Адамның жыныс жүйесі. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Атырау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 07.02.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Әбілова Т.Н

Сынып: 9

Қатысқандар саны:10

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамның жыныс жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау

  • Адамның жыныс жүйесін білу; 
  • адам жыныс жүйесінің құрылымын сапаттау; 
  • ерлер мен әйелдердің ұрық жасушаларының құрылымдық ерекшеліктерін салыстыру.

Бағалау критерийлері

  • Адамның жыныс жүйесін біледі
  • адамның жыныс жүйесінің құрылымын сапаттай алады
  • ерлер мен әйелдердің ұрық жасушаларының құрылымдық ерекшеліктерін салыстыра алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика шәует шығару өзегі, жұмыртқа жасушасы, гуморальдық жүйе, жұмыртқа жолы, аналық без, аталық без, зәр шығару түтігі, аталық жыныс жүйесі, аналық жыныс жүйесі.

терминология:

сперматозоид, зигота, фолликулалар, гамета

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық:

Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;

Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;

Академиялық әділдік:

Оқушылар мұғаліммен бір бағалау критерийлерін қалыптастырады;

Өмір бойы оқу:

Алған білімі өмірде керек болатынына түсінеді;

Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады;

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, анатомия

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар ғаламтор желісінде https://twig-bilim.kz/kz/film/introduction-to-puberty платформасымен http://www.passmyexams.co.uk/GCSE/biology/male-reproductive-system.html сайтымен өз бетінше жұмыстанады

Бастапқы білім

Жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру; 8 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-3

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. 

Проблемалық сұрақ. 

Ерлер мен әйелдер ағзаларында барлық жүйелер бірдей болады, тек бір ғана жүйе ерекшеленеді, ол қандай жүйе? 

 

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаты таныстырылады. 

Power point 

2-кезең. Теориялық-практикалық: 

3-6 мин

6-8 мин

8-10 мин

10-16 мин

16-24 мин

Жыныстық жетілу туралы ақпарат.

http://www.passmyexams.co.uk/GCSE/biology/male-reproductive-system.html қосымшасына жыныстық жетілу мен адамның жыныс жүйесінің құрлымымен өз бетінше танысады.

Терминдермен жұмыс

Жұмыс парағын орындайды.

Дескриптор: 

  • Әйел және ер адамдардың жыныс жүйесінің құрлысын зерттейді; 
  • Әйел және ер адамдардың жыныс жүйесінің құрлысын атайды. 

(W) Оқушыларға ерлер мен әйелдер гаметаларының суреттерін көрсетіп, құрылымның функциясымен байланысын болжауды сұраңыз. 

 

Ерлер мен әйелдердің жыныс жасушаларының суреттері беріледі. Құрлымдық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады. 

Дескриптор: 

Ерлер мен әйелдердің жыныс жасушаларының құрылымдық ерекшеліктерін салыстырады. (кесте толтыру)

https://twig-bilim.kz/kz/film/introduction-to-puberty

Сабақтың соңы 24-28 мин

Әр оқушы сабақта өткен жаңа тақырып бойынша ұсынылған сұрақтарға «Иә», «Жоқ» деп жауап береді)

Сұрақтар: 1.Тіршілікті жалғасуы көбеюге тікелей байланысты ма? «Иә», «Жоқ»

2.Ұрықтану нәтижесінде зигота түзіледі «Иә», «Жоқ»

3. Сперматозоид аналық жыныс жасушасы «Иә», «Жоқ»

4. Жыныс жүйелері ішкі және сыртқы болып бөлінеді «Иә», «Жоқ»

5.Адамның жыныс жүйесі өсу мен көбею «Иә», «Жоқ»

6.Жыныс жүйесі зәр шығару жүйесімен тығыз байланысты «Иә», «Жоқ»

7. Шәует шығару өзегі –аналық жыныс жүйесіне жатады «Иә», «Жоқ»

8.Жатыр-алмұрт тәрізді бұлшықетті мүше «Иә», «Жоқ»

9. Ұрықтанған жасуша жатырда дамиды «Иә», «Жоқ»

10. Қынаптың ұзындығы 10-12 см болады «Иә», «Жоқ»

28-30 мин

Рефлексия. 

Сабақта жаңа не білдім? 

Тағы не білгім келеді?  

Сабақтағы көңіл-күйім қандай? 

Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру.

Оқулық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылардың топпен, жұппен жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Бір-біріне көмек көрсетуін бақылау. Қабілеті жоғары оқушылар топ басшысы ретінде тағайындау және қабілеті төмен оқушыларға бағыт көрсетеді

  • Сұрақ-жауап стратегиясы бойынша;
  • Берліген тапсырманы бағалау критерийлері бойынша бағалау;
  • Рефлексия

Сабақты бастамас бұрын сергіту сәті өткізіледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу