Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №5
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қазақстандық ұлттық ойындағы шығармашылық қабілеттілік | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы | ||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалім: Ниязалиев А.К. | ||||||||||||||
Сынып: 10 | қатысқандар: | қатыспағандар: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары | ||||||||||||||
Оқыту мақсаты | Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын таңдау және пайдалану | ||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Сабақ барысында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын таңдау және оны пайдалану | ||||||||||||||
Жетістік өлшемдері | Оқу мақсатына жетеді, егерде....
| ||||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар мыналарды орындай алады:
Пәнге қатысты арнайы сөздік пен терминология:
Талқылау сұрақтары:
| ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, әріптестеріне құрмет, жауапкершілік | ||||||||||||||
Пән аралық байланыс | Биология, тарих | ||||||||||||||
АҚТ – ны қолдану дағдылары | |||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушыларда алдағы сыныптарды және сабақтан тыс уақыттарда қазақтың ұлттық ойындары, шеберлік пен стратегиялық түсінік туралы білімдерді меңгерген. | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ресурстар | |||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен, оқыту мақсатымен,сабақ мақсатымен жетістік өлшемдерімен оқушыларды таныстыру. Оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал туғызу ойын «Атом және молекула» . Ойын ережесі – ойынға қатысушы оқушылар алаңда қозғалыста болады, қозғалыс кезінде ойыншылардың барлығы «атом» ролін атқарады. Атомдар бірігу арқылы молекулаға айналады.Мұғалімнің «Бірігу үштен» белгісі бойынша үш ойыншы бірігу арқылы бір молекулаға айналадыегерде ойынды жүргізуші «бірігу аяқталды», белгісі бойынша қайтадан атомға айналады. Ойыннан тыс қалған ойыншы ойыннан шығады. «Миға шабуыл» - сабақ тақырыбына байланысты сұрақ қою; Қазақ ұлттық ойындары қанша түрге бөлінеді? Ойын ережесінде нені өзгерткіңіз келеді? Дене қыздыру жаттығулары:
| Үлкен кең алаң, мұғалімге ысқырық, секундомер Ойын атом, молекула | |||||||||||||
Негізгі кезең 25 минут 3 минут 18 минут 3 минут | «Қызығушылықты ояту» - оқушыларға қазақ ұлттық ойындары бойынша АКТ құралдарын пайдаланып таныстырылым көрсету. Қазақ ұлттық ойындарын ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен оқушыларға нұсқаулық өткізу . Мағынаны тану: «Жеті тас ойыны» Тапсырма №1 - оқушыларға «Жеті тас» ойынының екі нұсқасы жазылған карточканы таратып беру, оқушылар ойын ережесімен танысады. Оқушыларға бағытталған сұрақ: Осы екі ойынның арасында нендей айырмашылық бар? Қандай дене қасиеттерін дамытады? Тапсырма №2 – оқушылар екі топқа бөлініп «Жеті тас ойынын ойнауды бастайды Қосымша 1 Оқушыларға бағытталған сұрақ:
«Көршіңізге айтыңыз» әдісін қолдану арқылы бірін бірі бағалау Оқушылар жұптасады бір біріне сұрақ қою арқылы әріптесінің ой пікірін тыңдайды кері байланыс береді Тапсырма№3 – Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Қазақтың ұлттық ойындары 4 түрге бөлінеді соны атаңыз?
| Таныстырылым «Қазақтың ұлттық ойындары» Жеті тас,кіші доп, бор Тапсырма карточкасы | |||||||||||||
Қорытынды кезең 6 минут | Оқушыларды тынықтыру мақсатында «Тиым салынған қимыл» ойынын ойнату – ойынды жүргізуші ойынның ережесімен ойынға қатысушыларды таныстырады.ойынның барысы - ойынды жүргізушінің белгісімен ойыншылар жүргізушінің көрсеткен қимылын бірге қайталау керек, бұл қимылдардың ішінде тиым салынған қимыл бар.Егерде ойыншылар тиым салынған қимылды орындаса ойыннан шығады, осылай ойын жалғаса береді ,соңында қалған ойыншы жеңімпаз болып саналады. Сабақ тақырыбына байланысты кері байланыс «Кемені бояу» - оқушыларға кеменің суреті салынған парақша және үш түсті маркер таратып беру. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша кеменің желкенін бояу арқылы ой пікірлерін қалдырады. Қосымша | Кері байланыс парақшалары | |||||||||||||
Түрленім – көбірек көмек беруді қалай жоспарлайсыз? Көбірек қабілетті оқушылар үшін жаттықтыруды қалай жоспарлайсыз | Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелері | |||||||||||||
Оқушының дене даму қабілетіне қарай жеке жаттығулар ұсыну ролдік іс әрекеттерге жұмылдыру | Бірін бірі бағалау , сұрақ жауап тапсырма беру арқылы бағалау, тыңдау бақылау | Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезіндегі қауіпсіздік шаралары | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/танымдық мақсаттар жүзеге асатындай болды ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Оқу ортасы қандай болды? Жоспарланған түрленім пайдалы болды ма? Уақыт жоспарын орындадым ба? Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім? | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||
Қосымша 2
«Жеті тас» ойыны 1 нұсқасы
Ойын барысы: оқушылар екі топқа бөлінеді. Алаңның ортасына диаметрі 70 см болатын шеңбер сызылады. Шеңбердің ортасына жеті тастан мұнара қаланады. Қандай топтың ойынды бірінші болып бастайтынын жеребе арқылы анықтайды. Ойынды бастайтын топ 6-7 метр қашықтықтан кіші доппен мұнараны көздеп атады. Егерде ойынды бастаушы топ мұнараны доппен ұрып құлатса, қорғаушы топтың ойыншылары допты ұстап алып бір біріне жылдаам беру арқылы қарсылас топтың ойыншыларын доппен ұрып ойыннан шығару керек. Ойынды бастаған топ ойыншыларының міндеті мұнараны қайта қалпына келтіру. Мұнараны құлата алмаса кезек келесі топқа беріледі. Осылай ойын жалғаса береді.
«Жеті тас» ойыны 2 нұсқасы
Ойын ережесі ойынның бірінші нұсқасында берілгендей, бірақта алаңда екі шеңбер сызылады.біріншісінің диаметрі 70 см , екінші ішкі шеңдердің диаметрі 20 см. Бірінші шеңбер мен екінші шеңбердің ортасы теңдей алты бөлікке бөлінеді. Мұнараны қалпына келтіру барысында тастарды біріншіден әр бөліккі бірден орналастырады,сонан кейін бастапқа қалпына жинастыруды бастайды. Осылай ойын жалғаса береді.
Қорғаушы ойыншылар ойынды бастаушы ойыншылар
Жеті тастан тұратын мұнара
Доппен ату сызығы
ойынның бірінші нұсқасы
теңдей алты бөлікке бөлу
мұнараойынның екінші нұсқасындағы шеңбердің сызылуы
Қосымша 1
Қосымша 3
Тапсырма№3 – Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Қазақтың ұлттық ойындары 4 түрге бөлінеді соны атаңыз?
1. ............................................................................................................ойыны
2. .............................................................................................................ойыны
3. ...............................................................................................................ойыны
4. ................................................................................................................ойыны
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 4 : Қазақстандық ұлттық ойынындағы шығармашылық қабілеттілік
Тақырып: Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы | ||||
Пән :Дене шынықтыру | ||||
Оқыту мақсаты: | дағдылар | Бағалау өлшемдері | ||
Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын таңдау және пайдалану | Біледі қолданады |
| ||
Тапсырма: Қазақтың ұлттық ойындары 4 түрге бөлінеді, соны атаңыз?
1. ............................................................................................................ойыны 2. .............................................................................................................ойыны 3. ...............................................................................................................ойыны 4. ................................................................................................................ойыны | ||||
Бағалау өлшемдері | Дискриптор | баға | ||
Қазақтың ұлттық ойынын ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және түсінеді | Қазақтың ұлттық ойынын ойнау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды |
| ||
Қазақтың ұлттық ойындары қанша түрге бөлінетінін біледі | Қазақтың ұлттық ойындары қанша түрге бөлінетінін атап бере алады | |||
Жеті тас ойынын ойнау барысында , қандай дене қабілеттері дамитынын түсінеді | Ойын барысында осы қабілеттерін көрсетеді | |||
Қосымша 4
Кері байланыс «Желкенді кеме»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру