Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 71 сабақ.
№71 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 6 бөлім: Топтық ойындар элементтері
Тақырып: Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар»
Оқушыларға топта ойын кезіндегі қауіпсіздікті ескерту. Бір-бірлерінің ойын тыңдап, идеялармен бөлісуді дағдыландыру. Түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолайлы оқу ортасын құрып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасауды үйрету.
«Кездесу» ойынын ойнату
Оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Олардың әр қайсысында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар доптарды бір-біріне түзу лақтырады. Кімдердің доптарры бір-біріне тисе, оларға мұғалім кішкентай фишка таратады. Ойын осылай жалғасады. Кімде фишка көп болса, сол ойыншы жеңіске жеткен болып есептелінеді. Ойын оқушылардың дәлдік, ептілік, икемділік қабілеттерін арттыру мақсатында ойнатылады.
«Қуыспақ» ойынын ойнату.
1 нұсқасы. Ойнаушылар жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші үшке дейін санайды. Одан кейін барлығы қашады. Ал жүргізуші ұстап алу үшін қашқандарды қуады. Жүргізуші ойыншыға қуып жеткен кезде, ойыншылардың кезгелгені жақын тұрса және құтқарғысы келгені жүргізушімен ойыншының ортасынан жүгіріп өтуге болады. Осыдан кейін жүргізуші осы ойыншыны қуып жетуі керек.
2 нұсқасы. Жүргізушіден қашқандар ұстатпау үшін ойыншы басқа ойыншының қолынан ұстайды. Қолдарымен ұстасқан ойыншыларды ұстауға болмайды.
Дискриптор:
- Ойында ережені мұқият ұстанады;
- Өз идеясымен бөлісіп, бірлесіп жұмыс жасайды;
- Шығармашылық қабілеттерін көрсете алады.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Ойын аяқталған кейін, ойынды қорытындылау. Яғни, ойын барысындағы кемшіліктерді, қателіктерді ортаға салу. Оқушылардың іс-әрекетін, шағырмашыл қабілеттерін бағалау. Мақтау, мадақтау сөздері арқылы оқушыларды ынталандыру, қызығушылықтарын ояту.
Сұраңыз: Бұл ойын әріптестік дағдысына ықпал ете ме және олар нені дамытады?
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар
секіртпе қапшығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру