Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулар

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар

Оқыту мақсаты:

8.3.1.1

көпбұрыштың, дөңес көпбұрыштың анықтамаларын, көпбұрыш элементтерін білу;

8.3.1.2

көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығару.

Сабақтың мақсаты: Берілген сабақ көпбұрыштар, оның элементтері ұғымдарын бекітуге, есептер шығаруда көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формулаларын қолдануға бағытталған.

Сабақтың түрі: Өтілген материалдарды жалпылау және жүйелеу.

Негізгі терминдердің анықтамасы:

Көпбұрыштар

- сыбайлас кесінділері бір түзуде жатпайтын;

- сыбайлас емес кесінділерінің бір ортақ нүктесі болмайтын

кесінділерден құралған фигура.

Көпбұрыштар дөңес деп аталады, егер оның қабырғасы арқылы өтетін кез келген түзуге қарағанда бір жартыжазықтықта жататын болса.

Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласы 1800(n-2).

 

 Сабақтың басында Braingym жаттығуын жүргізу ұсынылады. Оқушылардың білімін өзектендіру кезеңінде мұғалім жағымды орта қалыптастыру үшін дөңес көпбұрыштардың сызбасынан қатені табуды сұрайды.

 

Берілген тапсырма оқушыларға математиканың дамуы басқа ғылымдар сияқты әлемдік тарихпен байланысты екендігін түсінуіне ықпал етеді. Сәйкестікті орнатқаннан кейін оқушылар берілген көпбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейді.

Мұғалім оқушылардың есіне дұрыс көпбұрыштың анықтамасын және рим цифрларын салуы мүмкін.

Осыдан кейін мұғалімге «6W» стратегиясын қолдану ұсынылады. Оқушылар көмекші сөздердің көмегімен тапсырмаға сұрақ құрастыруы керек.

  • When? 2. Why? 3. Where? 4. What? 5. Which? 6. Who?

Бұл оқушылардың сабаққа ынтасын оятумен қатар өткен сабақтың теориялық білімін де еске түсіреді. Бұл әдіс оқушылардың жоғарғы деңгейдегі сұрақтар қоя білу қабілетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

HFD бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1470.

 Берілген тапсырманы талдап, орындағаннан кейін оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды және мұғаліммен біріге отырып оның мақсатын құрайды.

Теориялық материалдарды бекіту және есеп шығаруға машықтандыру үшін, сонымен қатар ағылшын тілінде терминологиямен танысу мақсатында топпен келесі тапсырмаларды орындау ұсынлады:

1-тапсырма. ABCD квадраты берілген. ABЕ теңқабырғалы үшбұрыш болса, х бұрышының

Төменде 1-тапсырма ағылшын тілінде берілген.

Task 1. ABCD is a square. ABE is an equilateral triangle x= _____

Жауабы: 1050.

2-тапсырма. ABCDE дұрыс бесбұрышы берілген. ABFG – квадрат болса, х бұрышының

Төменде 2-тапсырма ағылшын тілінде берілген.

Task 2. ABCDE is a regular pentagon. ABFG is a square x= _____

Берілген тапсырманы орындау қиындық туғызатын оқушылармен осы тапсырманы орындау алгоритмін талдаған дұрыс.

Мысалы:

1. Дұрыс бесбұрыштың ішкі бұрыштарының градустық шамасын анықтау керек: 1800 3:5=1080.

2. ЕАD теңбүйірлі үшбұрышынан ЕАD табу керек:

(1800 1080):2=360.

3. GF және AD түзулерінің қиылысу нүктесін О деп белгілейік. АОFВ төртбұрышының бұрыштарын анықтайық:ОАВ=1080 -360 =720, а АОF=3600 -720-900-900=1080.

4. үшбұрышын қарастырайық: DОF= (вертикаль), ал : 900, сонда: =.

Жауабы:180.

Осыдан кейін дайын сызбалармен берілген тапсырмаларды оқушылар жұппен парақ қағазда орындайды.

Task. Inthefollowing, findthevaluesofthe unknowns.

3-тапсырма. Төмендегі суретте берілген дұрыс көпбұрыштардың белгісіз шамаларын табыңыз.

Оқушылар тапсырмаларды жұппен талдап орындайды. (талдау барысында қажет болса, қабілеті жоғары оқушының немесе мұғалімнің түсіндіруі мүмкін). Қабілеті жоғары оқушының орындайтын тапсырма саны максималды мөлшерде болатындай етіп, тапсырма көп берілген.

 Бағалау кезеңінде саралау тәсілін қолдану тиімді болады.

Тапсырмалар оқушылардың қабілеттерін ескере отырып таратылады (3-тапсырма). Карточкадағы тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай сараланған. Оқушылар берілген тапсырмасын орындап болған соң, нөмірлері бойынша ары қарай орындай береді.

Мұғалім ұсынған кілті бойынша оқушылар жұмыстарын тексеру арқылы өзін-өзі бағалайды. «Скаффолдинг» немес «Қолдау» стратегиясы қолданылады. Қажет болған жағдайда мұғалім қолдау жасайды, жетектеуші сұрақтар қою, кей мәліметтерді еске түсіру, т.с.с.

 Мұғалім оқушылардың есепті шешу мен оны рәсімдеу сапасын қадағалайды, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сыныптағы жұмысты ары қарай жоспарлау және білімді түзету мақсатында жеке жұмыс жасау үшін қателіктер мен кемшіліктерді жіберген оқушыларды анықтайды.

Үй тапсырмасы есептерді шешу біліктері мен машықтарын бекітуге бағытталған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу