Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал. 10 сабақ.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: «Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер».
Оқу мақсаттары:
8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану;
8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;
8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;
8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
біледі:
- Фалес теоремасын;
- пропорционал кесінділер туралы теореманы және оның қолданылуын;
қолдана аладаы:
- дәлеледеу кезінде үшбұрыштардың теңдігін;
- параллеограммның белгілерін;
- есептер шығаруда теоремаларды.
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ауызша сабақ.
Анықтама беріңіз:
- Фалес теоремасына;
- Фалестің кері теоремасын;
- пропорционал кесінділер туралы теоремаға;
- үшбұрыштың орта сызығына;
- үшбұрыштың орта сызығы туралы т теоремаға.
Сурет бойынша ағаштың биіктігін табыңыз.
Осы тапсырманы орындау кезіндегі ерекшеліктерге оқушылармен бірге тоқталу.
Аталған сұрақтардан кейін оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап, «дамудың жақын аймағын» анықтау.
Сабақтың ортасы
Жұптық жұмыс. (Қосымша 1)
Теоремалардық практикада қолданысы.
Оқушыларды деңгейлік топтарға бөлу. Тақырыпты бекіту және өтілген материалды бағалау үшін тапсырмалар беру. Пропорционал кесінділер туралы теоремаға есептер қарастырамыз .
«Қосымша 1» тапсырмаларын орындау.
Бірін бірі бағалау: бір бірін оқыту арқылы, бір біріне түсіндіруін бағалайды.
Топтық жұмыс. (Қосымша 2)
4 - 6 баладан құралған топтарға бөлу. Фалес теоремасының тағы бір қолданысын дәлелдеу: үшбұрыш биссектрисасының қасиеті.
Оқушылар үшбұрыш биссектрисасының қасиетін дәлелдейді, шешу жолын түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың жұмысын тыңдап, нәтижені бағалайды. «Қосымша 2» үшбұрыш биссектрисасының қасиетіне берілген есептерді шығару.
Мұғалім оқушылардың жұмыс жасағанын сырттай қадағалап, қиыналып отырған оқушыларға кеңес береді.
Оқушылар өздерінің болжамдары мен қорытындыларын айтады.
Ойлануға, ойлауға қолайлы орта тудыру арқылы, оқушыларға өздіктерімен тапсырмаларды орындауға шабыт береді.
Оқушыларға тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беру керек. Әр топ өздерінің жұстарын қорғайтын топ мүшесін сайлайды. Сол оқушы тапсырманың шығарылуын барлық сынып оқушыларына көрсетеді.
Топтың басшысы топ мүшелерінің қосқан үлестер мен еңбектеріне тоқталып, әрбір топ мүшесіне баға береді.
Жекелеме жұмыс. (Қосымша 3)
Материалды меңгеруі жайлы білімдерін тексеру – тест.
Рефлексия
Не білемін ... Мен бүгін ... білдім.
Не істей аламын... Үйрендім…
Мен енді … істей аламын. Мен … түсіндім.
Үй тапсырмасы. Торемалар мен олардың дәлелдеуін білу.
Топқа бөлген кезде оқушыларды әр деңгейлі топтарға бөлуді ұйымдастыру, яғни бір топта не жұпта бір бірінен ойлау деңгейлері әртүрлі оқушыларды отырғызған абзал.
Жауаптың кілті бойынша өзін өзі бағалайды. Теориялық білімдерін практикада қолдану барысында бірін бірі бағалайды. Практикалық және топтық жұмыстары орындау кезінде үшбұрыш теңдігінің белгілерін және оларды дәлелдеуге қалай қолданғандығы бағаланады.
Сабақта іс-қозғалыс қимылдары жоспарланғандықтан, қозғалыс уақытындағы қауіпсіздік шараларын ұстануды ескерту. Омыртқа жоталарына зақым келмеу үшін дұрыс отыруды қадағалау.
Ақпарат көздері:
- Геометрия 8 кл: http://online.anyflip.com/qmwb/vnuy/mobile/index.html#p=42
- Теория: http://flatik.ru/viii-klass-tema-trigonometricheskie-funkcii-ostrogo-i-tupogo-u
- Шыныбеков А. Н., Геометрия 9, 2005 г.
- https://www.drfrostmaths.com/resource.php?rid=79
- https://www.drfrostmaths.com/resources/getfile.php?fid=829
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру