Лейкоциттер. Иммунитет түрлері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
ИММУНИТЕТ - ағза ішіне бөгде материалдардың енуін анықтау және бұл бөгде материалды мейлінше тез әрі тиімді ағзадан шығаруына жасушалар мен олар бөлетін заттарды жұмылдыру қасиеті. Иммундық жауап – ағзаға енген антигендерге қарсы антиденелердің түзілуі.
Антидене – бұл антиген деп аталатын, бөгде заттың болуына жауап ретінде жануар денесінде түзілетін молекула. Антиденелер көбіне нәруыз болып табылады, оларды иммуноглобулиндер дейді.
Антиген – бұл антиденелердің түзілуін тудыратын молекула. Барлық жасушалардың мембраналарында антигендер орналасады, олар ерекше маркерлер ретінде қызмет атқарады. Осы маркерлер арқылы жасушалар бір-бірін тани алады. Организм өзінің антигендерін бөгде антигендерінен ажырата алады, сондықтан бөгде антигендердің болуына ғана антиденелерді бөле бастайды.
Иммунитет – қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунология – ағзаның қорғаныштық реакциясын зерттейтін ғылым.
Э.Дженнер | ХҮІІІ ғасырдың аяғында шешек (оспа) ауруына қарсы егу қолданды. |
Л.Пастер | ХІХ ғасырдың екінші жартысында ең бірінші рет ғылыми негізде үй хайуандарының тістеуінен болатын адамдардың жындауына қарсы сары су ойлап тапты |
И.И.Мечников | Иммунитет теориясының негізін қалыптастырды. Иммундық фагоциттік теориясын ашты |
П.Эрлих | Иммунитеттің гуморальдық теориясын ашты |
Антиген – ағзаға енген бөгде заттар, микробтар және олардың бөлетін улы заттар
Антиденелер – ағзаның антигендерге қарсы түзетін арнайы нәруызды заттар. В-лимфоциттердің қатысуымен жасалады. Қарсыденелердің қарсыгендермен әрекеттесуінің нәтижесінде қарсыгендер залалсыздандырады. Қарсыденелерді кейде иммуноглобулиндер деп те атайды.
Сәби ана ағзасынан плацента арқылы немесе емізіру арқылы дайын антиденелер алады | Ағзаның аурумен ауырған кезінде антиденелерді өзі түзуі арқылы қалыптасады |
↑ ↑
Туа біткен | Жүре пайда болған |
Табиғи |
Иммунитет |
Жасанды |
Белсенді емес | Белсенді |
↓ ↓
Ағзаға дайын антиденелерді енгізу арқылы пайда болады. Емдік сарысуды алдын ала әдейі антигендермен жұқтырылған жануарлардан алынады. Кейін сарысу сол аурумен ауыратын адамға егіледі. Бұл сарысудағы антиденелер ағзаның өзінің антиденелері түзілгенше аурумен күресуге көмектеседі. | Ағзаға вакцина егу арқылы түзіледі. Вакцина – залалсыздандырылған, әлсіретілген немесе өлтірілген микроағзалардан дайындалады. Вакцинация нәтижесінде ауру жеңіл түрде өтіп ағзаның өзі антидене түзеді. |
Жасушалық және гуморалдық иммунитет
Антигендер– ағзаға түскен бөгде заттар, микробтар және олардың бөлетін улы заттар
Антиденелер – ағзаның антигендерге қарсы түзетін арнайы нәруызды зат.
Белгілері |
|
| |||||||
Мөлшері, % |
1-4
|
0,5-1,0
|
50-70
|
19-37
|
3-11
| ||||
Орналасуы
| Қан арнасы; дәнекер ұлпасына, ішек, тері, өкпеге шығады | Қан арнасы; дәнекер ұлпасына шығады | Қызыл сүйек кемігі; қан арнасы, дәнекер ұлпасы | В-жасуша – қызыл сүйек кемігі, лимфа түйіндері, көкбауырда, Т-жасуша – тимус, көкбауырда түзіледі. | Бауырда , қызыл сүйек кемігінде, көкбауырда түзіледі. Ұлпаларда макрофагтарға айналады. | ||||
Фагоцитоз | Қабілетті | Қабілетті | Қабілетті | Қабілетсіз
| Қабілетті | ||||
Қызметі
| Аллергияларға қарсы (антигистаминді) реакциялар. Ауру туғызатын микроорганизмдер мен паразиттерден қорғау қызметін атқарады. Жараның жазылуын қамтамасыз етеді. Аллергия кезінде саны көбейеді. | Гепарин мен гистамин түзеді. Гистамин – қабыну мен аллергиялық реакциялардың дамуына қатысады. Қабынған жерлерде гепарин қанның ұюына кедергі жасайды. Ұлпалық базофилдер – гепарин мен нейрогормон серотонин өндіреді. | Өзінің ыдырату ферменттері мен ауру тудыратын бактерияларды жояды. Жойылған зиянды өнімдерді бейтараптандырып, ірің түзеді. | В-лимфоциттер бөгде антигендерді бейтараптандырып, антидене түзеді. Т-лимфоциттер жасушалық иммунитет реакциясына қатысады, бөгде ұлпа мен ағзаларды және ісік жасушаларын танып, трансплантанттың енуіне жол бермейді . Гамма-глобулин түзеді | Антиген-антидене сіңіру жүйесі ,организмнің иммундық реакциясына қатысады. Аурудан кейін бұзылған өз ұлпаларын жойып, организмді ыдырау өнімдерінен тазартады.
| ||||
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында оқушылардың өз жеке бастарының қауіпсіздігін сақтай алуы. Партада отырғанда денесін тік, дұрыс ұстауы. Кабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау, құлайтын, ауыр заттардан сақтану, жеке заттарын қауіпсіз, кедергі келтірмейтін орынға орналастыруларына назар аударылады.Топтық жұмыс кезіндегі орын ауыстырулар кезінде абай болу ескертіледі.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Тақырып көлемі ауқымды болғандықтан топтық жұмыстардың максималды тиімді ұйымдастырылуына назар аудару қажет.
Лейкоциттердің түрлерінің құрылыс ерекшеліктері мен атқаратын қызметтеріне тоқталып, олардың әрқайсысының орналасатын орнына назар аудару жеткілікті. Ал иммунитетің түрлерінен жасанды табиғи деп жіктелуі бойынша ақпарат тек қосымша түрде ұсынылады. Бұл ақпаратты саралау ретінде жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға өз білімдерін тереңдету мақсатында ұсыну қажет. Негізгі меңгерілуі тиіс білім ол гуморалдық және жасушалық иммунитет түрлері болып табылады.
Осы екі жолдың жүзеге асырылуына тоқталу қажет. Жоғарғы сыныптарда антиген мен антидененің өзара әрекеттесу механизмдері қарастырылатындықтан бұл иммунитет түрлері жақсы меңгерткен жөн.
Қажет болған жағдайда таныстырылымның көмегімен шағын түсіндірмелер беру қажет.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Лейкоцит түрлерін атау, ажырату, әр қайсын ядросының пішіні бойынша тану, қызметтерін түсіндіру және иммунитеттің түрлерін ажырату, жүретін орындары мен ерекшеліктерін сипаттауларына кері байланыс беріледі.
Оқушылардың сабақтың басындағы талқылауларымен топтық жұмыс кезіндегі жауаптары, таныстырулары, түсіндірмелері, салыстыруларына кері байланыс беріледі. Сабақ бойына қалыптастырушы бағалау жасалады. Оқушылардың түсінулеріне көмектесетін сұрақтар қойылады, мысалы, жасушалық иммунитет неге жасушалық деп аталады, ал гуморалдық деген қандай мағынаны береді, қандай жасушалардың көмегімен бұл иммунитеттер жүзеге асырылады т.б.
- Саралау тапсырмалары
- Жоғарыда ұсынылған ақпараттарды оқып білімдерін толықтыру тапсырмасы
- https://twig-bilim.kz/kz/film/immune-defence-part-2 сілтемесі бойынша тереңдетілген тестіні орындау
- https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/ahzanyng-ishki-ortasy/lesson/immunitet сілтемесі бойынша тапсырмаларды орындау
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Кестенің толтырылған үлгісі жоғарыда, ал лейкоцит түрлерінің суреттері таныстырылымда берілді.
- Сілтемелер мен ресурстар
«Біз аурудан қалай қорғанамыз?»
https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/cells-and-dna-immune-defence/72
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру