Орион шоқжұлдызы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.

Қысқа мерзім жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Ғарышқа саяхат

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Орион шоқжұлдызы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    • Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

4.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, кесте толтырады. Кейбір оқушылар: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша кластер құрастырады.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша кластер құрастырады.

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша кесте толтырады, сөйлемдер құрастырады.

Тілдік мақсаттар

шоқжұлдыз, семсер, сарышаян, белдік, тозаң, тұмандық

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемді жауапкершілікпен қорғай білуге үйренеді.

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Қазақ халқының ауыз әдебиетін оқу арқылы басқа ұлттардың мәдениетін білуге, құрметтеуге үйренеді. Табиғатты қорғауға қатысты шараларға белсене қатысып, өзіндік үлес қосуға ұмтылады. Жауапкершілік таныта білу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=d5QmDM9A2o8

Орион шоқжұлдызы туралы аңыз

Бастапқы білім

Жұлдыздар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Ақ тілек»

Үй тапсырмасын тексеру

Мәтінге сұрақтар құрастыру. «Балмұздақ таяқшалары» әдісі.

Қызығушылығын ояту.

Жұмбақтар шешу

1. Жылт – жылт етіп төбемде,Түсе алмай тұр төменге.( Жұлдыз)2. Үлкен алтын табақтан,Әлемге нұр таратқан.( Күн)3. Орақ болып туады,Табақ болып тынады.( Ай)

Сабақтың тақырыбын анықтау.

5 минут

5 минут

10 минут

10 минут

2 минут

Тыңдалым алды жұмыс:

(МК, Ұ) Сөздік жұмысы:

Жаңа сөздердің мағынасын синоним, антоним сөздер және суреттер арқылы меңгерту, сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

шоқжұлдыз

семсер

сарышаян

белдік

тозаң

тұмандық

(Ө) Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жаз.

.................. су белгісі болып есептеледі.

Бұрын батырлар қолдарына ............ ұстаған.

......... ұсақ жұлдыздардан тұрады.

Шоқжұлдызда .... болады.

Тұмандық ....., гелийден тұрады.

Тыңдалым тапсырмасы:

Оқушылар берілген тапсырмалармен алдын-ала танысады. Мәтінді екі рет тыңдайды.(2.39)

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР:

Оқушылардың деңгейлеріне қарай үш топқа бөлу. Жұлдыз, Күн, Ай

А-ДЕҢГЕЙІ. / Жұлдыз /

  • «Орион шоқжұлдызы» туралы аңызды тыңдап, кластер құрастырып, соның негізінде әңгімелеу.

Дескриптор:

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша кластер құрастырады.
  • Кластер негізінде әңгімелейді.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.
  • Жалғауларды дұрыс қолданады.
  • Тақырыпқа сәйкес қосымша ақпарат айтады.

В және С топтары бағалайды.

В- ДЕҢГЕЙІ. / Күн/

  • Тест сұрақтарына жауап беру.

1.Орион шоқжұлдызы қай айларда жақсы көрінеді?

  • Қаңтардан наурызға дейін
  • Сәуірден маусымға дейін
  • Шілдеден қыркүйекке дейін

2. Орионды басқаша қалай атайды?

  • Бүркітші
  • Аңшы
  • Балықшы

3. Жер-Ана Орионға не үшін ашуланған?

  • Барлық аңды аулаймын дегені үшін
  • Өсімдіктерді құртамын дегені үшін
  • Суды ластаймын дегені үшін

4. Жер -Ана Орионды өлтіру үшін қандай жәндікті жібереді?

  • Өрмекшіні
  • Сарышаянды
  • Ұлуды

5. Зевс Орионды қайда орналастырады?

  • Жерге
  • Жердің астына
  • Аспанға

6. Астраномдарды Орионның қандай заты қызықтырады?

  • Семсері
  • Бас киімі
  • Аты

7. Орион семсеріндегі тұмандықты қалай атайды?

  • Асыл тастар балабақшасы
  • Ғаламшарлар балабақшасы
  • Жұлдыздар балабақшасы

8. Қазір Орион семсерінде қанша жас жұлдыз бар?

  • 700-дей
  • 800-дей
  • 750-дей

Не?

Қандай?

Не істеді?

Дұрыс жауап:

1.А

2.В

3.А

4.В

5.С

6.А

7.С

8.А

Дескриптор:

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға толық/жартылай жауап береді.
  • Заттың атауын білдіретін сөздерді анықтайды.
  • Заттың түсін білдіретін сөздерді анықтайды.
  • Заттың қимылын білдіретін сөздерді анықтайды.

А тобы бағалайды.

С- ДЕҢГЕЙІ. / Ай/

Шашыраған сөздерден сөйлем құрап жазады. Сурет пен сөзді сәйкестендіреді.

  • жұлдыз, орналасқан, алыс, жерден, өте.
  • түнде, жұлдыздар, жарқырайды, ерекше.
  • жарық, өзінен, шығармайды, ай.
  • жұлдызды, планета, айналатын, денесі, аспан

Дескриптор:

  • Берілген сөздерден сөйлем құрастырады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.
  • Сөз бен суретті дұрыс сәйкестендіреді.

В тобы бағалайды.

Кері байланыс

  • Мәтінді түсіну жеңіл болды.
  • Мәтінде түсініксіз сөздер болды.
  • Мәтінді түсіну қиын болды.

(Ж) Синквейн «Жұлдыз»

Қысқа комментарий айту арқылы бағалау

Сабақты қорыту.

  • Аспан әлемі туралы білу керек пе?
  • Неліктен?
  • Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
  • Олар қандай адамдар?
  • Ғарышкерлер қандай үлес қосады?
  • Болашақта қандай үлес қоса аласыңдар?

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырма.

Деңгейлері бойынша дескриптор арқылы бағалайды.

Ұжымдық, жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу