Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 95 сабақ.


Сабақ жоспары № 95

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8- бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну 

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- жүгіру жаттығуларын орындау кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

- жүгіру жаттығулар орындау кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін салыстыра алады;

 Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- жүгіру жаттығуларын орындау кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

- жүгіру жаттығулар орындау кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін салыстыра алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • есепті уақыт, нақты уақыт
  • қадам, қозғалыс
  • екпін алу, ұшу және қону
  • лақтыру кезіндегі дәлдік
  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Осы ойынды қалай түсінесіз және қандай дене қасиеттерін дамытуға болады?

Бұл тапсырманы орындауда қандай қиындықтар туындады?

Құндылықтарды дарыту

Жаттығулар орындау кезінде оқушылар бірін бірі құрметтеу және әділ ойын жүргізу.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Жүгірушіге арналған 5 жаттығу сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=JZ_hpLKBWko

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Шаттық шеңбер » әдісі.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

«Вирус» Бұл ойынды спорт алаңында ойнатылады ойынға 10 нан астам ойыншы қатыса алады. Ойында бір ойыншыны бүкіл ойыншыны қуалайды егер ойыншының кез келгенің ұстап алса бір бірінің қолынан ұстап екеулеп қуалайды, үшеулеп, төртеулеп, ойыншылар саны біткенше ұсталған ойыншылар бір бірінің қолынан ұстап қуалайды. Осылайша ойын ойыншылар саны біткенше жалғаса береді.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, Ж, Қ) "Жарыс қарқынында жүгіру". Ойын үшін 2-4 секундомер қажет. Күшпен тең төрт немесе одан да көп адамнан тұратын топ осы топтың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін берілген қарқынмен жүгіреді. Жүгіру қашықтығы-150-300 м. мәреде бірінші және соңғы жүгірушілердің уақытын қиып өтеді. Егер соңғы уақыт берілген уақытқа жақын болса, бірінші жүгіруші жарыстан алынады. Егер бірінші берілген уақытқа жақын болса, соңғысы алынады. Топтағы балалар саны көп болса, екі жүгіруді түсіруге болады. Жарысқа қатыспайтын жүгірулер тапсырма алады: мысалы, 400-600 м. жүгіріп өту. Енді ол физруктан тапсырма алады, ал қалғандары қайтадан ойынды бастайды. Жүгіру қарқыны жоғары болуы керек, себебі бұл ойында жүгіру саны аз емес. Әрбір жүгіруден кейін балалар бір қалыпты жүгірумен (немесе адыммен) старт орнына қайтарылады.

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– жүгіру жаттығуларын орындай алады;

– Жүгіру қашықтығы-150-300 м жүгіре алады;

  • 400-600 м. жүгіріп өтеді.;

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы.

Мұғалім сұрақ қояды:

Осы ойынды қалай түсінесіз және қандай дене қасиеттерін дамытуға болады?

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, конустар, фишкалар, бор.

Жүгірушіге арналған 5 жаттығу сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=JZ_hpLKBWko

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Сиқырлы сандық» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу