойындағы шығармашылық қабілеттілік | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы | ||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалім: Ниязалиев А.К. | ||||||||||||||
Сынып : 10 | қатысқандар: | қатыспағандар: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары | ||||||||||||||
Оқыту мақсаты | Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын таңдау және пайдалану | ||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Жақсы оқу ортасын құру үшін әріптестерімен ынтымақтастықта жұмыс жасау | ||||||||||||||
Жетістік өлшемдері | Оқу мақсатына жетеді, егерде; - басқа адамдармен жұмыс істеудің тиімді дағдыларын таңдай аласа; - Ойын барысында таңдалған дағдыларды пайдалана аласа; - ойында таңдалған дағдыларды көрсетсе. | ||||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар мыналарды орындай алады:
Пәнге қатысты арнайы сөздік пен терминология:
Талқылау сұрақтары:
| ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, әріптестеріне құрмет, жауапкершілік | ||||||||||||||
Пән аралық байланыс | Биология, тарих | ||||||||||||||
АҚТ – ны қолдану дағдылары | |||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушыларда алдағы сыныптарды және сабақтан тыс уақыттарда қазақтың ұлттық ойындары, шеберлік пен стратегиялық түсінік туралы білімдерді меңгерген. | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ресурстар | |||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен, оқыту мақсатымен,сабақ мақсатымен жетістік өлшемдерімен оқушыларды таныстыру. Оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал туғызу «Шаттық шеңбері» . Ережесі – оқушылар шеңбер жасап тұрады, кіші допты бір біріне лақтырып беру арқылы әріптестеріне жақсы тілек айтады. Мысалы –« Зарина, мен саған бүгінгі сабақта белсенді болуыңды тілеймін» Дене қыздыру жаттығулары:
| Үлкен кең алаң, мұғалімге ысқырық, секундомер | |||||||||||||
Негізгі кезең 25 минут 3 минут 18 минут | Қазақ ұлттық ойындарын ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен оқушыларға нұсқаулық өткізу . Оқушылар берілген сурет кесінділерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Тапсырма №1 – бірінші топтың тапсырмасы «Аударыспақ», екінші топтың тапсырмасы «Қыз қуу», ойынының ережелері жазылған карточканы топтарға таратып беру, әр топ өздеріне тиеселі ойынның ережесімен танысып , осы ойынның балама түрін топта ақылдасып құрастырады. Қосымша 2 Оқушыларға бағытталған сұрақ: Осы екі ойынның арасында нендей айырмашылық бар? Қандай дене қасиеттерін дамытады? Тапсырма №2 –топ көшбасшысы құрастырған ойындарын оқушыларға таныстырып өтіп ережеге сай әр топ өздерінің ойындарын ойнатады. Ойыннан кейін оқушылар топтың ұсынған ойынын бағалайды. Топтағы оқушылардың жетістігін бағалау парағы Қосымша 3
Оқушыларға бағытталған сұрақ:
| Қосымша 1 Тапсырмалар жазылған карточкалар Ойынға керекті құрал жабдықтар: гимнастикалық | |||||||||||||
Қорытынды кезең 6 минут | Оқушыларды ойыннан кейін тынықтыру мақсатында «Сақина салу » ойынын ойнату Ойыншылар жартылай шеңбер құрып отырады. Ойыншылар екі алақанын біріктіріп қоды алға ұстайды. Ойынды жүргізуші бір шеттен бастап ойыншылардың алақанының арасынан өзінің алақанын салып өтіп білдірместен біреуіне алақанындағы сақинаны салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң «Сақинам кімде» деп дауыстайды.қолында сақина қалған ойыншы жылдам орнынан тұру керек, ал қасындағы ойыншылар оны тұрғызбай ұстап қалуға тырысады. Осылай ойын жалғаса береді. Сабақ тақырыбына байланысты кері байланыс «Білім қоржыны» - оқушылар үш түсті қоржынға «қызыл», «жасыл», «сары»сабақ бойынша өз ойларын стикерге жазып қоржынға салады. Қосымша 4 | «Білім қоржыны» | |||||||||||||
Түрленім – көбірек көмек беруді қалай жоспарлайсыз? Көбірек қабілетті оқушылар үшін жаттықтыруды қалай жоспарлайсыз | Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелеріҚазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезіндегі қауіпсіздік шаралары | |||||||||||||
Оқушылардың жас ерекшелігін ескере, дене қабілетінің ерекшелігіне қарай ,ұсынылған тапсырманы жеңілдету арқылы | Сұрақ жауап бірін бірі бағалау бақылау арқылы бағалау | Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезіндегі қауіпсіздік шаралары | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/танымдық мақсаттар жүзеге асатындай болды ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Оқу ортасы қандай болды? Жоспарланған түрленім пайдалы болды ма? Уақыт жоспарын орындадым ба? Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім? | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||
Қосымша 1
« Қыз қуу» ойыны
Қосымша 2
1-ші топтың тапсырмасы Қазақтың ұлттық ойыны «Аударыспақ»
«Аударыспақ» - спортшылардан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар қатыса алады. «Аударыспақ» салт аттылардың бірін бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауыегерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. «Аударыспақ» қазіргі кезде көптеген мерекелерде, облыстық, республикалық, деңгейлерде спорт ойынының бір түрі ретінде өткізіліп жүр.
Сіздерге тапсырма «Аударыспақ» ойынының оқушыларға арналған балама түрін ойлап табу және көрсету
2-ші топтың тапсырмасы Қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу»
«Қыз қуу» - ат ойыны. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойынды жүргізуші арасы қашықтау 30 м қашықтық болатын екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, басына тұмақ кигізеді, екіншісінде өзі тұрады. Екі топтан екі адам шақырып, біреуіне белбеу (немесе орамал) береді. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай шабады. Белбеу алған ойыншы қарсыласын көмбеге жеткізбей қуып жетіп,ұруы керек. Қай топтың ойыншылары қарсыластарын көбірек қуып жетсе, сол топ жеңіске жетеді.Бұл ойында жігіттер ғана емес қыздарға да ойнауға болады.
Сіздерге тапсырма: Осы ойынның балама нұсқасын ойлап табу және көрсету
Осы ойындарды ойнату барысындағы топ ішіндегі міндеттерді бөліп алу (төреші, бақылаушы)
Қосымша 3 Топтық жұмыс барысындағы жеке оқушының қабілетін бағалау парағы
Оқушының аты - жөні | |||||||||||
Бағалау өлшемдері | |||||||||||
асан | үсен | ...... | ...... | ....... | ..... | ...... | ....... | ...... | ..... | ...... | |
Топтағы өз міндетін атқарады | + | ||||||||||
Идеялар ұсынады | - | ||||||||||
Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады | + | ||||||||||
Топ мүшелеріне көмек береді | + | ||||||||||
Талқылау жүргізе біледі | - | ||||||||||
Топқа берілген тапсырманы зейін қойып орындайды | + | ||||||||||
Ортақ ұпайы | 4 | ||||||||||
Қосымша 4 Кері байланыс « Білім қоржыны»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру