Ақ пен қара. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы) | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ақ пен қара | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру 3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперемент жүргізу | ||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Бейнелеу өнері туындыларын талдайды, ерекшеліктерін сипаттап тұсіндіреді. Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық жауапкершілік | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды | ||||||||||
Бастапқы білім | Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ||||||||||
Сабақтың басы 2-3 минут | Сыныпқа арналған сұрақ: Оқушылар, біз алдынғы сабақтарда қандай туындыларды қарастырдық? Қандай материалдармен жұмыс жасадық? Оқушылардың жауабын тындап болғаннан кейін, оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ барысында алдыңғы сабақта өткен тақырып аясында жұмыс жасауды жалғастыратындықтарынызды атап өтіңіз. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 7 минут
22 минут | Тапсырма №1 Әнгімелесу. Сұрақтар: Оқушыларды топқа бөліп дидактикалық материалдарды бөліп беріңіз. Оқушыларға кеңістікте 3D елесін жасау үшін тон, жарық пен көлеңке анық көрсетілген әр түрлі өнер туындыларын зерделеп шығуларын сұраңыз. Сұрақтар: •Өнер туындысында не көруіңіз мүмкін? Адамдар қалай көрсетлген? Бұл бейнедегі адамдар өздерін қалай сезінеді? Сіздер оны қайдан білесіздер? •Бұл өнер туындысының ең қараңғы және ең жарық жерлері қайда? •Жарық қай жақтан түсіп тұр? Оны қалай анықтадыңыз? Көлеңкелер қай жағында? •Неліктен суретші көлеңке, жарық және тонды осындай әдіспен көрсеткен? •Кеңістікте 3D елесін жасау үшін суретші қандай техникаларды қолданды? • Бұл жұмыс сізге нені есіңізге түсіреді?Оған қарағанда сіз не сезінесіз? Неліктен? •Бұл өнер туындысынан сізге не ұнайды немесе ұнамайды? Неліктен? Оқушылар жұпта өз жауаптарымен бөліседі және барлық сыныппен талқылайды. Тапсырма №2 Жаңа техникамен танысу Тушьпен орындалған жұмыстарды көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз: -Бұл материалмен кім таныс? -Сіздердің ойларыңызша бұл материалмен жұмыс істеу барысында қандай қиыншылықтар туындауы мүмкін? Тапсырма №3 Тәжірибелік жұмыс Оқушыларға тушьпен, мақта таяқшаларымен қоңыр күздің пейзажын бейнелеуді ұсыныңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында сұрақтар қойыңыз: Сен не саласың? Ерте күз бен қоңыр күздің айырмашылығы қандай? Тәуліктің қай мезгілін белгілейсің? Жұмысты орындау кезеңдері: 1. Қағаздың бетін мақта дисктарымен немесе жуан қылқаламмен сулау. 2. Жеке нысандарды мақта таяқшаларымен және тушьпен салу. Жұмыстар кеуіп болғанша дейін оқушыларға үлкен пішінді қағаздарға бояумен әр түрлі тондарды (сұр, ақ, қара) жасауларын сұраңыз. 3. Алдыңғы қатарда тұрған нысандарды тіс шұқуыштың көмегімен салыңыз. | Евгения Сидоркин, В.А.Тропинина, И.И. Шишкин жұмыстарының репродукциясы. Қарандашпен салынған портрет: http://koketka.by/new/bumaga/127-kak-narisovat-portret-karandashom Тушьпен салынған пейзаж: https://liza-michale.livejournal.com/32976.html Тушьпен салынған суреттер: https://www.pinterest.com/artisticsmag/indian-ink-paintings/?lp=true А4 форматтағы тонды қатты қағаз. Тушь, қарандаш, қылқалам, тіс тазалайтын таяқша, құлақ тазалайтың таяқша және т.б. | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Бағалау Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз. Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды Рефлексия: Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру