Шексіз түзу және дөңгелек тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4A бөлім: Магнит өрісі

Мектеп: Шымкент қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шексіз түзу және дөңгелек тогы бар өткізгіштердің индукциясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.4.1- Магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б) мен есептер шығару арқылы түсіндіру

 Сабақ мақсаты

  • Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар откізгіштердің магнит өрісін білу және түсіну;
  • Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің магнит өрісін зерттеу;
  • Магнит индукция формуласын пайдаланып есептер шығару

Бағалау критерийлері

- Магнит өрісінің күштік сипаттамасын біледі және бағытын көрсете алады.

- Магнит индукция векторының өлшем бірлігін ХБЖ-де сипаттай алады.

- Сол қол ережесін қолданылуын түсінеді, сипаттай алады.

- Ампер күшінің, ток күшінің, магнит индукция векторының бағытын анықтау үшін сол қол ережесін қолдана алады.

- Ресурстарды талдай отырып, тәуелді шамаларды нақты анықтайды

- Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің магнит өрісін түсінеді

- магнит индукциясының формуласын пайдалана отырып есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

 

Негізгі терминдер мен сөйлемдер: тұрақты магниттер, қарапайым магниттер, магниттік теміртас, магнит тілшесі, полюс, жердің магнит өрісі

Сабақта сұхбат/хат үшін қолданылатын тіл:

Тұрақты немесе қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас (магнетит) жатады

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларға өзгенің ойын тыңдай білуге, мектеп құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу. Тоқталып айтар болсақ: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралық байланыстар

География пәні, Жердің магнит өрісі, Математика: синустар мен косинустар.

Бастапқы білім

Магнит өрісі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

3-7 мин

8-9 мин

Ұйымдастыру:

Сабақ басында:

- Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

- техника қауіпсіздік ережесін қайталау.

- «Ақылды доп» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақты қаншалықты түсінгендігі жайлы мәлімет алу.

  • (W)

«Магнит құбылысы» симуляциясын көріп сұрақтарға жауап береді.

1. Жердің магнит өрісі бар екендігін неге қарап қорытынды жасай аламыз?

2. Жердің магнит өрісі қайда орналасқан және ол немен расталады?

3. Магниттің Жердің магнит өрісімен өзара әрекеттесуін түсіндіру.

4. Магнит өрісі өткізгіштердің түрлеріне қарай өзгере ме?

  • (T) Сабақтың оқу мақсатымен таныстыру бағалау критерийлерін талқылау

https://bilimland.kz/ru/courses/simulyaczii/fizika/lesson/magnitnye-yavleniya

№1-3 слайдтар

Мағынаны тану

10-14 мин

15-24 мин

25-30 мин

31-38 мин

(D) Түзу өткізгіштердің токпен әсері

Егер тогы бар өткізгіштер магнитпен әсерлессе, онда ол өткізгіштер бір бірімен әсерлесуі керек. Олардың өзара әсерлесуі магниттердің өзара әсерлесуіндей болады.

Ампер тәжірибелері бұл болжамды растады. Расында да тогы бар өткізгіштер бір бірімен өзара әсерлеседі екен. Мысалы: екі параллель тогы бар өткізгіштің бойынан бір бағытта ток жіберілсе, олар бір біріне тартылады. Екі параллель тогы бар өткізгіш бойымен қарама-қарсы бағытта ток жіберілсе, ол кезде өткізгіштер бір бірінен тебіледі.

Өткізгіштердің бір бірімен әсерлесу күші ток күшіне және ∆l өткізгіштің ұзындығына тура пропорционал, Екі өткізгіштің арақашықтығына R кері пропорционал болады.

F =

(G) Жаңа сабақ:

Оқушылар топтарда мына сұрақтар бойынша дайындалады. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі;

Дөңгелек тогы бар өткізгіштің магнит өрісі;

Шарғының магнит өрісі.

Оқушылар постер дайындайды. Берілген өткізгіштің магнит өрісінің сұлбасын көрсетеді. Бағытын анықтап магнит индукциясының формуласын көрсетеді.

Бағалау критерийлері: нақты және дұрыс мәліметтер, ғылымилығы. Постердің безендірілуі және түсіндіру барысындағы ораторлығы.

(f) әр топтан спикер шығып берілген өткізгіштердің магнит индукциясы туралы айтқанда қалған оқушылар дәпремен жұмыс жасап түртіп отырады немесе таблица толтырады

Сипаттамалар

Магнит өрісі

Түзу өткізгіштің

Көзі

Күш сызықтары

Күш сызықтарының бағыты

Магнит индукциясы

Постерді бағалау түрлі түсті стикер көмегімен жүргізіледі.

Оқушылар анимацияны көріп тогы бар түрлі өткізгіштердің күш сызықтарының формасына қарап және магнит өрісі күш сызықтарының бағытын анықтайды.

Сабақты бекіту мақсатында екі есеп түзу және дөңгелек тогы бар өткізгіштердің формуласын пайдаланып шығаруға болады. Есеп шығару үшін ссылканы пайдаланып онлайн калькулятор көмегімен магнит индукция мәнін табады.

https://www.youtube.com/watch?v=0fDrtZp_JDo

https://school-collection.lyceum62.ru/ecor/storage/1e3e3669-b9d5-4b09-8d12-18071d1ef10c/8_220.avi.mp4

Қосымша

https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/templateimg.php?s=mag_vodic&l=en

http://www.indigomath.ru/formuly-po-fizike/magnitnoe-pole.html

Сабақтың соңы

39-40 мин

- Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» - бүгінгі сабақтың нәтижесімен балалар өзінің орнын анықтайды.

Үй жұмысы:

- Онлайн ресурсты пайдаланып есептер шығару.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар Эксперимент нәтижесін талдауға қатысады. Теориялық материалды оқуда және тапсырмаларын орындауқа қатысады.

Оқушылардың көбісі тәжірибені өзі орындай алады және электр мен магнит өрістерінің айырмашылығын жаза алады.

Кейбір оқушылар электр және магнит өрістерінің байланысына сапалы жауап айта алады. Магнит индукцияның қолдану аясын анализ жасай алады .

Жаңа материалды үйрену барысында бірін бірі бағалау.

Сабақты қорытындылау кезеңінде тест тапсырмаларын орындайды. Осы тапсырмаларды орындау кезеңінде өзін-өзі бағалау.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу