Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 75 сабақ.


75 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

№ 6 бөлім: Топтық ойындар элементтері

Тақырып: Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.

Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.

Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушыларға топта ойын кезіндегі қауіпсіздікті ескерту. Бір-бірлерінің ойын тыңдап, идеялармен бөлісуді дағдыландыру. Түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолайлы оқу ортасын құрып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасауды үйрету.

«Футбол» ойынын ойнату

Оқушыларды үш топқа бөліп, үш топты футбол ойынын ойнатып жарыстыру. Аут жоқ. Қақпашылар сайланады. Ойын ортадан мұғалімнің белгісімен басталады. Ойынға қатысушылар допты қақпаға тебу арқылы дағдыларын жетілдіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту.

Дискриптор:

  • Ойында ережені мұқият ұстанады;
  • Көшбасшылық қабілетін көрсете алады;
  • Шапшаңдық, жылдамдық қабілеттерін көрсете алады.

Қорытынды жасау. Бағалау.

Ойын аяқталған кейін, ойынды қорытындылау. Яғни, ойын барысындағы кемшіліктерді, қателіктерді ортаға салу. Оқушылардың іс-әрекетін, шағырмашыл қабілеттерін бағалау. Мақтау, мадақтау сөздері арқылы оқушыларды ынталандыру, қызығушылықтарын ояту. Сұраңыз: Қандай ойындар сіздердің көңіл күйілеріңізге және өздеріңізді сергек сезінуге көмектеседі?

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық дартс, дротик

доптар жеңіл доптар

кеглилер кәрзеңке

секіртпе кіші доптар

шығыршықтар

секіртпе қапшығы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу