Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 45 сабақ.


45 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ттаныстыра отырып, аттың үстінде ойналатын ойындарға балама ойын құрастырып ойнату. Яғни, «аударыспақ» ойынын таныстыру. Ойынға балама ойын құрастырып ойнату.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады). Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған екендігін оқушыларға түсіндіру.

Аударыспақ ойыны туралы оқушыларға мағлұмат бергеннен кейін, (АКТ арқылы видео көрсетуге де болды) балама ойын ретінде белгіленген сызықта екі-екеуден қарама-қарсы тұрғызып, қолдарынан мықтап ұстап, сызықтан аспай бір қолмен тартыстырып ойнату. Егерде кім де кім сызықтан асып кетсе, жеңілген болып саналады. Жеңген оқушыларды өзара тағы да жарыстырып, мықтыны анықтау.

«Сақина салу» ойыны

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады. Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу