Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 4

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Қазақстандық ұлттық ойындағы

шығармашылық қабілеттілік

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Мерзімі:

Мұғалім: Ниязалиев А.К.

Сынып: 10

қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары

Оқыту мақсаты

Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын таңдау және пайдалану

Сабақ мақсаты

Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқаларын қарастырып сабақта пайдаланады

Жетістік өлшемдері

Оқу мақсатына жетеді, егерде....

  • Оқу орнын ұйымдастырып, тиімді жұмыс дағдысын таңдай алса;
  • Қазақ ұлтық ойындарының балама нұсқасын таба алса;
  • Жұмыс барысында таңдаған жұмыс дағдысын пайдалана алса;

Тілдік мақсат

Оқушылар мыналарды орындай алады:

  • Қазақтың ұлттық ойындарындағы өзінің қозғалыс дағдылары мен стратегиялық ойлау қаблетін талдау, бағалау.

Пәнге қатысты арнайы сөздік пен терминология:

  • ұлттық, интеллектуалды ойындар
  • стратегия, тәсіл, лақтыру
  • ойыншы, төреші, жүргізуші, жаттықтырушы, команда, бірлескен жұмыс, қарсылас, шабуыл, қорғаныс
  • ереже,
  • адал ойын

Талқылау сұрақтары:

  • Команданың бірлесіп жақсы жұмыс жасау үшін сіз қандай көмек көрсете аласыз?

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, әріптестеріне құрмет, жауапкершілік

Пән аралық байланыс

Биология, тарих

АҚТ – ны қолдану дағдылары

Алдыңғы білім

Оқушыларда алдағы сыныптарды және сабақтан тыс уақыттарда қазақтың ұлттық ойындары, шеберлік пен стратегиялық түсінік туралы білімдерді меңгерген.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

10 минут

Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен, оқыту мақсатымен,сабақ мақсатымен жетістік өлшемдерімен оқушыларды таныстыру.

Оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал туғызу «Комплименттер бұрқасыны» - оқушылар бір –біріне жағымды тілектер айтады.

«Миға шабуыл» - сабақ тақырыбына байланысты сұрақ қою;

Басқалармен тиімді жұмыс жасау үшін қандай дағдыларыңызды дамыту қажет?

Дене қыздыру жаттығулары:

  • Жүру – спорттық жүріс
  • Жүгіру – еркін қарқынмен
  • Жүру – тынығу жаттығулары
  • Созылу керілу жаттығулары

Үлкен кең алаң, мұғалімге ысқырық, секундомер

Негізгі кезең

25 минут

12 минут

12 минут

«Қызығушылықты ояту» - оқушылар сурет кесінділерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді. 1 топ – «Асық» тобы, 2 топ – «Көкпар» тобы

Қазақ ұлттық ойындарын ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен оқушыларды таныстырып өту.

Мағынаны тану:

Тапсырма №1 - әр топ өздерінің топтық атауына қарай ойын түрін ойнайды.

Асық ойынының түрі «Шеңбер» ойыны

Ойын ережесі – алаңға жарысқа қатысушылардың санына қарай диаметрі 1,5., 2 және 3метр болатын шеңбер сызылады. Оқушыларға 4 асық және 1 сақадан таратылып беріледі. Шеңбердің ортасында сызылған сызыққа ойынға қатысушылар 1 асықтан тігеді.Ойынды кімнің бастауын анықтау үшін сақаларын иіріп анықтайды. Ойыншылар шеңбердің ішіндегі тігілген асықтарды кезекпен ата бастайды, егерде ойыншы асықты шеңберден атып шығарса ұтыс болып саналады ,ал атып шығара алмаса ойнды келесі ойыншы бастайды. Осылай ойын жалғаса береді. Қай ойыншы көп асық ұтып алса жеңімпаз болып саналады.

Оқушыларға бағытталған сұрақ:

  • Ойын сіздің әлеуметтік дағдыларыңызды қалай дамытады?
  • Ойынның шығу тармхын білесіңдер ме?

Тапсырма№2 – Көкпар ойыны

Ойын ережесі - Ойынның алғашқы балама нұсқасы: ойынға - екі команда қатысады. Ойын алаң ортасынан басталады. Қарама қарсы жақта қазандық орналасқан. Ысқырық бойынша «көкпарға» ие болу жарысы басталады. Топ басшылары көкпарға ие болу үшін алаң ортасында жатқан көкпарға қарай жұгіреді. Көкпарды иемденген топ өзара көкпарды бір біріне беру арқылы қарсыластарының қазандығына көкпарды салуға тырысады. Көкпарды қазандыққа салған топ ұпай иемденеді. Қарсылас команда қарсыластардың жолын жауып, қарсылас командаға «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет.

Оқушыларға бағытталған сұрақ:

Команданың бірлесіп жақсы жұмыс жасау үшін сіз қандай көмек көрсете аласыз?

Ойын ережесінде нені өзгерттің келеді өзгертуге болады?

Тапсырма№3 – Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Ұлттық ойындарды ойнау кезіндегі жарақат алудың себептері және оны болдырмау жолдары

«Асық» және «Көкпар» ойындарының суреттерінің кесінділері

Асық , қазандық, көкпарға арналған доп

Қазақ ұлттық ойындарына сілтеме -«Көкпар»: https://www.youtube.com/watch?v=JfD8NaHM4Hg

Қосымша №1

Қорытынды кезең

5 минут

Оқушыларды ойыннан кейін тынықтыру мақсатында «Сынып» ойынын ойнату

Ойынның ережесі: оқушылар жарты шеңбер жасап отырады. Белгі бойынша мұғалімнің көрсеткен қимылын мұғаліммен бірге қайталайды, егерде мұғалім көрсеткен қимылдың алдына «сынып» сөзі қосылып айтылса, оқушылар қимылды орындайды, ал «сынып» сөзі қосылмай айтылса көрсетілген қимылдар орындалмайды.Қате жіберген оқушылар бір қадам алға шығады. Осылай ойын жалғаса береді

Сабақ тақырыбына байланысты кері байланыс «Бес саусақ» - оқушыларға ақ парақ таратып беру, саусақтарын айналдырып сыздыру, әр саусақтың өзінің орны бар, сол бойынша өз ойларын жазады

Қосымша №2

Түрленім – көбірек көмек беруді қалай

жоспарлайсыз?

Көбірек қабілетті оқушылар үшін

жаттықтыруды қалай жоспарлайсыз

Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Оқушылардың жаттығуды орындау нәтижесіне қарай

Қабілеті төмен оқушыларды ролдік жұмыстарға тарту (төреші, хатшы)

Сұрақ –жауап ;бақылау; бірін бірі бағалау;өзін өзі бағалау,тыңдау,қалыптастырушы бағалау

Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау барысындағы қауіпсіздік ережелері

Биологиямен байланыс: жаттығулардың адам ағзасына әсері

Тарих пәнімен байланыс- ойындардың шығу тарихы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/танымдық мақсаттар жүзеге асатындай болды ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Оқу ортасы қандай болды?

Жоспарланған түрленім пайдалы болды ма?

Уақыт жоспарын орындадым ба? Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша №1

Ұлттық ойындарды ойнау кезіндегі жарақат алу себептері және оны болдырмау жолдарын жазу

оның себептері

Болдырмау жолдары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 4 : Қазақстандық ұлттық ойындағы шығармашылық қабілеттілік

Тақырып: Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Пән :Дене шынықтыру

Оқыту мақсаты:

дағдылар

Бағалау өлшемдері

Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын таңдау және пайдалану

Біледі

қолданады

  • Оқу орнын ұйымдастырып, тиімді жұмыс дағдысын таңдай алса;
  • Қазақ ұлтық ойындарының балама нұсқасын таба алса;
  • Жұмыс барысында таңдаған жұмыс дағдысын пайдалана алса;

Тапсырма: Ұлттық ойындарды ойнау кезіндегі жарақат алудың себептері және оны болдырмау жолдары

Жарақат алудың себептері

Болдырмау жолдары

тапсырма 2: Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқаларын қарастырып сабақта пайдаланады

Бағалау өлшемдері

Дискриптор

Баға

Қазақтың ұлттық ойынын ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және түсінеді

Кестеге қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезіндегі жарақат алудың төрт себебі мен оны болдырмау жолдарын жазады

Алған білімін қазақтың ұлттық ойынындары сабағында қолданады

Алған білімін сабақ барысында қалай қолданғанын түсіндіріп бере алады

Қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» ойынының балама түрін құрастырады

Қазақтың ұлттық ойыны кокпар ойынының балама түрін көрсетеді

Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу