Зертханалық жұмыс. «Лавр ағашы жапырағы мен үрмебұршақ тұқымының көлемдері бойынша вариациялық қатар мен вариациялық қисық орнату. Реакция нормасын орнату. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс №10
Модификациялық өзгергіштік
Тақырыбы: «Лавр ағашы жапырағы мен үрмебұршақ тұқымының көлемдері бойынша вариациялық қатар мен вариациялық қисық орнату. Реакция нормасын орнату.
Мақсаты: Лавр жапырақтары мен үрмебұршақ тұқымдарын пайдалана отырып, вариациялық қисық сызық пен вариациялық қатар құру.
Болжам: Егер лавр жапырақтары мен үрмебұршақ тұқымдары арқылы вариациялық қисық сызық пен вариациялық қатар сапалы құрылса, берілген реагенттердің қаншалықты модификациялық өзгеріске ұшырағанын анықтай аламын.
Құрал- жабдықтар: лавр жапырақтары 50 дана,
үрмебұршақ тұқымдары 60 дана,
сызғыш,
таразы,
қағаз,
қарындаш.
Қауіп көзі:
Қауіп көзі | Ықтималдығы | Алдын алу |
Қағаз | Төмен | беттерді абайлап ашу |
Қалам, қарындаш | Төмен | сілтемеу, қатты баспау |
лавр жапырағы | Орташа | Жұмыс істеу барысында лавр жапырақтарын абайлап ұстау. Себебі кептірілген жапырақтар сынып кетуі мүмкін. |
Теориялық матрица:
Өзгергіштік құбылысы бүкіл тірі организмге тән қасиет. Бір түрге жататын дарақтардың арасындағы айырмашылықты өзгергіштік деп атайды.
Модификациялық өзгергіштік деп гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көрінуін, осылай фенотиптің өзгеруін айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар, т.б. жатады.
Сандық өзгергіштікті статистикада санау, өлшеу және химиялық анализдер арқылы зерттейді. Сандық өзгергіштік екіге бөлінеді: үздікті және үздіксіз. Үздікті өзгергіштікті санау арқылы зерттейді, ал үздіксіз өзгергіштікті санау, өлшеу, химиялық анализдер жасау арқылы зерттейді. Үздікті өзгергіштікте особьтардың арасы бүтін санға тең болу керек, ал үздіксіз өзгергіштікте зерттелінетін обьектілердің арасы бөлшек сандарға да тең болуы мүмкін.
Зерттеуге алынған обьектілерге қойылатын басты талаптардың бірі – олардың біркелкілігі, яғни, бір түрдің немесе бір сорттың өкілдері болуының қажеттілігі.
Белгінің сандық көрінісін вариант деп атайды.
Төменнен жоғары немесе жоғарыдан төмен бағыттарда орналасқан варианттар вариациялық қатар түзейді.
Вариациялық қатарды график арқылы өрнектеуді вариациялық қисық деп атайды.
Модификацияға ұшырамайтын белгі не қасиет болмайды, бірақ организмнің әрбір белгісінің өзгеруінің белгілі бір шегі болады, оны өзгергіштіктің реакция нормасы деп атайды. Организмдегі әр түрлі белгілердің реакция нормасы түрліше болады.
Жұмыс барысы:
Тәжірибе 1
- 50 дана лавр жапырағын таңдамай, талғамай санап аламыз;
- Жапырақтардың ұзындықтарын өлшеп,әр жапырақтың ұзындығын жазып аламыз;
8; 5; 7; 10; 7; 5; 11; 11; 6; 7;
7; 7; 6; 7; 9; 8; 7; 9; 7; 6; Vmax= 11 см
7; 5; 6; 8; 6; 5; 5; 6; 7; 8; Vmin= 3см
3; 5; 3; 5; 4; 8; 7; 7; 5; 9;
10; 6; 10; 5; 7; 6; 7; 5; 7; 5.
- Вариациялық қатарды төменнен жоғары өрлеу бағытымен түземіз;
- Бұдан кейін әрбір варианттың жиілігін, яғни әр варианттың дара жиынтықта қанша рет кездесетінін табамыз;
V P
3 2
4 1
5 11
6 8
7 15
8 5
9 3
10 3
11 2
Σ= 50 |
- Вариациалық қатардың мәліметтерін кестеге жазамыз:
Кесте1 Лавр жапырағының вариациялық қатары
Лавр жапырағының ұзындығы (V) см | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Кездесу жиілігі (P) | 2 | 1 | 11 | 8 | 15 | 5 | 3 | 3 | 2 |
- Белгі өзгергіштігі- жапырақ тақташасы ұзындығының сызықтық – графикалық көрінісін сызамыз.
Сызбанұсқа1 Лавр жапырағының вариациялық қисық сызығы
7. Вариациялық қатардың маңызды бір статистикалық көрсеткіші – орташа арифметикалық шама. Оны табу үшін мына формуланы қолданамыз:
М=((3*2)+(4*1)+(5*11)+(6*8)+(7*15)+(8*5)+(9*3)+(10*3)+(11*2))/50 = 6,74см
Мұндағы n-вариациалық қатар нұсқаларының жалпы саны, X- нұсқа, Р-нұсқалардың кездесу жиілігі, ∑- қосынды (жинақтау) белгілері, М- белгінің орташа мөлшері.
Тәжірибе 2
1. 60 дана үрмебұршақ тұқымын таңдамай, талғамай санап аламыз;
2. Үрмебұршақ тұқымының салмағын өлшеп, әр тұқымның салмағын жазып аламыз;
0,30; 0,36; 0,42; 0,41; 0,34; 0,34; 0,34; 0,20; 0,32; 0,30; 0,21; 0,33; 0,36; 0,23; 0,29;
0,32; 0,09; 0,29; 0,34; 0,31; 0,28; 0,40; 0,35; 0,36; 0,34; 0,33; 0,24; 0,23; 0,36; 0,38;
0,36; 0,40; 0,37; 0,15; 0,21; 0,14; 0,32; 0,12; 0,29; 0,27; 0,38; 0,21; 0,36; 0,39; 0,41;
0,23; 0,36; 0,29; 0,33; 0,38; 0,31; 0,37; 0,35; 0,35; 0,38; 0,36; 0,23; 0,28; 0,30; 0,17.
Vmax=0.42
Vmin=0.09
Rv = Vmax-Vmin Rv=0.42-0.09=0.33
Мұндай жағдайда әрбір вариантты бір класстың есебіне жатқызып, вариациялық қатар түзу үшін олардың бәрін тізіп жазу мүлдем мүмкін емес. Ол үшін варианттарды класстарға топтастыру қажет.
Класстар саны=Rv/l
мұндағы l – класс мөлшері
Вариациялық қатардағы класстар саны 5-6дан аз, 10-15 көп болмауы қажет.
l=5
Класстар саны = 33/5=7
3. Варианттар кластарға топтастырылған жағдайда күрделі вариациялық қатарларда шартты орта
әдісі арқылы арифметикалық ортаны табамыз;
Кластар V | W(ортасы) | Р (жиілік) | а(ауытқу) | аР(жиілікпен ауытқудың көбейтіндісі) |
0,09 – 0,13 | 0,12 | 3 | -3 | -9 |
0,14 – 0,18 | 0,16 | 2 | -2 | -4 |
0,19 – 0,23 | 0,21 | 8 | -1 | -8 |
0,24 – 0,28 | 0,26 | 4 | 0 | 0 |
0,29 – 0,33 | 0,31 | 15 | 1 | 15 |
0,34 – 0,38 | 0,36 | 22 | 2 | 44 |
0,39 – 0,42 | 0,405 | 6 | 3 | 18 |
Σ = 60 | 0 | Σ = 56 |
4. Арифметикалық ортаны бұл жолы мынандай формула арқылы табамыз:
M=w+вl
мұндағы в – түзету мәні
в= ΣaP/n
в=56/60 = 0,93
есептеуге алынған варианттар бөлшек сандар болғандықтан, ал түзетудің мәні бүін сандарға арналғандықтан біз жоғарыда шыққан түзетудің мәнін бөлшек санға айналдыру үшін 10-2 көбейтеміз.
в=0,93 х 0,01=0,0093
М=0,26+0,0093х5=0,26+0,0465=0,3065≈0,31
5. Кластарға топтастырылған вариациялық қатарды графикалық өрнектеді гистограмма деп атайды.
Гистограмманы вариациялық қисыққа айналдыруға болады, ол үшін әрбір кластың ортасын түзу сызықтармен қосамыз. Гистограмманы вариациялық қисыққа айналдыру нәтижесінде қалыпты қисық сызық шығады.
Сызбанұсқа 2 үрмебұршақ тұқымының вариациялық қисық сызығы
Қорытынды: Модификациялық өзгергіштік дегеніміз сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруі. Осы зертханалық жұмысты орындау барысында соған көз жеткіздік. Яғни, жапырақтардың ұзындығы сондай-ақ үрмебұршақ тұқымының салмағының әр түрлі екендігі байқалды. Бұл – жапырақтардың, тұқымның өсіп-дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, қоректік заттар мен судың тамыр арқылы жеткізілуі және т. б. бірдей әсер етпейтіндігіне байланысты болатын өзгергіштік. Сонымен қатар, біз тәжірибе жүргезе отырып, лавр өсімдігінің жапырақ тақтасының және үрмебұршақ тұқымының құрылыс ерекшелігін қарастырып, оларға вариациялық қатар мен вариациялық қисық сызық құру барысында тұқым қуалайтын қасиеттерін және модификациялық өзгергіштікке ұшырағанын анықтадық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру