Ұлттық ойындарға баулу. Қазақтың балалар ойыны – Жапалақтар мен қарлығаштар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал.
Қалыптастырушы бағалау
Дене шынықтыру
2-сынып
2-тоқсан
Бөлім | Қазақ ұлттық ойындары. |
Бөлімше | Ұлттық ойындарға баулу. Қазақтың балалар ойыны – Жапалақтар мен қарлығаштар. |
Оқу мақсаты | 3.2.2.1 Бірлескен жұмыста көшбасшылық дағдыларды қолдану. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғарғы деңгей дағдысы. |
Бағалау критерийі | Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орындау. |
Тапсырма | |
Бұл шапшаң әрекет ету және жылдам жүгіруге құрылған ойын. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Балалар екі топқа бөлінеді. Топтың бірі – қарлығаштар, екіншісі – жапалақтар болады. Араларында біреуі жүргізуші болады. Екі топ бір-бірлеріне арқаларын беріп, екіге тізіліп тұрады. Жүргізуші саптың ортасымен жүріп келе жатып, «Қар» немесе «Жап» деп дауыстап айқайлайды. Топтың атауы толық айтылмайынша орыннан қозғалуға болмайды, Жүргізуші топтардың бірінің атауын атаған сәтте аты аталған топтың ойыншылары өзге топтың мүшелерін қуа жөнеледі. Соңғылары белгіленген аумақтан асып кету үшін шашырай қашады. Қолға түскендері қуған топтың мүшесіне айналады. Осылайша ойынды қайтадан бастауға болады. Бірнеше ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады.
| |
Бағалау критерийі | Дескриптор |
Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орындау. | Оқушы -ойындарда көшбасшылық дағдыларын қолданады; -ойынға белсенді қатысады; -ойын ережелерін, шарттарын біледі; -арқанды ұстау, тарту (үйлесімді аяқ, қол қозғалысын) анықтайды; -тапсырма барысында негізгі қимыл-қозғалыстарды, қатерлерді (артқа қарай тартқанда аяқ, қолдың қозғалысы) анықтайды; |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру