Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Жеке жұмыс

№1

  • Дәптерлеріңізге дөңес алтыбұрыш салыңыз, төбелерін A, B, C, D, E, F әріптерімен белгілеңіз.

2. Оның барлық диагональдарын жүргізіңіз.

3. Ішкі бұрыштарын бір доғамен, сыртқы бұрыштарын екі доғамен белгілеңіз.

№2

Берілген фигуралардан көпбұрыштарды, дөңес көпбұрыштарды және дөңес емес көпбұрыштарды ажыратып жазыңыз.

Қосымша 2

Қосымша 3

1-топ

№1 Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын қалай табуға болады екен?

  • Үшбұрыш сызыңыз.
  • Оның ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус болады?
  • Төртбұрыш сызыңыз.
  • Оның ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус болады?
  • Бесбұрыш сызыңыз.
  • Оның ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус болады?
  • Алтыбұрыш сызыңыз.
  • Оның ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус болады?
  • Қандай заңдылық байқадыңыз?
  • Тұжырым жасаңыз.

№2 Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын қалай табуға болады екен?

2-топ

№1 Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын қалай табуға болады екен?

  • А1 А2 А3 А4 А5... Ап көпбұрышын сызыңыз.
  • А1 төбесінен диагональдар жүргізіңіз.
  • Неше үшбұрыш пайда болды?
  • Осы барлық үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысына тең бола ма?
  • Дөңес n- бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табу формуласын құрастып көріңіз.

№2 Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын қалай табуға болады екен?

3-топ

№1 Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын қалай табуға болады екен?

  • А1А2А3А4А5...Ап көпбұрышын сызыңыз .
  • Сол көпбұрыштың ішінен қандай да бір О нүктесін алыңыз.
  • Осы нүктені барлық төбелерімен жалғастырыңыз.
  • Сізде п үшбұрыш пайда болды.
  • Осы үшбұрыштардың О төбесіндегі бұрыштан басқа бұрыштары көпбүрыштың ішкібұрыштарының қосындысын құрайды ма?
  • Ал О төбесіндегі барлық бұрыштары қандай бұрыш жасайды?
  • Қорытынды жасаңыз.

№2 Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын қалай табуға болады екен?

Қосымша 4

І-топ мүшелерін бағалау критерийі

  • Үшбұрыш сызылған.
  • Оның ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус екені анықталған.
  • Төртбұрыш сызылған.
  • Оның ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус екені анықталған.
  • Бесбұрыш сызылған.
  • Оның ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус екені анықталған.
  • Алтыбұрыш сызылған.
  • Оның ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус екені анықталған.
  • Қандай бір заңдылықты байқап, тұжырым жасалған.

ІІ-топ мүшелерін бағалау критерийі

  • А1 А2 А3 А4 А5... Ап көпбұрышын сызыңыз.
  • А1 төбесінен диагональдары жүргізілген.
  • Үшбұрыштар санын анықтаған.
  • Осы барлық үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысына тең екенін анықтаған.
  • Дөңес n- бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табу формуласын құрастырған.

ІІІ-топ мүшелерін бағалау критерийі

  • А1А2А3А4А5...Ап көпбұрышын сызыңыз.
  • Көпбұрыштың ішінен қандай да бір О нүктесін алып, үшбұрыштар сызылған.
  • Үшбұрыштардың О төбесіндегі бұрыштарының толық бұрышты құрайтынын анықтаған.
  • Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табу формуласын құрастырған.
  • Тұжырым жасаған

Қосымша 5

№29 Геометрия 8-сынып. Ә.Н.Шыныбеков

Бұрыштардың қосындысы: 1) 10800 ;

3) 39600-қа тең көпбұрыштың неше қабырғасы бар?

Жауабы: 1) 8 қабырғасы бар.

3) 24 қабырғасы бар

№30 Геометрия 8-сынып. Ә.Н.Шыныбеков

Әрбір бұрышы: 1) 1440 ; 4) 1710-қа тең көпбұрыштың неше қабырғасы бар?

Жауабы: 1) 10 қабырғасы бар.

4) 40 қабырғасы бар

№33 Геометрия 8-сынып. Ә.Н.Шыныбеков

Дөңес п-бұрыштың бір төбесінен неше диагональ жүргізуге болады? 1) п=4; 2) n=5; 3) n=6; 4) n=10 деп алыңдар.

Жауабы: 1) 1, 2) 2, 3) 3, 4) 7 диагональ өтеді.

№41 Геометрия 8-сынып. Ә.Н.Шыныбеков

Дөңес п-бұрыштың сүйір бұрыштарының саны нешеу болуы мүмкін? Жауаптарын негіздеңдер.

Жауабы: 3.

Қосымша 6

№1 Көпбұрыштың белгісіз бұрышын (х0) табыңыз.

А) В)

С) D)

№2. Суретте көрсетілген белгісіз х бұрышты табыңыз. Мұндағы ортасындығы квадрат және онымен қабырғасы ортақ дұрыс бесбұрыштар.

№3. Суретте көрсетілген біртөбеден шығатын ромбтың белгісіз а бұрышын табыңыз

№4. Суреттен белгісіз х бұрышты табыңыз.

Қосымша 7

Сабақ ұнады ма?

+/-

Көпбұрыш элементтері анықтамаларын біліп,

көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығаруды толық меңгердіңіз бе?

+ / - / +-

Сабақтағы өз жұмысыңызды 1-5 аралығында бағалаңыз:

1, 2, 3, 4, 5



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу