Біз біргеміз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Құрманғалиева Г.Ғ.

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Халықтар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Біз біргеміз

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

5.ТБ1.5 Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: тыңдалым мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.

Көптеген оқушылар: ақпаратты өмірмен байланыстырады.

Кейбір оқушылар: жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұнын түсініп, өмірмен байланыстырады;
  • Жуан, жіңішке сұрақтар құрастыра алады;
  • Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады;
  • Өз ойын анық әрі нақты жеткізеді.

Дескриптор

  • Мәтінді тыңдап түсінеді;
  • Мазмұнына сәйкес сұрақтар құрастырады;
  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады;
  • Өз ойын анық әрі нақты жеткізеді.

Тілдік міндеттер

Төзімділік, жанашырлық, мейірімділік, ұлттар мен ұлыстар, тағдыр, өркениет, мәдениет, құрмет, кемсіту, қабылдау.

Құндылықтар

Мәңгілік ел құндылықтары: өзара құрмет, өзара көмек.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Компьтердің тілін табу − өнер» бөлімі бойынша сөздік қор және дағдыларды дамыту

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сәлемдесу.

Дерек

көздер

Сабақтың басы

5 мин

1. Суреттер бойынша тақырыпты болжап көреді.

Мұғалім ОМ мен БК таныстырады.

Слайд

№1-2

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

6 мин

7 мин

15 мин

3 мин

Оқушылар «Эмодзи» әдісімен жұпқа бөлінеді. Араласқан өлең жолдарынан дұрыс сөйлем құрастырады.

1-жұп

2-жұп

3-жұп

4-жұп

5-жұп

Бір шаңырақта табысқан,Дос, бауыр көп туысқан.

Отан - ортақ үйіміз,Көңілді ән мен күйіміз.

Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,Жеміс толы бақша - бау.

Болсын жер мен су ортақ,Болсын бізге ну ортақ.

Білу, түсіну

Тыңдалымалды тапсырма:

1-тапсырма. Сөздерді дұрыс аудармасымен сәйкестендіріңіз./Ж

Өмір сүру салты

толерантность

Тағдыр

цивилизация

Түсініспеушілік

представители других национальностей

Мәдениет

образ жизни

Төзімділік

ущемлять

Бейбіт өмір

судьба

Шыдамдылық таныту

непонимание

Өркениет

культура

Басқа ұлт өкілдері

мирная жизнь

Өзгеше

доброта

Кемсіту

забота

Жанашырлық

проявлять терпенье

Мейірімділік

по-другому

Тақтадағы дұрыс аудармасымен өзін-өзі тексереді.

Тыңдалым. (Біз біргеміз/ бейнебаяны 1,33 минутынан соңына дейін)

http://bilimland.kz/kk/content/category/free#opt%5Bpay_status%5D%5B1%5D=1&p=26&pn=6&lesson=11997

Қолдану. 2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы/ЖЖ.

Тыңдалым мазмұны бойынша жұпта 5 сұрақ дайындаңыз (3 жіңішке сұрақ, 2 жуан сұрақ)

Оқушылар «Біз біргеміз» бейнематериалын тамашалап, мазмұны бойынша бес сұрақ дайындайды (екі жуан сұрақ, үш жіңішке сұрақ). Дайын сұрақтарды күрделігіне қарай екі қоржынға бөліп салады.

Ықтимал сұрақтар:

1.Төзімділік деген не?

2. Төзімділік күні қашан аталады?

3. Бұл ұғым қалай пайда болған?

4. Еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдері қалай өмір сүреді?

5. Неліктен халықтар достастығын сақтау қажет?

6. Қазақ халқы басқа халықтарға қай кезеңде ерекше көмектескен?

Талдау.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

«Ыстық орындық» әдісі/Ж

«Ыстық орындықтағы» оқушы қоржыннан кез-келген сұрақты таңдап, жауап береді. Жауаптарында болымды, болымсыз етістіктерін қолдануы тиіс.

«Бағдаршам» әдісімен өзара бағалау

Мұғалімнің кері байланысы

3-тапсырма. Тақырып бойынша болымды етістіктерді болымсызға айналдырыңыз.

Кемсіту, таныту, кешіру, қабылдау, түсіну.

(мұғалім болымсыз етістіктің жасалу жолдарын қайталап, естеріне салады.)

Слайд №3

Сабақтың соңы

2 мин

Жинақтау

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар кілтті сөзбен синквейн құрастырады

Достастық /синквейн (5 жолдық өлең)

2 сөз-сын есім

3 сөз-етістік

1 сөйлем

1 сөз-синоним.

Кері байланыс: «+ - қызықты»

Үйге тапсырма: М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасын оқып, соның негізінде бүгінгі күнмен байланыстырып,

«Бір шаңырақ астында...» тақырыбына жағдаяттық диалог дайындаңыз.

Слайд №5

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Оқушының барлығы мәтін мазмұнын түсінеді, болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты талдай алады.

Оқушылардың көбісі сұрақтарды өмірмен байланыстырып, жауап бере алады.

Кейбіреулері жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, әлеуметтану

Өзара құрмет, өзара көмек

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар халықтар достастығын көрсету үшін жағдаяттық сахналық көрініс қоя алады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: таңдалған ресурс көздері

2: жұптық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: топтық жұмыс формасын қолдану

2: мәтінді бөліп, болжам жасату.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу