Лейкоциттер. Иммунитет түрлері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А – Заттардың тасымалдануы | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Лейкоциттер. Иммунитет түрлері (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау 8.1.3.4 гуморалдық және жасушалық иммунитетті салыстыру | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Иммунитеттің ағзадағы маңызын, түрлерін ауызша жазбаша сипаттай алады. Лейкоциттердің түрлерін атап, олардың атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны қолдана отырып түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: иммунитет, гуморалдық иммунитет, жасушалық иммунитет, бөгде дене, фагоцитоз, фагоцит, нейтрофил, базофил, эозинофил, лимфоцит, моноцит, макрофаг, антидене, антиген Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Иммунитеттің ……………................деп аталатын екі түрі бар. Жасушалық иммунитетке…………….жасуша түрі қатысады. Гуморальдық иммунитетке қатысатын антидене қанның ...... болады..бар Лейкоциттер ... болады. Базофиллдер...қарсы жауапқа қатысады. Нейтрофиллдердің қызметі... Эозинофиллдер...ерекшеленеді | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылығы дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Гуморалдық иммунитеттің жүзеге асырылу жолы қарастырылған кезде улы заттардың бөлінуі, антигеннің табиғаты туралы түсінік арқылы химия пәнімен байланысады | |||||
Алдыңғы білім | 7-сыныптан заттардың тасымалдануына қатысатын мүшелер, 8-сыныптан ағзаның ішкі ортасының маңызын, қанның құрамын, ағзадағы маңызын біледі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушыларға тақтада лейкоциттердің түрлері көрсетіліп, бұл қандай жасушалар сұрағы қойылады. Олардың лейкоцит екенін қалай дәлелдейміз? қандай ерекшелік байқап отырсыздар? деген сұрақтар қойылады. Оқушылар олардың ерекшеліктерін анықтайды. Оларда ядроның болуы, олардың қозғала алатыны айтылады. Лейкоциттердің ядроларының пішіндері әртүрлі және кейбіреулерінде түйіршіктері бар, кейбірінде болмайды. Лейкоциттер әртүрлі болып келеді. Критерий:
Лейкоциттердің барлығына тән ортақ қызметі не сұрағы арқылы иммунитет түсінігіне ауысып, олардың барлығы ағзаның иммунитетін қалыптастырады деген қорытынды шығарылып сабақтың тақырыбы ашылады. Осы лейкоциттер туралы, иммунитет туралы нені білу қажет деп сұрай келе сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау қажет. Бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 - слайд 2- слайд | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Оқушыларға лейкоциттердің түрлі типтері туралы ақпараттар, суреттер, таныстырылым ұсынылады. Оқушылардан жұпта лейкоциттердің әр түрлі түрін зерттеп ақпараттық парақша жасау сұралады. 1жұп - нейтрофилдер 2 жұп - лимфоциттер 3 жұп - моноциттер 4 жұп - макрофагтар 5 жұп - эозинофилдер 6 жұп – базофилдер Критерий:
| 1 - қосымша 3-9 слайдтар | ||||
17-27 мин | Әрбір оқушы жұптары өздерінің жасаған парақшаларын жәрмеңкеге орналастырады. Сынып оқушылары осы жәрмеңкені аралай жүріп, лейкоцит түрлерімен танысады. Жәрмеңкені аралау барысында оқушылар лейкоциттердің түрлері мен олардың қызметін кестеге толтырады. Критерий:
Дескрипторлар:
| 2-қосымша 10 слайд | ||||
27-36 мин | Мұғалім: лейкоциттердің барлығы ағзадағы иммунитетке жауапты. Иммунитетті жасанды жолмен қалыптастыруға бола ма сұрағы арқылы вакциналауға тоқталады. Мұғалім иммунитеттің түрлерін таныстырылымда көрсетіп, осы екі иммунитет түрін салыстырып көрейік дейді. Оқушылар топтарына гуморалдық және жасушалық иммунитеттің жүзеге асырылу сызбалары, шағын ақпараттар ұсынылады. Олар мұғалімнің көмегімен иммунитеттің екі түрінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Иммунитет түрлерін Венн диаграммасы арқылы салыстырады. Критерий:
Дескрипторлар:
| 3- 4 қосымша 11-12 слайдтар
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Маған
| 13 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Лейкоциттердің суреттерін салыстырғанда және оларды топтастырғанда әр оқушы өз деңгейлері мен қабілеттеріне сай жұмытсайды Ақпараттық парақшалар жасаған кезде де оқушыларға таңдау беріліп өздері қалаған жолмен нәтижені көрсетеді Иммунитет түрлерін сызбада талдаған кезде оқушыларға қабілеттеріне сай жұмыс жасау мүмкіндігі беріледі Мұғалім кері байланыс кезінде, талқылаулар кезінде ойлаудың әр түрлі деңгейіне сай сұрақтар қоя отырып саралауды қамтамасыз ете алады Венн диаграммасын толтыру кезінде оқушылар өз қабілеттерін көрсете алады | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жауаптары, сұрақ қоя білуі Ақпараттық парақшалар әзірлеуі Кесте толтыруы Венн диаграммасын толтыруы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жұптық және топтық жұмыстар кезінде белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру