Аэробика элементтері бар гимнастика. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 29 сабақ.
№29 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.
Тақырып: Аэробика элементтері бар гимнастика
Ырғақты би- бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.
Ырғақ – оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпынакелтірудің жақсы құралы болып келеді.
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененіңжәне аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін және олардысинхронды орындауға тырысуына сабағымда басты назарға аламын. Музыка ырғағымен істелінетін жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.
Ырғақ биін оқушыларға үйретерде де ақпаратты технологияны қолдану керек. Себебі: оқушыларды жалықтырып алмас үшін жаңа қимыл мен қозғалыстарды үйрету керек. Ол үшін интернет желілерінен ырғақ би қимылдарын қарап , немесе видеосын түсіріп алып соны көрсету арқылы оқушыларды қызықтырып отыру керек. Интернет материалдарына қарап отырсақ баланың , жалпы адамның денсаулығын нығайтатын және әр түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетін жаттығу түрлері көп кездеседі.
Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне:
Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.
Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.
Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.
Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.
Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.
Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.
Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.
Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.
Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады. Сондықтанда гимнастика сабақтарында аэробика, степ, фитнес жаттығуларын үнемі пайдаланып отырған абзал.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Оқушыларды бір қатардан үш қатарға тұрғызу арқылы кешенді жаттығуларды орындатқызу.
I-ші кешенді жаттығу
«1» дегенде екі қолды иыққа қою «2» дегенде қолды жоғары көтеріп, сол аяқтың ұшына тұру, «3» дегенде екі қолды екі жаққа созу, «4» екі тізені құшақтап отыру. «5» дегенде қалыпты жағдай
II-ші кешенді жаттығу
«1» дегенде екі қолды екі жаққа созып кеудені жазып, «2» дегенде екі қолды алдыға созып жартылай отырып «3» дегенде жұдырықты түйіп шынтақты бүгіп кезек кезек шынтақты көтеру.
III-ші кешенді жаттығудың орындалу барысы
«1» дегенде екі қолды жоғары көтеру «2» дегенде аяқтың үшына қолды тигізу, «3, 4» дегенде саусақтарды айқастырып төменнен-жоғары қарай жартылай шеңбер жасау.
IV - ші кешенді жаттығудың орындалу барысы
«1, 2» дегенде сол қолмен, сол аяқты қарама-қарсы бағытта сермеу,«3, 4» дегенде оң қолмен,оң аяқты қарама қарсы бағытта сермеу, «5» дегенде қалыпты жағдай.
V- ші жаттығу
«1» дегенде екі қолды жоғары көтеру, екі дегенде қолды белге қойып жартылай отыру «3, 4» дегенде қалыпты жағдай.
Дискрипторлар:
- Дененің дұрыс дамуы үшін кешенді жаттығуларды дұрыс орындау;
- Кешенді жаттығуды бірдей синхронды түрде орындап көрсету қажет.
Бұл жаттығуларды музыкалық әуенмен орындауға да болады. Акробатикалық жаттығуларда иілгіштік не үшін керек?деген мұғалімнің сұрағына оқушылардан жауап алу. Орындап көрсеткен жаттығу жұмыстарына кері байланыс беру.
Оқушылар дем алуға арналған жаттығуларды орындайды.
1. «Майшамды үрлеп сөндір».
Б.қ. – еденде отырып, аяқтар алдында қайшыланған, қолдар еркін тізенің үстіне қойылған, арқа түзу. Мұрын арқылы терең дем алу, майшамды үрлеп жатқан сияқты ауызбен дем шығару. Жаттығуды бірнеше рет қайталау.
2. «Мамық».
Б.қ. – дәл солай. Мұрынмен терең де малу. Мамықты үрлеп, ауада ұстап тұруға тырсқандай бірнеше рет ауызбен дем шығару.
3. «Шар».
Б.қ. – дәл солай. Қол іште. Мұрын арқылы терең дем алып, ішті толтыру. Ауызбен дем шығарып, іштегі ауаны шығару.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру