Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Көбею | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі. (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | ||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Ашықтұқымдылар, жабықтұқымдылар, тұқымдар, гүлді өсімдіктер тіршілік циклдері; бір ұрықты және екі ұрықты өсімдіктер, тұқым, жеміс, тұқымбүршік, мега- и микростробилалар, мега- и микроспорофилдер, мега- и микроспорангий, тозаң, ауа қапшығы, эндосперм, ұрық қапшығы, спермий, тозаңдану, ұрықтану, гүл, аналық түйін (жатын), қосарлы ұрықтану, орталық диплоидты жасуша Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Ашықтұқымдылардың тіршілік циклі ... ерекшеленеді. Жабықтұқымдылардың тіршілік циклі ...басталады. Қарағайдың тіршілік циклінде ...кезеңі болады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің таралу жолдары туралы түсініктер арқылы география пәнімен байланысады | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 5-6 сынып «Жаратылыстану» және 7 сыныптың биология курсынан гүлдің құрылысын; өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің арасындағы айырмашылықты; вегетативті (немесе өсімді) жолмен көбею жолдарын, тозаңдану және олардың түрлерін, әрі артықшылықтарын; қосарлы ұрықтану және оның биологиялық маңызын біледі. 8 - сыныптан «Тірі ағзалардың көптүрлілігі» тарауында балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымды өсімдіктер мысалында өсімдіктердің ерекше белгілерін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушылар өсімдіктердің ерекшеліктерін екі топқа жіктеу тапсырмасы ұсынылады. Оқушылардан осы екі топ өкілдерінің тіршілік циклі бірдей жүре ме деп сұрай отырып, мұғалім оқушылардан осы өсімдіктердің тіршілік циклін сұрай отырып, сабақтың тақырыбын анықтап, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырады. | 1 -2 слайд 1-қосымша | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Мұғалім таныстырылымдағы сызбалардың көмегімен оқушылардың гаметофит және спорофит ұрпақтарды анықтап, әр ұрпақты ғылыми тілде атап көрсетіп, шағын түсіндірме береді. Оқушыларға кез келген гүлді өсімдік пен кәдімгі қарағайдың тіршілік циклінің сызбалары мен тірі үлгілері, қарағайдың даму циклі коллекциясы ұсынылады. Оқушылар сызбалар мен коллекцияның көмегімен ашық тұқымды өсімдіктер мен жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклін салыстырады. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, тапсырманы орындау барысында тиісті кері байланысты ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге екі тіршілік цикліндегі айырмашылықтарды талқылап, олардың әр тіршілік циклін циклін сипаттауын тыңдайды. Кейбір оқушылар ақпарат парақтары мен видеоматериалдарды пайдалана алады. Кейбір оқушылар таныстырылымда сызбаларды ауызша түсіндіріп немесе интерактивті тақтада жазып қосымша тапсырмалар орындай алады. Критерий:
| 3-6 слайд 2- қосымша
7-11 , 14 слайд | ||||
27-36 мин | Оқушыларға ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклдерінің мылқау сызбаларын толтыру тапсырмасы беріледі. | 3-қосымша | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс ...туралы түсіндім … ...туралы түсінбедім … ... туралы сұрағым бар … | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушылар таныстырылымда сызбаларды ауызша түсіндіріп немесе интерактивті тақтада жазып қосымша тапсырмалар орындай алады. | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы Дескрипторлар арқылы Сабақ барысында тапсырмаларды орындауын бақылау. Өзара бағалау. Оқушылардың қабілеті сұрақ-жауап кезінде бақыланады. Оқушылардың тапсырманы орындау әрекетін бақылау. Талдау арқылы тақырыпты түсінгенін қадағалау және бағалау. | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Өсімдіктердің, мысалы қарайғайдың тіршілік циклінің жинағын пайдаланғанда, гербарийлермен жұмыс кезінде оқушылардың қауіпсіздікті сақтауына назар аудартылады. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру