Сыбайлас және вертикаль бұрыштар. Геометрия, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А Алғашқы геометриялық мәліметтер | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ф.А.Меделова | ||||||||||||||||||||
Сынып: 7В | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Сыбайлас және вертикаль бұрыштар | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.2.2 сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамаларын біледі, оларды анықтай және кескіндей алады; 7.3.2.3 вертикаль және сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін қолданады. | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамалары мен қасиеттерін біледі, оларды анықтай және кескіндей алады; | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар: - бөлімнің ұғымдары мен терминдерін пайдаланады; - аксиомаларды және теоремаларды тұжырымдайды; - фигуралардың өзара орналасуын суреттейді; - сызбаның салынуын түсіндіреді; - есептердің шешу жолын (шешімдерін) түсіндіреді. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - кері жору әдісімен дәлелдейік; - дәлелдеу керегі де осы еді; - F және G фигуралары бір-біріне тең болып табылады; - кесінділер/бұрыштар тең; - егер екі фигура бір-біріне беттессе, онда фигуралар тең болады; - түзу қандай болса да... ; - ... нүктесі ... түзуіне тиісті; - жазыңқы бұрыштың 1/180 бөлігі. Бөлім бойынша лексика мен терминология - аксиома, теорема; - жазықтық, ара қашықтық, жиын; - нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш, үшбұрыш; - бұрыштардың түрлері, сүйір бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш, тік бұрыш; - вертикаль бұрыштар, сыбайлас бұрыштар; - бұрыштардың градустық өлшемі; - градус, минут, секунд; - параллель түзулер, перпендикуляр түзулер, перпендикуляр, перпендикуляр табаны. | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, физика, құрылыс. | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану дағдысы. | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Кесінділер мен бұрыштарды салуда және өлшеуде сызғыш пен транспортирді қолдана алу. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут |
| 1-3 слайд | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 15 минут 3 минут 2 минут 10минут | Қайталау сұрақтары: Бұрыш ұғымына байланысты сұрақтар (білімді жандандыру):
Балалар, бәріміз дәптерімізге сүйір бұрыш салайық. Осы сүйір бұрыштың бір қабырғасын созайық. Сонда неше бұрыш пайда болды? Осы пайда болған бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды. Анықтама: Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады. О – бас нүкте, ОВ – ортақ қабырға. ОА, ОС қабырғалары – бір –біріне толықтауыш сәулелер. Балалар, бәріміз дәптерімізге тағы бір сүйір бұрыш салайық. Осы сүйір бұрыштың екі қабырғасын да созайық. Сонда неше бұрыш пайда болды? Осы кезде пайда болған қарама- қарсы бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды. Анықтама: Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындылары болып келетін екі бұрышты вертикаль бұрыштар деп атайды. Назар аударыңыз. Екі түзу қиылысқанда, екі жұп вертикаль бұрыш пайда болады. 1 және 3 бұрыштар, 2 және 4 бұрыштар – вертикаль бұрыштар. Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері:
<AOС+<СOВ=1800
<1=<3, <2=<4
Сызбаны қолданып анықтаңыз:
Жұптық жұмыс А деңгейі Бос орындарды толтырыңыз:
| 4 слайд 5-13 слайд 14-19 слайд 20 слайд 21-25 слайд 26-29 слайд | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия
Үйге тапсырма: № 77-79. | Ә.Н. Шыныбеков Геометрия, 7 Алматы, 2012. 30-31 слайд | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Топтық немесе жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану. | Сабақта «көз жаттығуын» жасатуға болады. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру