Жарық және көлеңке. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 Бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жарық және көлеңке

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.1

Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау және салыстыру

 Сабақ мақсаттары

  • Әртүрлі өнертуындыларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін түсіндіру;
  • Суретшілердің туындыларындағы тондық ретті анықтау және тондық контрасттарды көрсету;
  • Қараңғы тоннан жарыққа біртіндеп өзгеретін 5-6 тондық шкала жасау
  • Арнайы пәндік терминдармен танысу.

 Бағалау критерийлері

  • Суретшілердің туындыларындағы тондық ретті дұрыс анықтайды;
  • Суретшілердің туындыларын берілген тақырып аясында талдайды, салыстырады:
  • Арнайы терминадарды біледі және және сөйлеу кезінде дұрыс қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Суретшілер жұмыстарындағы жарық пен көленке ерекшеліктерін сипаттайды.
  • Тақырып аясында қажетті пәндік терминологияны біледі, және жұмыстарды талдау және сипаттау кезінде дұрыс қолданады.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Суретте не көрсетілген?
  • Суретші нысандардың көлемін қалай көрсетті?

Неліктен екенін айта аласың ба

  • … саған осы тонның/көлеңкенің фрагменті ұнайды ма?
  • … саған берілген әдіс немесе суретші ұнайды ма?

 Құндылықтарды

 дарыту

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Жаратылыстану

 АКТ қолдану

 дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сұрақтар қойыңыз:

- Бөлменің қай жерінде қараңғы жерлер бар?

- Көлеңкелер қайда бар?

- Бөлменің бұл жерлері неліктен қараңғы болып табылады?

- Біз оларды қалай жарық қыла аламыз?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

22 минут

Тапсырма №1

Эксперимент.

Бөлмені немесе бөлменің бір бөлігін қараңғы қылыңыз. Жарықпен және кішігірім фонариктер арқылы көлеңке жасап, тәжірибе жасаңыз.

Сұрақтар:

- Көлеңке қалай пайда болды?

- Көлеңке неге қатысты өзгереді?

- Денеде екі көлеңке бола алады ма?

Неліктен?

Тапсырма №2,

Шығармашылық жұмысты талдау.

Оқушыларға тондық диапазондар мен тондық кереғарлар (контрасттар) анық көрсетілген суретшілердің жұмыстарын зерттеулерін ұсыныңыз. Оқушыларға қара және ақ түстердегі сәл-пәл байқалатын тондарды және контрастты тондар көрсетілген жерлерді анықтауларын сұраңыз.

Оқушыларды, осы тақырып аясында кездесетін арнайы терминдармен таныстырыңыз:

тон, көлеңке, жарық, жарық көзі;

тушь, көмір, бор;

сурет, бейне, фотосурет, иллюстрация, репродукция.

Оқушыларға жұптарында ақ-қара фотосуреттерді зерделеп, бейнелерде көріп тұрған тондарды анықтап, санап шығуларын сұраңыз.

Тапсырма №3

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға тондар шкаласын жасауды ұсыныңыз, алдымен оқушылар материалдармен экперимент жасап көрсін:

1. Сұр/күңгірт қағазада ақ бормен және көркемөнер көмірмен жарық және қараңғы тондарды жасап көру үшін тәжірибе жасау. Оқушылар оларды араластыра алады.

2. Қараңғы тоннан жарыққа біртіндеп өзгеретін тондық шкала жасау.

Оқушыларға тапсырманы түсіндіріңіз:

5-6 денгейден (шкаладан) тұратын тондық ретті жасаңыз. Тондық реттің ең бірінші бөлігі ақ күйінде қалады, ең сонғы бөлігін қараңғы түске боялады. Ортадағы бөліктерді бояу тоның біртіндеп қаранғылата отыра бояңыз.

Бұл жұмыс үшін әртүрлі материалдарды қолдануға болады, алайда бір түсті графитті қарандашпен орындаған жеңіл әрі уақытты үнемдейді.

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу