Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 61 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

5 бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Сабақтың тақырыбы: Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар.

Оқу мақсаты: 6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету.

Сабақтың мақсаты: Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындауға және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынуға және көрсетуге үйрету.

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Шаңғы дайындығы сабақтарының

қауіпсіздік ережелері:

  • Шаңғышының киімі жеңіл және барынша ыңғайлы болуы керек.
  • Серуен жолы бойында асфальт жол кездессе, міндетті түрде шаңғыны шешіп, қолмен алып өту керек.
  • Егер серуен кезінде алда кетіп бара жатқан жолдасыңды қуып жетсең,оның шаңғысын баспауға тырыс.
  • Таудан сырғанап келе жатқанда оқыс құлау жағдына тап болып, жарақаттанып қалмау үшін шаңғы таяғын ұшымен ешқашан алға шығаруға болмайды.
  • Шаңғыны да дұрыс таңдап алу қажет. Сол себепті мына шарттар орындалуы қажет:
  • Шаңғыны жаныңа тігінен ұстап, бір қолыңды жоғары созғанда, алақаның шаңғының ұшына емін – еркін жетсе, сол аңғы сенікі;
  • Шаңғы таяғының ұзындығы жанға түзу созған қолға тіреліп тоқтайтындай болғаны жөн.
  • Шаңғы аяқ киімі бір өлшем (размер) үлкен болуы шарт. Аяққа таза, құрғақ жәй шұлық пен жүн байпақ киген абзал.
  • Қолға міндетті түрде қолғап кию керек.
  • Қыз балалар құлақтарындағы сырғаларын міндетті түрде шешу керек.
  • Қатты суық күндері балалар бірін-бірі қадағалап жүру керек. Үси бастаған жерін көрсе міндетті түрде мұғалімге хабарлау керек.
  • Қозғалыс барысында ара-қашықтықты сақтау керек Кем дегенде 5-10 метр.
  • Шаңғыны қолға ұстап жүргенде өкшесін жерге ұрмай ұстау керек.

Ортақ қауіпсіздік талаптары:

  • Дене шынықтыру сабақтарына дәрігерлік тексерістен өткен, қауіпсіздік ережесімен танысқан оқушылар жіберіледі;
  • Жарақат алудың қатерлері:
  • дұрыс жабдықталмаған жағдайда жаттығулар жасалғанда, алдын ала ойланбай жаттығу жасағанда;
  • таза емес спорттық жабдықтарда жаттығулар жасағанда, дымқыл қолмен жұмыс істегенде;
  • Спорт залында өрт сөндіргіш және барлық қажетті медициналық қобдиша болу керек.

Сабақ алдында қойылатын қауіпсіздік ережесі:

  • Спорт киімін кию керек және табаны тайғақ емес өкшесіз аяқ киім кию қажет.
  • Секіру шұңқырындағы құмды жақсылап қопсыту керек, ондағы қосалқы заттардың болмауы керек.
  • Лақтыруға арналған заттарды құрғақ шүберекпен сүрту керек.
  • Сергіту сәтін өткізу керек.

Сабақ кезінде қойылатын талаптар:

  • Топпен қысқа қашықтыққа жүгіргенде өзінің жағымен ғана жүгіру керек. Мәре сызығына дейінгі жол 15 м кем болмауы керек.
  • Қақтығысып қалмау үшін жүгіріп келе жатып кенет тоқтап қалуға болмайды.
  • Ойық жерге, қопсытылмаған және тайғақ грунтқа секіруге болмайды, қолмен тіреп қалуға болмайды.
  • Лақтыратын заттарды қараусыз тастауға болмайды, мұғалімнің рұқсатынсыз лақтыруға болмайды.
  • Лақтырар алдында абайлап адамдар бар ма, жоқ па қарап алу керек.
  • Лақтыру аймағында тұруға болмайды, мұғалімнің рұқсатынсыз лақтырылған заттарды жинауға болмайды.
  • Бір-біріне лақтырып беруге болмайды

Қауіп-қатер кезіндегі қойылатын талаптар:

  • Сабақта өзіңді жайсыз сезінсең, тоқтап мұғалімге хабарлау керек.
  • Травма алған жағдайда жедел алғашқы көмек көрсету керек, қажет болған жағдайда мекеме басшысына, ата-анасына, ауруғанаға апару керек.

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар, ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда, өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен, асығып-үсікпей, сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді, аяқ киімдерінді шешіндер, оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

  • Сабақтың ортасы.

Оқушыларға шаңғыны тарату.

Шаңғыны қолдарына ұстап алаңға бару.

Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз

4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.

5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.

6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.

7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.

8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.

, Ж, ҚБ) Білім алушылар 1000-1500 метр қашықтықты шаңғы жолымен жүріп өтеді. Білім алушылар дөңде және түзу жолда шаңғымен әр түрлі жүру әдістерін көрсетеді. Қашықтықты өту қарқынын білім алушылар өз физикалық дайындығына қарайды. Білім алушылар үшін оңтайлы жылдамдықты дұрыс таңдау маңызды.

Мәрелік үдеу және оның ұзақтығы жекелей оқушының қабілетіне байанысты.

Білім алушыларға дөңге шығу әдістері түсіндіріліп көрсетіледі. Осыдан кейін «Шырша» жасау әдісімен көтерілуді орындайды. - Суретте көріп тұрғандай «шырша» әдісімен биікке көтерілген кезде шаңғының екі басы екі жанға қарай қиғаш қойылады.«Шырша» жасау әдісімен көтерілуекі шаңғымен кезек аттап басу арқылы орындалады.

«Баспалдақ» әдісімен көтерілу:-«Баспалдақ» әдісімен көтерілу тік беткейге шыққанда қолданылады.- Шаңғымен төбе басына көлденең қалыпта қойып кезекпен басу арқылы орындалады.

Тапсырмаларды орындау кезінде келесі ережелерді еске сақтау қажет екендігін білім алушылардың есіне саламын:- Шаңғының екі басын алшақтатып ұстау;- Өрге шыққанда өте не алға еңкеймеу, немесе тым артқа қарай шалқаймау;- Таяққа сүйену;- Көтерілгенде шаңғымен көлденең көтерілу, аяқтарын дұрыс алу.

Қимыл бағытына қарай жұмсалатын күш шаңғышының қозғалыс салудың алдында тірек аяғымен  көтерілетіндей болатынын аңғаруға болады. Қозғау салудың алдында пайда  болатын күш екі бірдей шаңғышының салмағына тең келеді. Күштің көлденең құрылымын қозғау салудың бірінші  кезеңі барысында өсетін қисық ретінде  қарастыруға болады. Тәжірибе түрінде  аяқпен қозғау салудың 2/3 бойында өседі, содан кейін барып төмендейді және соңына қарай нөлге дейін жетеді.

Қозғау салудың көлденең құрылымының максимальды мөлшері 30 кг-ға дейін жетеді. Бұған бос  аяқтың тежеліп, тірек аяқтың алдына 50-60 см дейін жеткенде пайда болатын күш әсер етеді. Бос аяқтың тежелгендегі инерция күшінің салмағы 5-7 кг дейін жетеді.

Шаңғымен кез-келген жүріс, әсіресе, ауыспалы екі адымды жүріс  техникасында маңызды сәт болып дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыру табылады. Ол аяқпен қозғау салудан басталып, бос аяқтың алға қарай тежелуімен қатар аяқталады. Бұлшық еттерді бос ұстап оларды тек тежеу кезінде ғана қатайтып, аяқты алға қарай шығару. Аяқты алға шығару кезінде аяқ табаны артта қалып, алға шығару жылдамдығын тежеу кезінде тіземен бір қатарға шығарылады.

Қозғау салу кезінде бос  аяқтың сирағын алға шығару бір аяқпен сырғанауды тежейтін қателік.

Бос аяқ ауырлық күшінің  қысымымен төмек түсіріледі, содан  кейін шаңғышы оны белсенді алға шығарады, нәтижесінде ол тізе буынында сәл бүгіледі. Бұл қимылдардың барлығы біркелкі, тоқтаусыз орындалады.

Мықты шаңғышы бос аяқты  алға шығарудың сипаты бойынша екі  түрлі нұсқасын қолданады. Бірінші  нұсқасында шаңғышы сан жамбасты алға шығарады, бұл жағдайда аяқ тізе буынында көбірек бүгіледі. Екінші нұсқада сирақты алға шығаруға назар қойылады. Нәтижесінде аяқ аз бүгіледі де бұл қимыл бос аяқты сілтеу күшін күшейтеді. Аяқпен сілтеуді күшейту жүрістің тиімділігін ұлғайтады. Мұнымен екінші нұсқаның кең таралғандығы түсіндіріледі. Қозғау салудан кейін бір аяқпен сырғанауға көшкенде шаңғышы бірнеше рет жүріп өткеннен кейін таяқтарды жерге қояды. Нәтижесінде циклда жарыскердің жылдамдығы көп жағдайда бір дәрежеде сақталады. 15-20 кг жететін қолмен қозғау салу сырғанаудың орташа жағдайларында бір шаңғымен сырғанау жылдамдығын сақтауға, тіпті оны қозғау салудың ортасында ұлғайтуға жеткілікті. Қимыл жылдамдығын төмендету пассивті сырғанаудың ұзақтығына байланысты.

 

Ауыспалды  екі адымды жүрістің жазықтағы  техникасының ерекшелігі 

Жүріс неғұрлым ұзақ болса, солғұрлым жүріс циклындағы қимыл жылдамдығы төмендейді. Жүріс ұзақтығы ара қашықтықтың сыртқы жағдайлары мен ұзындығына байланысты, себебі қимыл қарқыны құбылып  отырады, 30 және 50 км қашықтықта ол 10 және 15 км қарағанда төмен болып келеді. Жүрістің қимылы мен үйлесімділігінің қиысуындағы маңызды сәті болып синхрондық табылады – қолдар жұмысы мен аяқтарды белсенді алға шығаруды бір уақытта бастау. Қол қимылдарын аяқтың қозғау салғаннан кейін төмен және алға қарай түсірілгеннен кейін бастауға болады. Абсолютті мөлшерде қолмен қозғау салудың ұзақтығы 0,31-0,63 секундқа тең келеді. Бұдан кейін қол жұмыстарының пішіні мен сипатына тоқталған жөн. Таяқпен қозғау салғаннан кейін шаңғышы қолды алға қарай оның қозғау салудың алдында шынтақ буыны сәл бүгілген, қол буыны көз деңгейінен аспайтын, шынтақ төмен түсірілген, бұшық еттер еркін болған есеппен шығарады. Қол жұмысы дұрыс деп саналады егер ол фазада денеге сәл бүгілген жағдайда жақындаса, ал ІІ фазада артқа жылжу отырып, тез тік қойылса.

Қолмен қозғау салу тез әрі толық амплитудамен бірге жасалады. Қозғау салуға арналған таяқ қарға 83-85 градус бұрышта қойылады. Итеріліс процесінде тірек шаңғысына салынатын қысым әдетте шаңғышы салмағының 1/5-1/6 төмендейді. Қолмен белсенді қозғау салу арқылы шаңғыға салынатын қысымды төмендету (сырғанаудың екінші фазасының басталуы) үйкелу күшін төмендетеді, ол жүріс циклында шаңғышының біркелкі қозғалысына әсер етеді. Ауыспалы екі адымды жүріс циклында қозғалыс құрылымы сыртқы жағдайларға қарай өзгеріп отырады. А сызбасында көрсетілген күш салу сызбасы ауыспалы екі адымды жүріс циклының ұзаруына және бүкіл цикл барысында жарысушының біркелкі қозғалысына ықпал етеді. Сызба нұсқада үйкелу бұрышы 5-10 градусты құраған кездегі күш салу құрылымы көрсетілген.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Шаңғы жабдықтарыҚауіпсіздік ережесіне сілтеме:http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh  Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588 Шаңғымен дөңге көтерілу техникасының интернет ресурстарына сілтеме: «Шырша» әдісімен көтерілуhttps://www.youtube.com/watch?v=jBhMTvaogpA «Баспалдақ» әдісімен көтерілуhttps://www.youtube.com/watch?v=UQ57XIheb7o Шаңғы дайындығы интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу