Лейкоциттер. Иммунитет түрлері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Лейкоциттер. Иммунитет түрлері (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау

8.1.3.4 гуморалдық және жасушалық иммунитетті салыстыру

 Сабақтың мақсаттары

  • Гуморалдық және жасушалық иммунитетті ажырату
  • Лейкоциттердің түрлерін ажырату
  • Лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Гуморалдық және жасушалық иммунитетті салыстырады
  • лейкоцит түрлерінің ерекшелігін анықтайды
  • лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Иммунитеттің ағзадағы маңызын, түрлерін ауызша жазбаша сипаттай алады. Лейкоциттердің түрлерін атап, олардың атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны қолдана отырып түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

иммунитет, гуморалдық иммунитет, жасушалық иммунитет, бөгде дене, фагоцитоз, фагоцит нейтрофил, базофилл, эозинофилл, лимфоцит, моноцит, макрофаг, антидене, антиген

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Иммунитеттің ……………................деп аталатын екі түрі бар.

Жасушалық иммунитетке…………….жасуша түрі қатысады.

Гуморалдық иммунитетке қатысатын антидене қанның ...... болады...бар

Лейкоциттер ... болады.

Базофилдер...қарсы жауапқа қатысады.

Нейтрофилдердің қызметі...

Эозинофилдер...ерекшеленеді

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

7-сыныптан заттардың тасымалдануына қатысатын мүшелер, 8-сыныптан ағзаның ішкі ортасының маңызын, қанның құрамын, ағзадағы маңызын біледі

Алдыңғы білім

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушыларға «Фагоцитоз» анимациясын көрсетіледі. Мұғалім бұл үдеріс қай кезде жүреді және оның себебі мен нәтижесі қандай болады деп талқылау жүргізеді. Бұл фагоцитоз үдерісі, оны ағзаға микроб түскен кезде лейкоцит жасушалары жүзеге асырады. Ағзада осындай қабілет болмағанда қандай жағдай орын алады, оған қандай жасуша қатысады деп талқылау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылармен бірге лейкоциттер мен иммунитет туралы нені білу маңызды деп талқылап, сабақтың мақсаттарын анықтау қажет.

Фагоцитоз анимациясы «Phagocytosis»:

https://vimeo.com/70326148

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Гуморалдық және жасушалық иммунитет түрлерін сызба немесе комикс, кластер түрінде салыстырып сипаттап түсіндіру тапсырмасы ұсынылады.

Критерий:

  • Гуморалдық және жасушалық иммунитетті ажырату

Дескрипторлар:

  • Гуморалдық иммунитеттің жүзеге асырылу орны мен жолы түсіндірілген
  • Жасушалық иммунитеттің жүзеге асырылу жолы мен орны сипатталған
  • Иммунитеттің екі түрінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары анықталған

2- қосымша

3-4 слайдтар

17-27 мин

Оқушыларға жұпта лейкоциттердің түрлерін үлгілеп, қызметтері мен ерекшеліктерін түсіндіру тапсырмасы ұсынылады.

  • Нейтрофилл
  • Лимфоцит
  • Моноцит
  • Макрофаг
  • Эозинофилл
  • Базофилл

Критерийлер:

  • Лейкоциттердің түрлерін ажырату
  • лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау

Дескрипторлар:

  • Лейкоцит түрлеріне тән белгілерді атайды
  • Лейкоциттердің үлгілерін жасайды
  • Әрбір лейкоцит түрінің қызметін түсіндіреді

1-қосымша

Түрлі-түсті қағаз, ермексаз, күріш немесе қарақұмық, түрлі түсті моншақтар, сияқты қол астындағы материалдар

5-11 слайдтар

27-36 мин

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады.

3- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Маған ,

  • оңай болғаны ...
  • қиын болғаны ...
  • түсінікті болғаны ...
  • Енді мен ... ... білемін.
  • Енді мен ... ... үйрендім.

12 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушыларға гуморалдық және жасушалық иммунитеттің дайын сызбаларында қатысушы жасушаларды атап жазып, әрекет ету механизмін түсіндіру тапсырмасы беріледі.

Сұрақтар қойылған кезде ойлаудың когнитивтік дағдылары бойынша саралау жүзеге асырылады.

Иммунитет түрлерін салыстырып, сипаттау тәсілдері арқылы саралау жүреді

Кейбір оқушыларға тақырып бойынша онлайн тапсырманы орындау ұсынылады.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/ahzanyng-ishki-ortasy/lesson/lejkoczitter-olardyng-qurylymy-men-funkcziyalary

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Үлгілеу тапсырмасы

Иммунитет түрлерін салыстыру жұмысы

Ауызша жауаптары

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Жұптық және топтық жұмыстар, үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу