Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 63 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
5 бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы
Сабақтың тақырыбы: Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар.
Оқу мақсаты: 6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету.
Сабақтың мақсаты: Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындауға және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынуға және көрсетуге үйрету.
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
Шаңғы дайындығы сабақтарының
қауіпсіздік ережелері:
- Шаңғышының киімі жеңіл және барынша ыңғайлы болуы керек.
- Серуен жолы бойында асфальт жол кездессе, міндетті түрде шаңғыны шешіп, қолмен алып өту керек.
- Егер серуен кезінде алда кетіп бара жатқан жолдасыңды қуып жетсең,оның шаңғысын баспауға тырыс.
- Таудан сырғанап келе жатқанда оқыс құлау жағдына тап болып, жарақаттанып қалмау үшін шаңғы таяғын ұшымен ешқашан алға шығаруға болмайды.
- Шаңғыны да дұрыс таңдап алу қажет. Сол себепті мына шарттар орындалуы қажет:
- Шаңғыны жаныңа тігінен ұстап, бір қолыңды жоғары созғанда, алақаның шаңғының ұшына емін – еркін жетсе, сол аңғы сенікі;
- Шаңғы таяғының ұзындығы жанға түзу созған қолға тіреліп тоқтайтындай болғаны жөн.
- Шаңғы аяқ киімі бір өлшем (размер) үлкен болуы шарт. Аяққа таза, құрғақ жәй шұлық пен жүн байпақ киген абзал.
- Қолға міндетті түрде қолғап кию керек.
- Қыз балалар құлақтарындағы сырғаларын міндетті түрде шешу керек.
- Қатты суық күндері балалар бірін-бірі қадағалап жүру керек. Үси бастаған жерін көрсе міндетті түрде мұғалімге хабарлау керек.
- Қозғалыс барысында ара-қашықтықты сақтау керек Кем дегенде 5-10 метр.
- Шаңғыны қолға ұстап жүргенде өкшесін жерге ұрмай ұстау керек.
Ортақ қауіпсіздік талаптары:
- Дене шынықтыру сабақтарына дәрігерлік тексерістен өткен, қауіпсіздік ережесімен танысқан оқушылар жіберіледі;
- Жарақат алудың қатерлері:
- дұрыс жабдықталмаған жағдайда жаттығулар жасалғанда, алдын ала ойланбай жаттығу жасағанда;
- таза емес спорттық жабдықтарда жаттығулар жасағанда, дымқыл қолмен жұмыс істегенде;
- Спорт залында өрт сөндіргіш және барлық қажетті медициналық қобдиша болу керек.
Сабақ алдында қойылатын қауіпсіздік ережесі:
- Спорт киімін кию керек және табаны тайғақ емес өкшесіз аяқ киім кию қажет.
- Секіру шұңқырындағы құмды жақсылап қопсыту керек, ондағы қосалқы заттардың болмауы керек.
- Лақтыруға арналған заттарды құрғақ шүберекпен сүрту керек.
- Сергіту сәтін өткізу керек.
Сабақ кезінде қойылатын талаптар:
- Топпен қысқа қашықтыққа жүгіргенде өзінің жағымен ғана жүгіру керек. Мәре сызығына дейінгі жол 15 м кем болмауы керек.
- Қақтығысып қалмау үшін жүгіріп келе жатып кенет тоқтап қалуға болмайды.
- Ойық жерге, қопсытылмаған және тайғақ грунтқа секіруге болмайды, қолмен тіреп қалуға болмайды.
- Лақтыратын заттарды қараусыз тастауға болмайды, мұғалімнің рұқсатынсыз лақтыруға болмайды.
- Лақтырар алдында абайлап адамдар бар ма, жоқ па қарап алу керек.
- Лақтыру аймағында тұруға болмайды, мұғалімнің рұқсатынсыз лақтырылған заттарды жинауға болмайды.
- Бір-біріне лақтырып беруге болмайды
Қауіп-қатер кезіндегі қойылатын талаптар:
- Сабақта өзіңді жайсыз сезінсең, тоқтап мұғалімге хабарлау керек.
- Травма алған жағдайда жедел алғашқы көмек көрсету керек, қажет болған жағдайда мекеме басшысына, ата-анасына, ауруғанаға апару керек.
I.Жалпы қауіпсіздік ережелері
1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.
5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.
II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.
III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар, ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда, өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен, асығып-үсікпей, сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді, аяқ киімдерінді шешіндер, оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
- Сабақтың ортасы.
Оқушыларға шаңғыны тарату.
Шаңғыны қолдарына ұстап алаңға бару.
Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:
1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.
2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.
3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз
4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.
5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.
6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.
7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.
8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.
Білім алушылар 1000-1500 метр қашықтықты шаңғы жолымен жүріп өтеді. Білім алушылар дөңде және түзу жолда шаңғымен әр түрлі жүру әдістерін көрсетеді. Қашықтықты өту қарқынын білім алушылар өз физикалық дайындығына қарайды. Білім алушылар үшін оңтайлы жылдамдықты дұрыс таңдау маңызды.
Мәрелік үдеу және оның ұзақтығы жекелей оқушының қабілетіне байанысты.
Ойынның алдында болуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу үшін қауіпсіздік ережелері айтылып, еске түсіріледі.
Келесі оқу тапсырмасында екі команда өздерінің ойындарын немесе эстафеталарын құрастырып өткізеді.
Мысалы: белгі берісімен әр команданың бірінші нөмерлері бірмезгілді адымсыз жүріспен жалаушаға дейін және артқа салынған жолмен қайтады. Әр қатысушы жалаушаға дейін бірмезгілді адымсыз жүріспен жүріп келеді.
Екі қолдың көмегімен бірмезгілде күшті итеріліп, кеудесін алға еңкейе ұстайды.
Келесі ойыншының иығына қолмен тигізіп эстафета жалғасады. Мәреге бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.
Ауыспалы екі адымды жүрісте кететін негізгі қателіктер:
Отыру:
- аяқтар қатты бүгілген;
- ауыспалы сырғанау (перекат) кезінде аяқ тік қойылған;
- тірек аяғының табаны алға шығып кетеді;
- дене қатты бүгілген;
- дене салмағы аяқ табанының артқы жағында көбірек орналасқан;
- басты алға қарай түсіру.
Аяқпен қозғау салу:
- қозғау салудың ІІ фазасында аяқты тік қоймау;
- қозғау салу жоғары қарай бағытталған;
- қозғау салудың І фазасының басында табанды ажырату;
- аяқты бірдей ажырату (қозғау салудың соңында аяқ тік қойылмаған).
Екітіректі сырғанау:
- қозғау салудың әлсіз басталуы (қолмен төмен жасалатын соққы қимыл жоқ);
- аяқталмаған қозғалыс салу; тік немесе қатты бүгілген қолмен қозғау салу.
Қимылсыз дене:
- жүрістің ұяңдығы;
- қозғалыста емін-еркіндік, қарқындықтың болмауы;
- қол мен аяқ қозғалысында өзара байланыстың бұзылуы.
Ауыспалы екі адымды жүрісті үйрету
Ауыспалы екі адымды жүріс. 1 мақсат. Сырғанау адымын үйрену – таяқсыз жүру.
1. Шаңғышы тұрысын меңгеру
Тәсілдер:
1.1 Бір орында шаңғышының тұрысын бірнеше рет орындау.
1.2 Осыны қолдармен жұмыс істеп орындау.
1.3 Негізгі тұрыста түзу беткейлерден құлама жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: жаттығуларды орындау кезінде аяқтардың бүгілу деңгейіне, дененің, бастың қалыбына, дене салмағанының үлестірілуі, жамбастың тірек үстінен орналасуына көңіл аудару. Қолдар қатаң түрде параллельді, еркін, оптимальді амплитудамен жұмыс істейді. Көлденең тербелістерді болдырмау.
2. Аяқпен қозғау салуды үйрену
Тәсілдер:
2.1 Жалпақ дөңге дұрыс отырудан аяқтармен ауыспалы қозғау салу 2-3 градус.
2.2 Осыны бір аяқпен бірнеше итерумен қатар.
2.3 2-3 градус бұрыштағы конькилік жүріс және жазықта.
2.4 Бір орында табанмен қорытынды қимылды орындау: алға шығарылымдағы бастапқы қалыптан, дене салмағы арттағы сәл бүгілген тірек аяғында, алға және жоғары аяқ табанын аяқты тізеде бүгуді аяқтаумен қатар шығару (екі таяққа тірелу және тірексіз).
2.5 Аздаған сырғанаумен шаңғымен 2-3 градус бұрышта жүгіру.
Әдістемелік нұсқаулар; дене салмағын толық тірек аяғына ауыстыру, оның бүгілуіне және алға және жоғарыға қарай аяқпен қатты қозғау салуды орындауға көңіл бөлу. Сондай-ақ, бос аяқты сілтеу және ыңғайлы қоюына және қозғау салғаннан кейін оның салмағын денеге салуына назар аудару керек.
3. Аяқ және қолдармен сілтеу қимылдарының үйлесімділігін үйрену
Тәсілдер:
3.1 Отыру орнында қолдармен ауыспалы жұмыс жасау.
3.2 Осыны бос аяқта алға жылжытумен қатар қолды алға сілтеудің синхрондығын сақтай отырып орындау.
3.3 Аяқ қимылдарымен таяқтарды алға шағару және қоюдың үйлесуіне назар аудара отырып таяқты ілмектен төмен ұстап шаңғымен жүгіру.
3.4 Осыны аздаған сырғанаумен бірге орындау.
Әдістемелік нұсқаулар: қолды жартылай бүгіп алға шығарады, шынтақ төмен түсірілген; бос аяқ пен қарсы қолмен жасалатын сілтеу қимылы бірге орындалуы тиіс.
4. Бір шаңғымен сырғанау кезінде тепе-теңдікті сақтау
Тәсілдер:
4.1 Аяқпен ауыспалы қозғау салу және әрі қарай жазық бойымен бір шаңғымен сырғанау.
4.2 Осыны 2-4 градус бағытында.
4.3 Осыны қолдарды арқа қарай қою арқылы; 2-3 градус бағытындағы конькилік жүріс.
4.4 Түрлі жаттығуларды орындап сырғанау.
4.5 Бір орында бір тіректі қалыпты нақтылау.
Әдістемелік нұсқаулар: аяқпен итерілісті орындауды нақтылау, сырғанау шаңғысына дене салмағын уақытылы ауыстыру; оптимальды біртіректі сырғанауға жету, алға шығарылған қолға ұмтылу.
5. Сырғанау адымын ұзарту
Тәсілдер:
5.1 Отырысты, қозғау салуға дайындық, оның орындалуы мен аяқталуын нақтылай отырып сырғанау адымды орындау.
5.2 Адым санын есептей отырып 30-50 метрлік кесіндіні өту.
Әдістемелік нұсқаулар: сырғанау адымын жетілдіру үшін қимылдың біркелкілігі мен еркіндігіне жете отырып жаттығу жерлерін ауыстыру; кесіндіде адым көлемін азайтуға немесе ұлғайтуға тапсырма беру; жоғары сипатталған жаттығуларға мерзімімен оралу.
1 Мақсат. Таяқтарды қолдана отырып ауыспалы жүрісті меңгеру.
Тәсілдер:
1.1 Қолдармен жұмыстың салыстырмалы мәні мен сипатын түсіндіру.
1.2 Қолды алға шығару, қою, қозғау салу және қол және аяқтармен үйлесімді жұмысына назар аудара отырып қолдардың таяқтармен қимыл жасауын көрсету.
1.3 Бір орында бір тіректі қалыпты ұстай отырып, таяқты алға шығару және қарға қоюды нақтылау.
1.4 Таяқты ортада ұстап отырып қолды сілтеп сырғанау адыммен жүру.
1.5 Осыны таяқты ілмектен төмен ұстай отырып, оларды қарға мерзімімен қойып, аяқтармен үйлестіре отырып жасау.
1.6 2-3 градус жалпақ көтерілісте, жазықта еңісте таяқтармен ауысып итерілу.
1.7 Таяқты ілмектен төмен ұстап, таяқты алға шығаруға, қойылымға және дер кезінде қолмен қозғау салуға назар аудара отырып аздап жүрумен шаңғымен жүгіру.
1.8 Қолмен белсенді қозғау салусыз ауыспалы екі адымды жүріспен қимылдау.
1.9 Осыны қолмен белсенді қозғау салу арқылы орындау.
Әдістемелік нұсқаулар: қол және аяқпен қозғалысты жақсы меңгеру үшін қолмен қозғау салуды бастапқы кезде белсенділіксіз орындау және 2-3 градус жалпақ көтерілісте шаңғымен жүру керек; толық үйлесімде жүрісті орындаған кезде қолдардың толық тік тұруына дейін біртіндеп ұлғаюмен таяқты қарға қою арқылы қолмен қозғау салудың жігерлі басталуына жету.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Шаңғы жабдықтарыҚауіпсіздік ережесіне сілтеме:http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588 Шаңғы дайындығы интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8 Шаңғымен ауыспалы екі адымды жүріспен жүру техникасының интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=_V1IxVjqF5E&t=24s https://www.youtube.com/watch?v=o3SybyWwAqA https://www.youtube.com/watch?v=mFsx8LdXcok
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру