Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Ашықтұқымдалырдың дамуы

 Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Сөйтіп тұқымбүршік ұрықтан тұқымға ауысады. Тұқым аналық өсімдіктің ішінде түзіледі. Тұқым ұрықтан, эндоспермнен және тұқым қауызынан (өңінен) құралады. Қылқанжапырақтылардың дамуын суреттерден қараңдар.

 Түзілген тұқымның сыртқа шашылуы үшін тағы жарты жыл қажет. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр енді қоңыр түске ауысады. Бүрдің ұзындығы 4–6 сантиметрге жеткен кезде ол пісіп жетіліп, қабыршақтарын ашады. Ашылған қабыршақтан тұқым анық көрінеді. Қылқан жапырақты өсімдіктер сондықтан да ашық тұқымды өсімдіктер тобына жатқызылады. Қарағайдан, басқа да қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Мұндай тұқымды жел оңай таратады.

 Қылқан жапырақтылардың екіүйлі түрлері де бар. Кәдімгі арша – екіүйлі қылқан жапырақты бұта. «Екі үйлі» деген – аналықтың бір өсімдікте, аталықтың екінші өсімдікте өсуі. Демек бұл даражынысты өсімдік болып саналады. Кәдімгі аршаның бүрі – бірінші, кейде – екінші, тіпті үшінші жылда пісіп жетіледі. Оның бүрі – жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас болып келеді. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. Ондай бүр – қошқыл көк немесе күрең қызыл түсті болып келеді. Бүрдің етті бөлігі өте тәтті, сондықтан мармелад дайындауға пайдаланылады

Жабықтұқымдылардың дамуы

 Гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан бұл өсімдіктерді жабық тұқымдылар деп атайды.

 Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады. Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзілген. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетіледі. Аналықтың жатынында (гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.

 Жабық тұқымдылардың гүлдерінің бір-бірінен мөлшері, пішіні, түсі және құрылысы жағынан айырмасы болады. Бір жабық тұқымдылардың гүлдері желмен тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң түйірлері аналықтың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктері арқылы аталық жыныс жасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігіндегі екі аталық жыныс жасушасының бірі жұмыртқажасушасын ұрықтандырады. Ал екінші аталық жыныс жасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдік-терге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.

 Сонымен, ұрықтанған жұмыртқажасушадан ұрық пайда болады. Орталық жасуша екінші аталық жынысжасушасымен қосылып, ұлғайып – эндосперм түзеді. Онда ұрыққа қажетті қор заттары жиналады. Тұқым бүршігінен – тұқым, ал жатынның қабырғаларынан жемісқап түзіледі.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.

Өсімдіктердің, мысалы қарайғайдың тіршілік циклінің жинағын пайдаланғанда, гербарийлермен жұмыс кезінде оқушылардың қауіпсіздікті сақтауына назар аудартылады. Кейбір оқушыларда аллергиясы болуы мүмкін.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақ барысында видеоматериалдарды пайдалануға болады. Онда оқушыларға видео қарау барысында әр өсімдіктің тіршілік циклінің кезеңдерін ретімен жазып алу тапсырмасын ұсынуға болады. Сабақта қарағайдың тіршілік циклі коллекциясын және кез келген гүлді өсімдіктің тіршілік циклі көрсетілген плакаттар, жинактар, сызбаларды пайдалануға болады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылар ашықтұқымдыларда жемістің түзілмейтіндігін, олардың ұрықтануы мен тұқымның жетілуі бүрде жүретінін түсінулері маңызды. Жабықтұқымды өсімдіктерде қосарлы ұрықтанудың нәтижесінде гүлдің жатынында тұқым түзіліп, одан кейін жеміс дамиды деген түсінік қалыптастырылады.

  • Саралау тапсырмалары

7-9 слайдтардағы тапсырмалар

Онлайн тапсырмалар:

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/zhabyqtuqymdylar

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Критерий:

ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің айырмашылықтарын түсіндіру

Дескрипторлар:

  • Ашықтұқымдылардың ұрпақтарын сызбада атап жазады.
  • Жабықтұқымдылардың ұрпақтарын сызбада атап жазады.
  • Сілтемелер мен ресурстар

Еменнің тіршілік циклі

https://twig-bilim.kz/kz/film/oak-life-cycle

Жабық тұқымды өсімдіктердің көбеюі

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/gulder-dander-zhane-zhemister

Ашықтұқымдылар өсімдіктердің жынысты мүшелері 

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/ashyqtuqymdylar



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу