Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.28 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу; 10.4.1.29 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда функцияның кризистік нүктелерін, экстремумдарын анықтау дағдысын қалыптастыру. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат: оқушылар: туындының анықталмаған нүктесі, функцияның экстремум нүктелері, кризистік нүктелер аймағы сөз тіркестерін қолданады; Пәнге қатысты лексика мен терминология: стационар нүкте, кризистік нүкте. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: функцияның монотондығын анықтауда жүзеге асырады және оларды геометриялық терминдермен интерпретациялайды. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту жұппен жұмыс, ұжымдық жұмыс арқылы бірін-бірі түсіну сыйласу, көмегімен және оқушылардың идеяларын бағалау арқылы оны тұлға ретінде қолпаштау көмегімен жүзеге асады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | «GeoGebra» бағдарламасын қолдану. | ||||||
Бастапқы білім | Функцияның анықталу обылысы, туындысы, өспелі кемімелі аралықтары. Интервалдар әдісі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Тақырыпты, сабақ мақсатын, жетістік критерийлерін анықтау. 3. Үй жұмысын тексеру. | ||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 7 мин 8 мин 7 мин 5 мин | 4. Өткенді қайталау. (Мұғалімнің бағалауына бағытталған) Активити «Эстафета». Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтада кезекпе-кезек шығып өз есептерін шығарады.Оқушылардың туындыны табу біліктілігін мұғалім бағалайды. Физикалық мағынасына ауызша тоқталады. 5. Жаңа тақырыпты беру.
5. Алғашқы бекіту. Ұжымдық жұмыс. 1-мысал есепті оқушылар сыныппен талдап шығарады. Функцияның экстремум нүктелерін табу алгоритмін оқушылардың өздері тұжырымдайды. Тақтамен тексереді. 2-мысал есепті оқушылар сыныппен талдап шығарады. 6. Жұппен жұмыс.Бірін-бірі бағалауға бағытталған. Жұппен ақылдаса отырып шығарады. Уақыт аяқталғаннан кейін дәптерлерін көрші жұппен алмастырады. Басқа түсті қаламмен тақтадағы жауаптар бойынша дескрипторлардың көмегімен жолдастарын бағалайды.Қойған бағасын айтады. «Геогебрада» немесе презентация бойынша тапсырмаға графиктік иллюстрация жасайды(сыныппен) 7. Жеке жұмыс.Өзін-өзі бағытталған. Әр оқушы жеке-жеке сөйлемді толықтырып, парақты мұғалімге береді. Мұғалім 5 сауалдың дұрыстарын таңдап, бағалау парағына бағасын қояды. 8.Сабақты қорыту. Дескриптормен жұмыс. Қорытынды бағалау. | ||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасын беру. Рефлексия. Сабақтан алған әсірі бойынша сауалнаманы толтырады.. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады. Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді. | Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы. | Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру