Ақ пен қара. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Ақ пен қара» тақырыбына арналған сабақта 3.1.2.1 Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру және 3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперемент жүргізу оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттары оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.
Қажетті материалдар
А4 форматтағы тонды қатты қағаз. Тушь, қарандаш, қылқалам, тіс тазалайтын таяқша, құлақ тазалайтың таяқша және т.б.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho– жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварель, гуашь, пастель пайдаланылады.
Тушь - сұйық, жұғымды қара бояу. Басқа бояуларға қарағанда көпке дейін өңін өзгертпейді; су қосу арқылы сұр рең алуға болады. Тушь сызуға, сурет салу, көркем жазуға өте қолайлы. Тушьпен сурет салуда қаламұш, қылқалам қолданылады. Бояудың бұл түрі Ежелгі Қытай кескіндемесінде, кейіннен Корея мен Жапония, Орта Азия, 15 - 17 ғасырда Еуропа бейнелеу өнерінде кең етек алды. Түрлі тұнбалардан (газдан немесе ағаш, мұнай өртеңінен) өндіріледі. Тас көмір бояғыштарынан түрлі-түсті Тушь та алынады.
Материал https://kk.wikipedia.org/wiki/ сайтынан алынды (Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/Графика)
Сабақ барысы
Берілген тапсырманы іске асыру үшін әр түрлі жанрдағы, стилдегі сонымен қатар қазақ суретшілері мен фотографтарының жұмыстары болғаны ұсынылады.
Сұрақтар оқушыларға суретшілердің өз жұмыстарында тонды қалай қолданғанын түсінуге көмектеседі.
Рембрандтың " Шығыс бас киімін киген жігіттің басы" және Е.М. Сидоркиннің киімі мен беті жылтыр жарық бликтермен көрсетілген "Абай" атты жұымыстарын мысал ретінде келтіруге болады.
Оқушыларға неміс тілінен аударғанда тушьтың мағынасы "күйеден жасалған бояу" екендігін түсіндіріңіз. Тушь сұйық, шоғырланған және кепкен (таяқша немесе плитка ретінде) болады.
Берілген тапсырманы алдын ала өзіңіз жасап көрсетіңіз. Жұмысты көрсету үдерісінде жасап жатқан іс-әрекеттеріңізге түсніктеме беріп отырыңыз. Оқушылардың назарларын тушьпен жұмысты өте жылдам орындау керектігіне аударыңыз.
Мұғалім түсіндірген соң оқушылар бұл тапсырманы өздігінен орындай алады.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру