Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

 Бағаналык жасуша дифференцияланбаған, маманданған жасушаларға айнала алатын жасушалар. Олар қажет болған кезде бөлініп, маманданып, белгілі бір жасушаға айналу арқылы мүшені қалпына келтіре алады. Қалыпты жағдайда олар бөлінбейді, өзгерісіз ұзақ уақыт сақталады.

Олардың негізгі көздері:

  • Эмбриондық дамудың бластоцист кезеңінде түзілген эмбриондар (эмбриондық бағаналык жасуша)
  • Ересек (сомалық) ұлпа (ересек бағаналык жасуша).

Осы екі жасуша да тері, бұлшық ет, сүйек жасушаларына айналу әлеуетке ие.

 Ересек немесе сомалық бағаналык жасуша

 Ересек бағаналык жасуша эмбриондық дамудан кейін денедегі кез келген ұлпада сақталып қалады. Олар сүйек кемігі, ми, қан, қан тамырлары, қаңқа бұлшық еттері, тері, бауырдан табылған. Олар ұзақ жылдар бойы қозғалыссыз, бөлшектенбеген күйде сақталып, тек зақымдану, жарақат немесе ауырған кезде ғана белсенділенеді.

 Бұл жасушалар өздігінен жаңарып, көптеген ұқсас жасушаларды, тіпті жекелеген мүшелерді бастапқы қалпына келтіре алады. Олар дифференцияланып, түрлі жасушаларға айнала алады.

 Эмбриондық бағаналык жасушалар

 Эмбриондық бағаналык жасушалар адамның 4-5 күндік бластоцист фазасындағы эмбрионынан алынады. Бластоцист кезеңі дегеніміз зигота бірнеше рет бөлініп, 2, 4, 8, 16 жасушаға айналады. 4 кейде 6 күннен соң жатырға имплантацияланғанға дейінгі кезең. Эмбриондар, көбінесе ЭКО жасатқан кезде қалған эмбриондардан алынады.

  Бластоцист ішкі (эмбриобласт) және сыртқы (трофобласт) жасушалық массадан тұрады. Трофобласт плацентаның бір бөлшегіне айналады да, эмбриобласт ересек ағзаның барлық құрылымдарының бастамасын береді. Эмбриобласттар эмбриондық бағаналык жасушалардың бастамасы, ағзаның кез келген жасушаларын түзуге қабілетті немесе тотипотентті жасушалар.

 Қалыпты жүктілікте эмбрионның жатырға енгенге дейін балстоцист кезеңі, ал жатырға енгеннен соң 10 аптадан бастап ұрықтық даму жалғасады.  10аптаға дейін негізгі мүшелердің негізі қалыптасады.

 Бағаналык жасушалар дифференциялануы бойынша бірнеше топтарға жіктеледі:

  •  Тотипотентті – кез келген жасушаға айналуға қабілетті жасушалар. Бұл ұрықтанудан кейінгі зиготаның бөлінуінен, бластоциста фазасында пайда болған жасушалар.
  •  Плюрипотентті – кез келген жасушаға айнала алатын жасушалар. Мысалы: эмбриондық дифференцациясының бастапқы кезеңінде  мезодерма, энтодерма, эктодермадан алынған эмбриондық бағаналык жасушалар.
  •  МУЛЬТИПОТЕНТТІ – белгілі бір жасушалар тобына ғана айнала алатын жасушалар. Мысалы: қанның қызыл және ақ түйіршіктері мен тромбоциттерге айнала алатын, гемопоэтикалық (ересек) бағаналык жасушалар.
  •  Олигопотентті – ьірнеше жасушаларға айнала алатын жасушалар. Мысалы: ересек бағаналык жасушалар мен миелоидты бағаналык жасушалар лимфоидті түрлері.
  •  Унипотентті –тек өз жасушаларына ғана айнала алатын, өздігінен қалпына келіге қабілетті, жасушалар. Мысалы: бұлшық еттік бағаналык жасушалар.

 Эмбрионды бағаналык жасушалар эктра-эмбрионалдық мембрана мен пласцента жасушасына айнала алмайтындықтан көбінесе оларды тотипотенттен гөрі плюрипотентті деп атайды.

https://biopro-st.com/ru/vidy-stvolovykh-kletok/

 

 

 

 Қосымша 2

Кестені толтыр

Бағаналы жасуша түрлері

Ұқсастықтары

Ерекшеліктері

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу