Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі мицелий деп аталады. Мицелий гиф деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір жасуша түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың жасуша қабырғасы целлюлозалан тұрады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифтері жоғарғы арқылы өседі. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифы көп жағдайда матасып жалған ұлпа –жыныстық спора дамитын жемісті дене түзеді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.

Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесуі жиі байқалады. Ақ саңырауқұлақтардың, қайыңның, қарағайдың, шыршының және емен ағашының түбінде өсетіні белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен ішіне өтеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады, ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.

Қалпақшалы саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді.

Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифының оқшауланған бөлігі арқылы бүршіктеніп көбейеді.

Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифтердің бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.

Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гиф береді.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау

Бөлме тазалығы және бөлмені желдету.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақты пенициллиннің алынуының маңызынан бастағанда оқушылардың саңырауқұлақтардың маңызын еске түсірумен қатар, саңырауқұлақтардың түрлерін, пайда зиянын және оларға тән белгілерді де сұраған жөн.

 Оқушыларға саңырауқұлақтардың құрылысын түсіндірген кезде оларға таныс ақпараттарға қатысты сұрақтар қойып, олардың түсіндірулерін сұрауға болады. Ақпараттан соң оқушылар өздігінен жұмыс жасап, саңырауқұлақтардың ерекшеліктерін анықтайды. Мұғалім аралап жүріп, оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кері байланыс ұсынады.

Сабақтың соңында оқушыларға өнім арқылы саралау мақсатында өздері қалаған формада алған білімдерін көрсету тапсырмалары ұсынылады. Оқушылар алдымен тапсырма түрін таңдап алады. Таңдалған формада тапсырманы орындайтын бірнеше оқушы бірігіп бір топта жасауға да болады.

Тапсырма орындалғаннан соң оқушылар оны қорғап, таныстырады, ал қалғандары сұрақтар қояды.

Құндылықтарды дарыту: Оқушыларға сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдау қажет, өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту маңызды, өз өңірінде таралған ағзалар түрлерін ажыратып үйрену патриотизмнің белгісі деген сияқты құндылықтарға сілтемелер жасау қажет.

Пәнаралық байланысты орнату:

Тақырыпты өту барысында саңырауқұлақтардың улы түрлері неліктен адамға уландырғыш әсер етеді, олардың химиялық құрамында не болуы мүмкін деген сияқты сұрақтар қоюға болады. Ағзада улы зат концентрациясы артып кеткенде қандай заттың ташлығы байқалуы мүмкін?(су) Сұрақтарын қоя отырып талқылау қажет.

 

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында үздіксіз жүріледі. Сабақтың басында дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтап, қосымша сұрақтар қою арқылы кері байланыс беру маңызды.

Таныстырылымда түсіндіріп жатқан кезде де оқушыларға таныс ақпараттарға қатысты сұрақтар қоюға болады.

Венн диаграммасын толтырып жатқан кезде аралап жүріп, тиісті кері байланыстарды ұсынған жөн. Мысалы, неліктен оның жасушасы эукариот, немесе қоректену типі неліктен гетеротрофты деген сияқты сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тереңдетуге, тексеруге бағытталған кері байланыс ұсынылады.

  • Саралау тапсырмалары

Сабақ соңында тапсырма түрі (продукт) арқылы саралау жүзеге асырылады.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Беліглері

Өсімдік

Жануар

Бактерия

Саңырауқұлақ

Жасуша түрі

эукариот

эукариот

прокариот

эукариот

Жасуша қабырғасы

+

-

+

+

Жасушадағы қор заттары

крахмал

гликоген

-

гликоген

Көбеюі

Спора, тұқым

Жұмыртқа, тірілей туу

амитоз

Спора, мицелийлер арқылы

Қоректену

автотрофты

гетеротрофты

Автотрофты

гетеротрофты

гетеротрофты

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктер, жануар, бактериялармен салыстырады.

Саңырауқұлақтардың бактериялармен ұқсастықтары анықталған

Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен ұқсастықтары анықталған.

Саңырауқұлақтардың жануарлармен ұқсастықтары анықталған.

Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттайды.

Саңырауқұлақтардың ерекше белгілері дұрыс анықталған

Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ажырата біледі.

Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтардың тани алады

  • Сілтемелер мен ресурстар

Бейне фильм http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1669-biologiya_kk#lesson=12619



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу