Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі мицелий деп аталады. Мицелий гиф деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір жасуша түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың жасуша қабырғасы целлюлозалан тұрады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифтері жоғарғы арқылы өседі. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифы көп жағдайда матасып жалған ұлпа –жыныстық спора дамитын жемісті дене түзеді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.

Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесуі жиі байқалады. Ақ саңырауқұлақтардың, қайыңның, қарағайдың, шыршының және емен ағашының түбінде, рыжиктердің шыршалы және қарағайлы ормандарда, көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен ішіне өтеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады, ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.

Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді.

Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифының оқшауланған бөлігі арқылы бүршіктеніп көбейеді.

Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифтерінің бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.

Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиі бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқа гиф береді.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау

Бөлме тазалығы және бөлмені желдету.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақты оқушыларға таныс ашытқы саңырауқұлағының маңызынан бастау арқылы тақырыптың өзектілігі ашылады. Оқушылардан тағы қандай пайдалы саңырауқұлақтар немесе зиянды саңырауқұлақтарды білесіздер деп сұрауға болады.

Оқушыларға саңырауқұлақтар туралы әртүрлі ақпарат көздерін ұсыну арқылы ресурс түрлерімен саралауды жүзеге асырып, олардың өздігінен зерттеу жүргізуіне жағдай туғызылады. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдылары дамытылады.

 Ақпараттан соң оқушылар өздігінен жұмыс жасап, саңырауқұлақтардың ерекшеліктерін анықтап постер жасайды. Мұғалім аралап жүріп, оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кері байланыс ұсынады.

 Оқушыларға саңырауқұлақтардың құрылысын түсіндірген кезде оларға таныс ақпараттарға қатысты сұрақтар қойып, олардың түсіндірулерін сұрауға болады.

Оқушылар тақырып мазмұнын ауызша қорғап, айтылым дағдыларын дамыта отырып, оқушылар саңырауқұлақтардың ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір- біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында үздіксіз жүріледі. Сабақтың басында дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтап, қосымша сұрақтар қою арқылы кері байланыс беру маңызды.

Таныстырылымда түсіндіріп жатқан кезде де оқушыларға таныс ақпараттарға қатысты сұрақтар қоюға болады.

Венн диаграммасын толтырып жатқан кезде аралап жүріп, тиісті кері байланыстарды ұсынған жөн. Мысалы, неліктен оның жасушасы эукариот, немесе қоректену типі неліктен гетеротрофты деген сияқты сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тереңдетуге, тексеруге бағытталған кері байланыс ұсынылады.

  • Саралау тапсырмалары

Кейбір оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіледі. Кейбір оқушыларға саңырауқұлақ жасушасын зерттеу тапсырмасы ұсынылады. (3-қосымша)

Кейбір оқушыларға «Ақиқат» пен «Жалған» жаттығуы ұсынылады. Ұсынылған ақпаратты сұрыптап, «Ақиқат» және «Жалған» топтарына топтастырады. (4-қосымша)

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

2-қосымша: 1. Саңырауқұлақтар өсімдікке де жануарға да ұқсайтын, қор зат ретінде гликогенді қорға жинап, тіршілігі бір орында өтетін, гетеротрофты ағзалар тобы.

2. Жіпшумақ саңырауқұлақ денесін құрайды. Олар гифтерден тұрады.

3.Дайын органикалық затпен, гетеротрофты қоректенеді. Оларға астың ағзадан тыс қорытылуы тән.

4. 1- гиф, 2-спора, 3- жіпшумақ. 1-қалпақша, 2-спорангий, 3-белдеуше, 4-түбіртек.

5. Микориза. Бұл саңырауқұлақ пен өсімдік тамырының арасындағы симбиоз болып табылады.

6. Шыбынжұт, боз арамқұлақ, жалған түбіртек.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктер, жануар, бактериялармен салыстырады.

Саңырауқұлақтардың бактериялармен ұқсастықтары анықталған

Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен ұқсастықтары анықталған.

Саңырауқұлақтардың жануарлармен ұқсастықтары анықталған.

Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттайды.

Саңырауқұлақтардың ерекше белгілері дұрыс анықталған

Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ажырата біледі.

Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтардың тани алады

  • Сілтемелер мен ресурстар

Бейне фильм http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1669-biologiya_kk#lesson=12619



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу