Тері аурулары. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма-кезек жуыну жақсы көмектеседі. Өте ащы, тәтті, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тарту қажет. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну керек.

 Теміреткі Аурудың негізгі белгілері, қызғыш бөріткендер шығады. Кейін ол сұр түске ауысады. Кей кезде адамның ыстығы көтеріліп, мазасызданады. Бұл ауру негізінде шаштың түбінде, ер адамдардың сақал-мұртында және бет, қолдарында, кеудесінде болады. Алдын  алу шаралары: Бұл аурумен ауырған адамдарға көпшілік жерге-бала бақшаға, мектепке, моншаға, шаштаразға баруға болмайды.Ауру адамдарды қоршаған ортадан оқшаулау ұстау керек. Ауруға шалдыққандар тері дәрігеріне тез арада, ауруды асқындырмай қаралу керек. Дер кезінде емделмесе, онда созылмалы ауруға ұшырайды. Сол үшін ауруға шалдыққан адам немесе бала дәрігердің кеңесін тыңдап, емделгені дұрыс.

Қышыма қотыр - қышыма қотыр кенесі таратады. Қоздырғыш адамның терісіне енгеннен кейiн жылдам көбейіп терiге жұмыртқа салады.

Бірер күннен кейін онысы құртқа айналып, бір аптадан соң ересек қотыр кенелер пайда болады. Оның мөлшері 0,2—0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма қотыр адамнан адамға жылдам жұғады. Яғни қышымамен ауырған адаммен тiкелей қарым- қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек –орындарын,iш киiмдерiн, киiм-кешектерiн,сүртінетін орамалдарын, жөкелерiн, қолғаптарын, басқа да заттарын пайдаланғаннан жұғады. Қышыма адамға үй жануарларынан жұғуы да мүмкін. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады.

Белгілері:

Қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде бөртпелер және қышыма пайда болады.

Қышыма қотыр жұқтырған адамның денесінің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, әсiресе түнде қатты қышиды.

Терiнi үнемi қасығанда оған микробтар түсiп, қышымаға терiнiң iрiңдi жұқпасы қосылып, ауру әрi қарай асқынып кетедi.

Денесін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басадыМұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен, саусақ аралықтарынан, тіпті тұла-бойдан да байқалады.

Адам денесінде қотырдың ізі қалып, ұсақ бөртпелердің көбейіп кетуі. Қышыманың орны ақшыл-сұрғылт жолақтанып ине ұшының ізіндей болады, ізі тура сызықтай болмай, ирелеңкіреп бір-біріне қатарласа түскен үтір сияқтанып жатады.

Қышыманың бөрткені балалардың алақаны мен саусақтарының арасында, қарнына, шынтақтың бүгілетін тері қатпарына, балтырына, өкшесіне табанның ішкі жағына, құйрығына, иығына беті және басына шығады.

Тері ауруларының белгісі байқала салысымен-ақ дер кезінде дәрігерге көрініп, нәтижелі ем қабылдау қажет. Қышымаға қарсы арнаулы емдi терi ауруының дәрiгерi ғана жүргiзедi.

Пигментті дақтар -Адамның терісі қорғанышсыз болса теріге ультракүлгін сәулелері әсер етеді. Сәулелер терінің жоғарғы қабатына зақым келтіреді. Сәулелерін мүйізгек қабат тоқтата алмайды, сәулелер эпидермиске дейн барса қартаю процесін тездеті. Бұл теріде пигментті – қара, қоңыр дақтардың пайда болуына әкеледі. Оны болдырмау үшін ультракүлгін сәуледен қорғайтын көзілдірік, арнайы кремдерді қолданған жөн. Жаз айларында ыстық күннің астында ұзақ жүріп қалмауға тырысу қажет. Организмнің өзгеріске ұшыраған жасушалары тез бөлініп мелономия ауруына шалдығады.

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулары жиі кездеседі. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ, қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, тырнаққа өтуі мүмкін. Сонымен қатар табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл жұқпалы вирус ауруы.Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар аллергиялық  реакциялардың дамуына себепші болуы немесе аллергиялық ауруларды, мысалы, бронх демікпесін асқындыруы да мүмкін. Аяқты қысатын аяқкиім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғары ылғалдылық кезінде саңырауқұлақ теріге бөгетсіз енеді. Алдын алу үшін: аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту; жазда ашық аяқкиім кию; синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім кимеу; кроссовкамен ұзақ уақыт жүрмеу; басқа адамның киімін кимеу.

Герпес (ұшық) жұқпалы вирустық ауру. Стрестік жағдайда, дене қатты салқындағаннан, иммунитеттің әлсіреуінен болып, вирустардың көбеюінен пайда болады. Ерінде, ауыз маңында суланған бөртпелердің көптеп шығуы. Сулы бөртпелер жарылып, ашық жараға айналады. Тез арада дәрі-дәрмек немесе мазьдарды қолдану қажет. Алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау маңызды.

Қайызғақ- бас терісінің құрғап, тері жасушаларының өлген түрлерінің қабыршақ түрінде түсуі. Malassezia атты саңырауқұлақтарының баста тіршілік етуіне байланысты, пайда болатын, май бездерінің бөлген майымен қоректенетін, себореялық дерматитттің түрі. Кейде бұған псориаз, экзема аурулары да себепші болады.

Алдын алу үшін, цинкпиритион, кетоконазол, селен сульфиді, салицил қышқылы, деготь –қара май қосылған шампуньдерді қолдану қажет. Стресс және суықтың әсерінен, шашты дұрыс күтпегеннен де дамуы мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу